400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Ана тілі жайлы толғаныс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілі жайлы эссе, толғаныс , материал қажет пайдаланушыларға көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі жайлы толғаныс

Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең , тіл табыса аласың. Ал оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді? Нельсон Мандела

Ана тілі Адамзат баласы ана құрсағынан бастап , мына сүбелі өмірдің керегін сүзгіден өткізе бастайды. Баланы ақылды, данышпан, көрегенділігі, адамзат бойындағы асыл қасиеттердің барлығы дерлік ең алдымен ана сүтінен бала бойына дариды. Сондықтан да , ана тілі мен үшін бірінші кезекте бала мен ананың ортақ тілі деп түсінемін. Бәлкім, осы үшін де біздің қазекеңдер ана тілдің жағдайын түсінбей жүр ме деймін?!

Ана тілі белгілі бір этносты біріктіретін, ұлттық мүддені сақтайтын, ұлттық тұғырды төмендеттпейтін, тарихтың қазанында халық пен бірге қайнап келе жатқан жалпы бір ұлтқа ортақ тіл. Қазақтың Шерхан Мұртазасы: «Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт-тарихынан, түп тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды» деген еді. Ал біз сол Мұртаза айтққан мәңгүрттердің отанына айналып бара жатқан жоқпыз ба?! Біз Қазақстан атты төрт құбыласы тең, қан мен тердің, адал ниет пен ерліктің арқасында елдігі мен егемендігін алған елміз. Үш жүз жыл патша өкіметінің саясатының құрбаны болып келдік . Қазақтың туған ана тілі – қазақ тілі. Қазақтың 550 жыл біріктіріп келе жатқан -қазақ тілі. Қазақты төмендетпеген - қазақ тілі. Жұртқа жауыр болғанда мәселе шығар дегенмен қазақ тілінің жағдайы қазіргі таңда алты алашқа мәлім екені айдан анық. Өкініштісі сол , шенділері мен халқының ортақ тілі жоқ, бірі бұйрық берсе , екіншісі түсінбейтіндей халдеміз.Шүкір, жақында ғана парламентте жалғыздың үні шықты,өкініштісі елең еткен біреуі болмады. «Жирен тілде» сөйлейтін елден не үміт күтуге болады? Бір жиналыста Нұрлан Нығматуллиннің сенат спикеріне «қазақша сөйле» дегені , қоғамды үлкен резонанс тудырып еді. Бұдан біздікілердің тек бұйрыққа ғана бағынып жұмыс атқаратынын аңғару оңай емес. Егер біздіңкілер соны қаласа, онда «Әр қазақ қазақша сөйлесін» деген заң жобасын неге арнамасқа?!

Тәуелсіздікке дейін қазақ ішерін ғана, тұрмысын ғана ойлады. Сол үшінде болар патша үкіметінің тілін еріксіз меңгеруге тура келді. Шыны керек, алаштың әр түкпірінен ұлт зиялыларының бір-екі жаңғырығы шықпаса қазақ тілінің дәрежесін төмендетпеу үшін аса бір оқиғалар орын алған жоқ. Отыз жыл халық түсіністікпен қарады. Бірақ ендігі кезең өзгеше болмақ. Қазақ тіліне жаны ашымайтын адамдарды көргенде, Паустовскийдің бір сөзі есіме оралады «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік»-дейді де. Бәлки , Ахметбек Нұрсиланың әншілерді теңеп жүрген шегірткесінің түп тамыры осы ана тілін меңгермегендермен байланысты ма деп қаламын әншілермен емес. Өйткені шынымен халық шегірткелерге тойып бітті. Тілін түсінбейтіндер көп, аттап қалсаң шегірткедей шырылдап жатқандарды көресің. Өзім таза қазақтың ордасынан шыққан соң, солтүстіктің аймақтың тіршілігін көрген соң таңданғаным бар еді. Дүкенге кірсең де орыс, дүкеннен шығып такси ұстасаңда орысша сөйлейді. Бірде базар аралап жүріп орыс саудагерлеріне барып әдейі қазақша сөйледім. Құдайым-ау, қазақша жауап бердіғой маған!!! Сонда түсінгенім расында кінә өзімізден екен-ау. Орыс көрсек орысша сөйлеп жарысамыз, ағылшындық көрсек «хеллоу мен хауаюымызды» барынша жеткізуге тырысамыз.Егер қазақ жерінде әр адамға өз тілімізде сөйлесек, ұлттық тілді тұғырына шығарамыз деген ойдамын.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілінде солай қадірлеу керек. Ұрпағым әр елдің ошағын күзетіп жүрмесін десең , өз тіліңнің дәрежесін түсірме!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
265
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі