Ана өмірдің шуағы.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана өмірдің шуағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана өмірдің шуағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана өмірдің шуағы.

Мақсаты: Балаларды өмірдің жылылығына баулу;тәрбиелеу.Ана деген қасиетті ұғымды жоғары деңгейде ұстай білу ,бағалау. Ана өмірдің шуағы екенін сезіндіру.Нәзік жандарды аялауға ,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Армысыздар, аналар ,қыздар ,ұстаздар.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың,

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың , ардақтысың ,данасың,

Қарайтыным қас қабағың бір сенің

Қайраттыңнан қайта көрме анашым –дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 Ана туралы жыр шашулар:

1-оқушы Абай Құттықтаймыз аналарды ,қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды,

Болсын әркез көтеріңкікөңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер.

2- оқушы Асанали Ерлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

3- оқушы Айым Мен үшін не керек бәрін іздеп табатын,

Айналайын анашым ,жұмысына барасың,

Қайтып мені көргенде шын сағынып қаласың.

4-оқушы Ақылжан Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

5- оқушы Алихан Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген- қуанышы өмірдің

Ана деген- әр бір үйдің жылуы

Ана деген –гүлі туған өмірдің.

6- оқушы Арлан Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегінде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам.

7- оқушы Жангир Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым,

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

8- оқушы Нұрай Аман бол деп балдырған,

Әділдікке баулыған,

Қуанышты күн енді,

Құттықтаймыз Сіздерді.

2 Ойын Қыздардың аналарымен

3 КВН ұлдардың орындауында

4 Ән Аяулысың ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары.

Ақ мамам- әні орындайтын: Дүйсенбек Амина

5 Мұқағали Мақатаев Арулар Орындайтындар: ұлдар тобы

6 Ойын Ұлдардың аналарымен.

7 Би .Орындайтындар : Қыздар би тобы.

8 Ана туралы жыр шашулар:

  1. оқушы Алдияр Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің

О, адамдар қадірлей біл ананы.

2- оқушы Шахнұр Жамандықтан сақтандырған

Жақсы ісімді мақтан қылған,

Ақ апамды әрқашанда ,

Жүрсем деймін шаттандырып.

3-оқушы Айша Өзіңсің сүйікті ана ,құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін,

Сендегі маған деген махабатты,

Нұр толы қос жанарың білдіреді.

4-оқушы Аружан Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып,

Қыз- келіншек,Нәзік жандар мейрамы,

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

5-оқушы Мирас Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен,

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орны бөлек дара екен.

6- оқушы Дильшат Ана десе сезім білем тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

7- оқушы Жанбота Сегізінші наурызда ,

Құттықтаймыз ананы,

Теңеп оны жұлдызға,

Сый тартамыз бағалы.

Аналарға сыйларын береді.

№ 9 Сынып ұлдары қыздарға сыйлықтарын береді.

Мұғалім: Шексіз сенең қамқорлығың маған деген,

Қымбат сенің әр сөзің балам деген,

Ақиқат пен шындықтың жолын сілтеп,

Бойыма адалдықтың нәрін берген,

Бұл өмірін арнаған соң анам маған,

Қорған болып өтермін мен-дағы оған,

Нұрлы жүзің жайнай берсін әрқашанда,

Тілеймін ұзақ ғұмыр, бақыт саған .

Қорытынды: Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі