Материалдар / "Ана тілім - айбыным" тақырыбында эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ана тілім - айбыным" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ана тілім - айбыным" тақырыбында эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2023
495
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АНА ТІЛІМ АЙБЫНЫМ


Тіл қай ұлтта, қай халықта болмасын ең асыл сөз. Осы тіл сөзіне «ана» сөзін қосу арқылы «ана тілі» деген бағалы ұғым шыққан. Яғни, ана тілі ол ананың сүтімен бойға даритын, қасиетті, қадірлі, асыл қазына. Әр ұлттың өз ана тілі болады, әр халық ана тілін қадірлеп, қастерлейді. Себебі «ана» деген әр адамның жүрегіне ең жақын, ең жылы сөз. Ана - өмірге жарық беруші адам, сол сияқты ана тілі де дәл солай әр адамзаттың өмірінде өлшеуі жоқ, теңдесіз байлық. Ана тілінің құдіреттілігі шексіз ғой, шіркін. Оның құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Ана тілі туралы жырламаған, толғамаған ақын-жазушылар жоқ шығар, сірә. Ана тілінің баға жетпес байлық екенін әр адамзаттың санасына сіңіру үшін ақындарымыз өлең-жырларында әрдайым тілді биікке қойған. Сен шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап анаңның үнімен ана тілінде жырлар тыңдадың, алғашқы бесік жырын естідің. Сол сәттен бастап ана тілі саған өте жылы, жүрекке жақыннан орын алды. Ана тілі ол – әкеңнің тілі, анаңның тілі, өз тілің.

Тіл – ұлттың жаны, ұлттың айнасы демекші, әр ұлттың ана тілі болады. Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі – шырайлы, көркем, әсем, шексіз бай, сонау Абай, Ыбырай аталарымыз жырлаған тіл. Қазақ тілі – қасиетті, қадірлі тіл. Әлем тілдерінің ішіндегі ең бай тілдердің бірі осы - менің тілім. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі өсіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп Ата заңымызбен бекітілді. Қазақ халқының ең құнды мұрасы осы - қазақ тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазынасына балаған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында» деп бекер айтпаған-ды. Осындай бағалы қазынамыз барда қазақ халқы ең бай халық деп ойлаймын.

Қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына» - деген қанатты сөзінде терең мағына жатыр. Себебі, тіл қай ұлттың, халықтың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, асыл мұрасы.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - демекші қай жерде, қай уақытта болмасын, өз тіліңді ең бірінші орынға қойып, құрметтеуің қажет. Қазақ тілі - терең тарихы бар тіл. Сол себепті, сан ғасырлық тарихы бар тілімізді сақтауымыз керек. Ана тілі - халықтың өткен, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал деп ойлаймын. Осы сенімді құралдың жойылып кетпеуі үшін әр адамзат баласы жан аямай күресуі керек. Жерін, елін сүйген әр азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі басты орында тұруы міндетті. Білімді, тәрбиені ана тілімізде алып, ана тілімізде келешек ұрпаққа дәріптеуіміз қажет.

Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деген. Демек, тіл ол – халықтың жүрегі десек те болады. Осы жүрегіміз соғуын тоқтатпау үшін әр қазақ баласы өз үлестерін қосуы керек. тарихымыздан, тілімізден, ұлттығымыздан айырылмауды біз басты орынға қоюымыз қажет деп санаймын. Айбыны асқақтаған ана тіліміз, қазақ тіліміздің мәртебесін бәрінен биік қойып, оны жанымызбен сүйіп, қастерлеу әр адам баласының парызы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!