400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Ана тілі" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ана тілі" өлеңі оқырманға өз тілін құрметтеу, қастерлеу үшін және түрлі іс-шараларда мәнерлеп жатқа оқу үшін қажет болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Андақұлова Назгүл Бодыққызы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

229 орта мектептің мұғалімі

Ана тілі

Ана тілі-қасиеттім, қымбаттым,

Сенің бағаң бәрінен де қымбат тым.

Бұл дүниеде дәл өзіңмен тең келер,

Ешбір тіл жоқ,ана тілім, ардақтым.


Ана тілім-байлығым да, бағым да,

Ешқашан да бәз біреуге бағынба!

Өзге тілмен шұбарлатып сөзіңді,

Өз тіліңнен басқа тілге табынба!


Ана тілім-абыройым, беделім,

Сенсің менің-келешегім, кемерім.

Сенсің менің –мақтанышым мәңгілік,

Жырлап өтем тағдырыңды ән қылып.


Ана тілім-қуанышым, шаттығым,

Сенің мұңың бәрінен де тәтті мұң.

Қазағымның қасиетті от тілі-

Ғасырларға жалғассыншы шаттығың!


Ана тілім-дана тілім, бақ тілім,

Сенен басқа жерден бақты тапты кім?

Тамырыңды тереңге жай, өркенде,

Үзілмесін, солмасыншы бақ гүлің.


Ана тілім-асқар тауым, айбыным,

Сен бар кезде сезілмейді қайғы-мұң.

Өткел бермес асулардан әрқашан

Өте берсін кемелер мен қайығың.


Ана тілім-туған тілім,тірегім,

Ұзақ болсын ғұмырың деп тіледім.

Ана тілің-туған анаң ол сенің,

Өз анаңды құрметтей біл, ей, ұлым!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі