Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"АНА ТІЛІ -ЖҮРЕК ҮНІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

63 негізгі орта мектеп






Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Ана тілі – жүрек үні»

(зияткерлік сайыс )
















Сынып : 7 « Б »


Пән мұғалімі:

Сарымсақ Зада









Ана тілі - жүрек үні ( зияткерлік сайыс сайыс)

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық,

ойлау қабілетін шыңдау,шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима-қағаздар,қоржын, плакатқа жазылған нақыл сөздер

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1) Алдын – ала тағайындалған топтарды шақыру.

2) Әділқазылар алқасын сайлау.

Сабақтың ұраны:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мелекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті әріптестер, оқушылар!Бүгінгі « Ана тілі- жүрек үні » зияткерлерге сайыс

сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз! .

Тіл- адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және

оның тілі жүздеген,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі туралы әлемді,

дүниені,өмірдің құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден

түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпаққа жеткізеді. Ана тілі – бұл атаңның тілі,

анаңның тілі, халқыңның тілі.

Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды - қызыл тіл»,

«Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.

Ана тілім - тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі.

Тілсіз қоғам-өлі, мынау дүние

Түсініксіз тылсым менен бір еді.

Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем !

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінемін,- деп, ақын жырлағандай, ана тілімізді әр уақытта

құрметтейік, өзге тілмен шұбарламайық.

Сайысқа 7 «Б» сынып оқушылары қатысып отыр. Сайысымызды бастамас бұрын

оқушылар өздерінің дайындап, әкелген тіл туралы өлең шумақтарын тыңдасақ!

Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру, сәлемдесу.

2-кезең «Зымыран сұрақтар» қазақ тілі пәнінен сұрақтар беріледі.

3-кезең «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі жұмбақтар шешу

4 –кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі әдебиет пәні бойынша сұрақтар беріледі.

5-кезең «Аталар сөзі - ақылдың кені» кезеңі суреттегі бейнелерге мақал - мәтелдер тауып

айтқызу.

6-кезең « Кім көп сөз біледі ?» кезеңі сөз беріледі. Осы сөзден бірнеше мағынасы бар

сөздерді ойлап табу.

Сайысқа 7 «Б» сынып оқушылары қатысады.

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық,-деп кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

1.кезең Таныстыру,сәлемдесу

1 - топ аты «Тұлпар» ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

таңбасы - аттың суреті.

2 -топтың аты «Домбыра » тобы, ұраны «Бабамның тілі, бабамның үні - домбыра»

2. «Зымыран сұрақтар» қазақ тілі пәнінен сұрақтар беріледі.

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң- бөгеттерді озып өт – деп сайысымыздың екінші кезеңіне

өтейік.Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам

жауап беру.Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.

I - топтың сұрақтары:

1.Қазақ тіліне тән дыбыстар неше? (9)

2.Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? ( Ахмет Байтұрсынұлы)

3.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

4. « Қас пен көздің арасында » сөзінің мағынасы (тез)

5.Көптік жалғауын атаңыз ? (лар,лер,дар,дер,тар,тер )

6.Қазақ тілінде неше септік бар, атаңыз? (7)

7.Еліктеу сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? (2)

8. Есімшенің жұрнақтарын атаңыз,мысал келтіріңіз?

9. «Фразеологизм» сөзінің баламасын табыңыз? ( тұрақты тіркестер)

10. «Ақ киізге көтерді» сөзі қандай мағына береді? ( хан сайлады )

II-топтың сұрақтары

1. Сөздің ең кіші бөлшегін атаңыз? (дыбыс)

2. Жалғаудың түрлерін ата? (көптік,септік,тәуелдік,жіктік)

3. «Лексика» саласы нені зерттейді? ( сөздің мағынасын )

4.Қазақ тілінде неше сөз табы бар,атап беріңіз ? (9)

5. «Досы жоқпен сырлас,досы көппен сыйлас» тақырыбы не туралы (дос)

6. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз және мысалдар келтіріңіз?

7. «Аузы алты қарыс» тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз? (Қаһарлы)

8. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)

9. Қосымша неше түрге бөлінеді? ( 2 )

10. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді ? (2 дыбыс және буын үндестігі )

3- кезең « Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақтар шешу

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл-деп кезекті сайысымыздың

шарттарымен таныстырайын.

Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың

шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.

1.Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе қабыстырып.

Жымдастырған жігінде,

Байқамайсың түгінде. ( желім-клей-paste)

2. Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз-учитель-teacher)

3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды.

Бірақ жұтылмайды. (тіл-язык-language)

4. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп- школа- school)

5. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз, слова-word)

6. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. ( сағат-часы-watch )

7. Таңмен көзін ашады,әлемге нұрын шашады. ( күн-солнце-sun )

8. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. ( тақта- доска-blackboard)

9. Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді. ( сынып- класс-classroom)

10. Тақия толған сөк,

Таң атқанда жоқ.     

                 (жұлдыздар, звезды, stars)

11. Айдалада ақ отау

Аузы, мұрны жоқ отау. 

          (жұмыртқа, яйцо, an egg)

  1. 12. Тұрады ылғи сөреде,
    Іші толы өнеге.                           
    (кітап, книга, а book)

  2. 4 - кезең « Ойлы болсаң, озып көр »

Бұл кезеңде оқушыларға әдебиет бойынша сұрақтар беріледі.Қоржынға

нөмірленген асықтар салынады.Осы асықтарда әдебиет бойынша сұрақтар

жасырылынған.

  1. Лиро-эпостық жырларға қандай шығармаларға жатады? Лиро –эпостық жырлардың

кейіпкерлері кімдер ?

( қарапайым адамдар, ғашықтық, тұрмыс-салт жырлары)

2. «Қыз Жібек» қандай жыр ? Жырдың негізгі кейіпкерін атаңдар ?

( Тарихи жыр, Төлеген, Бекежан, Жібек)

3. Жырау деген кім? (Өз ойынан жыр жазатын адам)

4. Жиембет жырау туралы не білдіңдер ? (жырау)

5. Қазтуған жыраудың қандай шығармаларын білесіңдер ? (Мадақ жыры,

Алаң да алаң, алаң жұрт, Белгілі биік көк сеңгір)

6. Зар заман ақындары кімдер ? (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы,

Мұрат Мөңкеұлы)

7. Айтыста Сүйінбай қандай қазақ батырларының,ұлы тұлғалардың

есімдерін атады ? (Сұраншы,Саурық,Қарасай,Сыпатай)

8. Жамбыл ақынның ұстазы кім ? (Сүйінбай Аронұлы)

9. Жамбыл атамыз қай жылы, неше жасында қайтыс болған ? (1945 жылы)

10. Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталды ? (1916 жылы шыққан

патша үкіметінің бұйрығына байланысты )

5-кезең. «Аталар сөзі - ақылдың кені» суреттегі бейнелерге мақал – мәтел

тауып айтқызу.

Төрт түліктің суреті, Батырдың бейнесі, Жыл мезгілдерінің суреті,

Кітаптың ,Қазақстанның бейнесі осы көрсетілген суреттерге қарап, мақал- мәтелдер

айту.

6- кезең «Кім көп сөз біледі ?» Бұл кезеңде әрбір топ басшысы шығып,

берілген уақыт аралығында (1 минут) берілген сөздегі әріптерінен

сөздерді құрастырады.

Берілетін сөз: « Тотықсыздандырылғандықтан»

Екі топ өтілген кезеңдер бойынша бірін-бірі бағалайды.

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне

келіп жетті. Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына беріп,сайысымыздың жеңімпаз . тобын анықтайық.

- Біздің тіліміз- ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету-

біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі- сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенемін.

Ана тілсіз тарихта жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге аса алмайды,

Желмаяның үстінде желіп тұрып,

Күңіренбеген тектен - тек Асан Қайғы - дей отырып бүгінгі

сайысымызды аяқтаймыз.Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет !









































































































1. Лиро-эпостық жырларға қандай шығармаларға жатады? Лиро –эпостық жырлардың

кейіпкерлері кімдер ?



2. «Қыз Жібек» қандай жыр ? Жырдың негізгі кейіпкерін атаңдар ?





3.Жырау деген кім ? Жыраулар поэзиясы неше түрге бөлінеді?







4. Жиембет жырау туралы не білдіңдер ?



5. Қазтуған жыраудың қандай шығармаларын білесіңдер ?



6. Зар заман ақындары кімдер ?



7. Айтыста Сүйінбай қандай қазақ батырларының, ұлы тұлғалардың есімдерін

атады ?

8. Жамбыл ақынның ұстазы кім ?





9. Жамбыл атамыз қай жылы, неше жасында қайтыс болды ?





10. Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталды ?















































































Ана тілі - жүрек үні ( зияткерлік сайыс сайыс)

Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру, сәлемдесу.

2-кезең «Зымыран сұрақтар» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сұрақтар беріледі.

3-кезең «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі жұмбақтар шешу

4 –кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі әдебиет пәні бойынша сұрақтар беріледі.

5-кезең «Аталар сөзі - ақылдың кені» кезеңі суреттегі бейнелерге мақал - мәтелдер тауып

айтқызу.

6-кезең « Кім көп сөз біледі ?» кезеңі сөз беріледі. Осы сөзден бірнеше мағынасы бар

сөздерді ойлап табу.

7-кезең « Тұлғаны таны » кезеңі интербелсенді тақтағы көрсетілген суреттерге қарап,

мәлімет беру.

Сайысқа 7 «Б» сынып оқушылары қатысады.

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық,-деп кезекті сайысқа қатысушы оқушы-

ларға берейік.

1.кезең Таныстыру,сәлемдесу

1 - топ аты «Тұлпар» ұраны « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар » таңбасы - аттың суреті.

2 -топтың аты «Домбыра » тобы, ұраны «Бабамның үні, бабамның үні - домбыра»

2. «Зымыран сұрақтар» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сұрақтар беріледі.

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң- бөгеттерді озып өт – деп сайысымыздың екінші кезеңіне

өтейік.Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам

жауап беру.Әр топқа 15 сұрақтан беріледі.

I - топтың сұрақтары:

1.Қазақ тіліне тән дыбыстар неше?

2.Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім?

3.Фонетика нені зерттейді?

4. « Қас пен көздің арасында » сөзінің мағынасы

5.Көптік жалғауын атаңыз ?

6.Қазақ тілінде неше септік бар, атаңыз?

7.Еліктеу сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

8. Есімшенің жұрнақтарын атаңыз,мысал келтіріңіз?

9. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз?

10. «Ақ киізге көтерді» сөзі қандай мағына береді?

11. Көп тіл білетін адам кім?

12. «Үш бәйтеректі» ата ?

13. Қазіргі өмір талабына қойылатын тілдер

14. Шортанбай Қанайұлының қандай шығарасын өттік ?

15. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын атаңыз ?

II-топтың сұрақтары

1. Сөздің ең кіші бөлшегін атаңыз?

2. Жалғаудың түрлерін ата?

3. «Лексика» саласы нені зерттейді?

4.Қазақ тілінде неше сөз табы бар,атап беріңіз ?

5. «Досы жоқпен сырлас,досы көппен сыйлас» тақырыбы не туралы

6. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз және мысалдар келтіріңіз?

7. «Аузы алты қарыс» тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз?

8. «Әліпби» сөзі қай тілден енген?

9. Қосымша неше түрге бөлінеді?

10. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді ?

11. «Бес арысты » атаңыз ?

12. Айтыс неше түрлерін атаңыз?

13. Сүйінбай ақын кіммен айтысты?

14. Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдары ?

15. Жамбыл Жабаевтың шығармаларын атаңыз ?

3- кезең « Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақтар шешу

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл-деп кезекті сайысымыздың

шарттарымен таныстырайын.

Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың

шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.

1.Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе қабыстырып.

Жымдастырған жігінде,

Байқамайсың түгінде.

2. Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл.

3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды.

Бірақ жұтылмайды.

4. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың

5. Тілден ұшып, құлаққа қонады.

6. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді.

7. Таңмен көзін ашады,әлемге нұрын шашады.

8. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп.

9. Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.

10. Тақия толған сөк,

Таң атқанда жоқ.     

                 (

11. Айдалада ақ отау

Аузы, мұрны жоқ отау. 

         

  1. 12. Тұрады ылғи сөреде,
    Іші толы өнеге.                           

  2. 4 - кезең « Ойлы болсаң, озып көр »

Бұл кезеңде оқушыларға әдебиет бойынша сұрақтар беріледі.Қоржынға

нөмірленген асықтар салынады.Осы асықтарда әдебиет бойынша сұрақтар

жасырылынған.

1.Лиро-эпостық жырлар қандай шығармаларға жатады? Олардың басқа

қандай атаулары бар ?

2. «Қыз Жібек» қандай жыр ? Жырдың негізгі кейіпкерін атаңдар ?

3. Жырау деген кім?

4. Жиембет жырау туралы не білдіңдер ?

5. Қазтуған жыраудың қандай шығармаларын білесіңдер?

6. Зар заман ақындары кімдер ?

7. Айтыста Сүйінбай қандай қазақ батырларының,ұлы тұлғаларды есімдерін атады ?

8. Жамбыл ақынның ұстазы кім ?

9. Жамбыл атамыз қай жылы қайтыс болған ?

10. Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталды ?

5-кезең. «Аталар сөзі - ақылдың кені» суреттегі бейнелерге мақал – мәтел

тауып айтқызу.

Төрт түліктің суреті, Батырдың бейнесі, Жыл мезгілдерінің суреті,

Кітаптың ,Қазақстанның бейнесі осы көрсетілген суреттерге қарап, мақал- мәтелдер

айту.

6- кезең «Кім көп сөз біледі ?» Бұл кезеңде әрбір топ басшысы шығып,

берілген уақыт аралығында (1 минут) берілген сөздегі әріптерінен

сөздерді құрастырады.

Берілетін сөз: « Қанағаттанарлық»

7 - кезең « Тұлғаны таны» бұл кезеңде оқушылар қазақ әдебиетінен өтілген

тақырыптар бойынша постер қорғайды.Жыраулар мен ақындардың суреті

берілген осы суреттердің біреуін таңдап, оқушылар постер қорғайды.

Жиембет жырау, Қазтуғап жырау, Сүйінбай Аронұлы.

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне

келіп жетті. Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына беріп,

сайысымыздың жеңімпазы тобын анықтайық.

- Біздің тіліміз- ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету-

біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі- сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары

көтереді деп сенемін.

Ана тілсіз тарихта жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге аса алмайды,

Желмаяның үстінде желіп тұрып,

Күңіренбеген тектен - тек Асан Қайғы - дей отырып бүгінгі

сайысымызды аяқтаймыз.Келіп, көріп тамашалағандарыңызға

көп-көп рахмет !







































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12