400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана өмірдің гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне орай ашық сабақ сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» 

Жатақхана меңгерушісі    

_________Джусипова Ю.К.  

«04» _03_ 2025 ж.



  













ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі»









 






Жауапты: Қалдыбаева А.Т













Шымкент 2025




Тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі»

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты: 04.03.2025 ж.

Тәрбиеші: Қалдыбаева А.Т


«Болашақ» тобы


Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспағандар:

Мақсаты: 

Оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Ананың қоғамдағы рөлін, еңбегін, маңыздылығын түсіндіру.Анаға деген құрмет сезімін ояту, әдептілікке тәрбиелеу. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Аналарына деген алғыс сезімдерін білдіруге мүмкіндік беру.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, өлең, презентация, маркерлер


Тәрбие сағатында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Құрмет

  • Ашықтық

  • Еңбекқорлық және шығармашылық

  • Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер

Құндылықтар


  • «Skillfolio» курсынан  алынған тәжірибені қолдану;

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Ресурстар

Интернет ресурстары, слайдтар, бейнежазбалар

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Тәрбие сағаты барысы

Басы

Тақырыпты ашу








Жаңа білім












Ортасы

Оқушылар, әуелі бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық! Осылайша, бір-бірімізге тілектестік білдіріп, жақсы көңіл-күй сыйлайық!

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әр адам көзін ашып дүниеге келгенде алғаш көретін жан – аяулы Аналарымызға арналады. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.

«Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте.

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.


«Мақал-мәтел» сайысы. Мақалдың жалғасын тап...

Әкеге қарап ұл өсер,

..................................

Ана тілін білмеген,
…………………….

Ананың көңілі балада,
…………………………..

Анаңа ауыр сөз айтпа!
…………………………….

Ата алдында — қызмет,

…………………………..

Баланың тілі — бал,

.......................................


Толық нұсқасы:

Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер

Ана тілін білмеген,
Ана сүтін татпаған

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Ата алдында — қызмет,

Ана алдында — құрмет.

Баланың тілі — бал,

Ананың сүті— бал


Оқушылар, қазір барлығымыз келесі видеоны тамашалап, ой бөлісейік.

«Ата-ана қадірі»

https://www.youtube.com/watch?v=-NxF5BJRLD4


Ойды аяқта...

Егер мен анамның қөңілін қалдырсам, онда...

Егер мен анамды сағынсам, онда…

Егер мен анамнан ұзақ жыраққа кетсем, онда…

Егер мен анама қазір қоңырау шалсам, онда…


Тәрбие сағатымызды келесі әнмен бірге қорытындылайық.

«Ана» әні

https://www.youtube.com/watch?v=Bdm5qvv8ng8



Қорытынды


Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды, түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтан еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам дүниедегі ең бақытты адам екенін ұмытпайық.

Кері байланыс

Іс-шарадан алған әсерлерімен бөліседі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
64
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі