Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана тілі: қоғам және саясат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мәртебесі, құндылығы, ұлт болашағы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ана тілі: қоғам және саясат



Елдің көркі тіл десек,

Тілдің көркі сәби ме деп қаласың.



Бала тілі бола алмаса ана тіл,

Ана тілі бола алмайды ешқашан!

[1.1989ж]



Адам күллі тіршілік иесінен тілі арқылы ғана дараланады яғни адамның адамдық қасиеті тілінде. Басқаша айтқанда, адам – тілімен адам. Алайда тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі. Тіл – адамдар арасындағы аса маңызды қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл – қоғамдық қызметімен тіл.

Қоғамның өзінің әрбір даму кезеңдерінде ұдайы жаңа проблемалар мен міндеттерге тап болып отыруы, оны міндетті түрде шешуі, сол арқылы үздіксіз дамуы жалпы заңдылық дедік. Өмірде біржола шешілетін проблема болмайды, әсіресе ұлттық-тілдік қатынастар проблемасы сондай. Демек, тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайтындықтан, кез келген қоғамның ерте ме, кеш пе, өзіне қызмет ететін тілдің проблемасын шешуі, сол арқылы ілгерілеуі – адамзат қоғамына тән заңды құбылыс.

Адамзат тарихына зер салсақ, талай тілдің өмірден өшкенін, «өлі тілге» айналғанын байқар едік. Тілге де бап керек, бабы табылмаған тілдің қоғамдық қызметінің ауқымы тарыла келе, бірте-бірте қолданыстан шығып қалатыны белгілі. Мемлекет тарапынан қамқорлық болса, кез келген құрып бара жатқан тілдің өзінің жанданып, қоғамдық қызметінің ауқымын мейілінше кеңейте алатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Ана тілі ұлттың дамуына септігі тиетін негізгі фактор болып танылады. Ана тілінің қоғамдық қызмет атқаруы – ұлттың өмір сүруінің кепілі.

Неге «ана тілі» дейміз? Бұл ұғым «ана» және «тіл» деген сөздердің тіркесінен тұрады, бірақ тура мағынасында түсіну жеткіліксіз. Өйткені баланың тіл сындыруында әкеніңде өз орны бар. Түптеп келгенде, ана тілі – ата-бабаның тілі.

Қазақ халқы соңғы ғасырлар бойы бөгде тілге бой алдырды, әрине, еріксіз бой ұрды. Орыс тілінің қоғамдық өмірдің бар саласын кеңінен қамтығаны соншалықты, тіпті бірсыпыра қазақ өзінің тілінен түңіліп, ұлтсыздыққа ұрынды. Жалпы қазақ атаулы казах және қазақ болып екіге жарылды: Казахтан Мәңгүрт таралды, ал қазақтан мәмбет жаралды. Осындай сәтте, қала баласы мен дала баласы арасында ұлтішілік кикілжің басталады.

Ана тілінен аласталған бозбала ұлттық мәдениеттің құнарлы көзінен сусындай алмай, мақұрым өсіп, өркениетті елдер мәдениетін бұрынғы Одақтың озық тілі – орыс тілінде игерген Мәңгүрт атанып, өз халқы үшін өгей ұл болып шыға келді. Басқа бәле тілден келді. Мәдениет ошағынан шалғайда өскен Мәмбет қалаға келгенде түрткі көрді: орыс тілін білмегендіктен, жоғары мәдениетке ұсынса қолы жетпеді, ал оның шектеулі болған ана тілінің шама-шарқы күнкөріске де жарамай қалды. Орыс баласы алдында бой түзеп, бұла өсе алмай, беделсіз тілдің бел баласы болып қала берді.

Кейінгі толқынның болашағы мен бала шағы жайбырақат жүрген алдыңғы толқын ағаларды ақыры келіп ойландыра бастады. Жиырмасыншы ғасырдың дәл басында қазақ даласын дүр сілкіндіріп, халқымыздың азаттық жолындағы күресінің қаһарманы болған Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты жинағы қалғып кеткен қазақты оятқандай болды.

Жақаң 1909 жылы:

«Аз емеспіз алты миллион халықпыз,

Әлхамдулилла надандыққа ғарықпыз» - деп еді. [2,42]

Құдайға шүкір, бұл күндері қазекең надандық бұлтын түріп айдап шықты. Бірақ ғасырға жуық уақытта қазақтың саны мен ұлттық санасы өсіп жарытқан жоқ. Соның басты бір себебі – айдай әлем алдында қазақ тілінің өркені өсіп, көсегесі көгерген тілге айнала алмауы.

Қандай адам ана тілін білмейді деп есептеуге болады? Біріншіден, ана тілін түсінуін түсінгенімен, жауап қайыра алмайтындарды ана тілін білетіндер санатына қосуға болмайды. Өйткені ана тілі, ең алдыменен, сөйлеу, сөйлей алу қабілетінен туындайтын ұғым. Екіншіден, ана тілін білу-білмеуін адамның сауаттылығымен өлшеуге болмайды. Егер ана тілін білу-білмеуді сауаттылықпен өлшеуді негізгі шарт есебінде алсақ, дүние жүзіндегі тілдердің үштен бірінде жазу-сызу жоқ. Сонда соншама тіл ана тілі санатынан шықса, олар қандай тіл болып есептелмек? Мұны былай қойғанда, қазақтың ішінде шала сауатты не сауатсыз болса да, сауаттыға бергісіз шешендер мен суырып салма ақындар аз болмаған. Оларды ана тілін білмейді деуге қандай хақымыз бар? Міне, осындай жағдайларды ескере отырып, біз ана тілінің негізгі шарты етіп сөйлей алу қабілетін алға тартамыз.

Алайда адамдардың тілін білуінің шеті мен шегін айыру мүмкін емес. Халқымыз: «Өнер алды – қызыл тіл» - дейді. Абайға салсаң, «Тіл өнері дертпең тең». Ана тілін мамандық ретінде таңдағандардың білімі ұшан-теңіз болып келетіні тағы белгілі. Бұларға қарап, өз ойын қарапайым ғана сөздермен ауызша қатесіз жеткізіп, кез-келген хабар-ошарды қабылдай алатын сауатты, сауатсыз адамдарды ана тілін білмейтіндердің қатарына қосуға негіз де, қисын да жоқ.

Ерекше айта кететін жайт, бізде «ана тілін жоғалту» деген ұғымды дұрыс түсіну жағы жетіспейді. Біріншіден, өзі қазақ болғанымен, ірі қалалардағы кейбір қазақ өз ұлтының тілін бала кезінен-ақ білмей өсуі мүмкін. Екіншіден, кейбір қазақтың ана тілім деп өзге ұлт тілін көрсеткенмен, өз ұлтының тілін екінші тіл ретінде пайдалануы, демек, санақта солай көрсетуі мүмкін. Ал бұларды ана тілін жоғалтты деу бізге қисынсыздау көрінеді. Сондықтан ана тілдерін екінші тіл ретінде қолдана алмайтындарды ғана ана тілін жоғалтты деуге болатын сияқты.

Егер осы ойымызды әрі қарай өрбіте түссек, жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың қазақ болып қалуының бірден-бір куәсі – оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол – оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында атап айтсақ, тұрмыста, қоғамдық өмірмен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы. Күні бүгін тілің жетсе, бүкіл қазақтың, қай елдегі болмасын, қазақ шоғырының төрі сенікі, оның сан салалы сырының кілті де өзімде дей бер. Демек, қазақ шоғырына байланысты зерттеудің бар бастауы – тіл.

Тіл дамыту – әлемнің ісі, әлем үшін қай тіл дамысада бәрібір, ал ана тілін дамыту бір халықтың құзырына қарап қалған мәселе.

Қазақ тілі – ғасырлар бойы орыстандыру әрекетінің тауқыметін тартқан, кеңестік тіл саясаты зілінен азат болып, дамудың «Ұлы жібек жолына» түскен әлем тілдерінің көш керуеніне өзінің ана тілі мен мемлекеттік тілін қосып, айқын болашаққа нық қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бірден-бір тілі.

Қазақ тілі ешкімнің тақиясына тар келетін тіл емес, ол жер-жаһандағы тіл атаулы арасында сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің қатарынан орын алатын, Достастық елдері бойынша бесінші, өз республикасында бірінші орын алатын тіл!

Қазақ ттілінің қазақтың ана тілі әрә республиканың мемлекеттік тілі ретінде дамитынынына кәміл сенеміз. Бірақ іс оңға бассын десек, біріншіден, қазақтың ұлттық сана-сезімі үздіксіз өсуі тиіс. Екіншіден, қазақ тілі құрып бара жатыр деп, сары уайымға салыну немесе кеңес үкіметінің келтірген зиянын айта беру, күні кеше пайдалы болғанымен, бүгін тиімсіз. Оның есесіне білімділкпен жүргізілген нақты іс керек, іскерлік керек.

Қазақ тілі – мемлекеттік қамқорлыққа алынған тіл. Олай болса, іркіліс болмас үшін, үкімет мемлекеттік тілге әр түрлі жолмен қарсы шығып, оның төл қызметін атқаруна кеселдік кеселдік келтіретін әкім-қара, депутаттармен мәмлеге келуге тиіс емес. Асылы, қазақ тіліне қарсылардың біріңғай қазақ тілінде сөйлей алмайтын басшылар мен депутаттар екенін, олардың мұнысы жылы орнынан айырылып қалмаудың әреукеті екендігін ескере отырып, қазақ тілі мәртебесімен тағдырын белгілеуге атсалысу үшін бірден-бір шарт ретінде сол тілде сөйлесе алу міндетін алға тартқан жөн болар.

Тіл заңы бойынша орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас құралы болып жарияланғандықтан, республикада мемлекеттік тілге мән бермеушілік орыс тілді қазақ басшылары тарапынан жиі байқалып қалуда.

Қорыта келгенде айтарым: Конститутцияның тілі мен стилі қазақ тілінің саяси тілі мен стилінің жарқын үлгісі болуы тиіс. Ал оның тіл жөніндегі қағидаларын қамтитын жетінші баптың бірінші тармағы сол күйінде қабылданса, әрі қарай мынадай сөйлемдермен жалғастырылса: «Қазақ республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, оны жергілікті тұрғындар білуге міндетті. Мемлекеттік қазақ тілі мәртебесін талқыға салу, дербестігіне қарсы шығу – заңнан тыс. Мемлекет қазақ республикасының барлық халықтары тілдерінің дамуына кепілдік береді.»

Бойында қазақ қаны қайнаған, жүрегі ұлтым деп соққан әр азамат бұл күндері тәуелсіз тал бесігі – Қазақстанына бетбұрыс жасап отырғанда қазақ тілі маманының айтар әңгімесі болуы керек. Ал біздің анат тілі жөнінен әзірше аңдағанымыз бен аңдатарымыз, түйіп айтқанда, осы іспеттес. Сөз соңында айтарым: жұмыла кіріссек, ана тілімізге түскен ауыртпалық алынар, тек «оның көтерер әлеуметтік жүгі жеңілдемегей!»



1. Қ. Мырзалиев. Үш томдық шығармалар жинағы. 2-том. Алматы: «Жазушы», 1989.

2. М. Дулатұлы Оян, қазақ! Алматы: Алтын Орда. 1991. 42-бет.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
90
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11