Қазақстан Республикасы
халықтарының Тілдер
мерекесіне арналған
«Ана тілім –
құдіретім!» атты
мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың екпінді
дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына
сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі
үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.
Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу
дағдысын қалаптастыру.
Міндеті: Оқушылар
өлеңді талапқа сай мәнерлеп жатқа көркем түрде
оқулары
тиіс.
Көрнекіліктер: Тіл
туралы қанатты сөздер.музыка,шарлар.
Барысы:
Мерекелік іс-шара
«Қазақ осы»
әнімен ашылады.
I
жүргізуші:
Қазақ осы ағыл тегіл көл көсір
Қазақ осы өнер алды тіл дейтін
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін.
-деп ақын ағамыз Қадыр Мырзалиев айтқандай ұлы
қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп
жатыр. Қазақстанда тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін
білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну
керек.Осындай мақсатпен мектебімізде 5-11 сыныптар арасында осы
сайыс ұйымдастырылып отыр.
IІ жүргізуші: Баршаңызды
бүгінгі Қазақстан
Республикасының Тілдер
күні мерекесімен
шын жүректен
құттықтаймыз!
22
қыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20
қантарда елбасымыз Н. А. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық
байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйек «Қазақстан
халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.
І
жүргізуші: Тіл – халықтын жаны, сәні,
тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен
ата дәстүрі. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Осында тұратын барлық ұлттардың құқықтары
бір.
ІІ жүргізуші: Олай
болса сайыстың әділқазы мүшелерімен
таныстырып
өтсек,
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Керімбердиева Айгүл
2. Мектеп
психологы:
3. Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары:
І
жүргізуші:
Ендеше мәнерлеп оқу
сайысын бастайық. 5-8-сыныптар өлең-жырларды мәнерлеп оқу, 9-10-11-
сыныптар көркем сөз оқулары бойынша сайысқа түседі, Бірінші кезекте
5 -сынып оқушылары шақырылады.
ІІ
жүргізуші: Туған тілім қазынам,алтын
кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып
келдім.
Қош
келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті
бабамның тілі менің.
Келесі
кезекті 6-
сыныптың оқушыларына береміз.
І жүргізуші:
Дұшпандардың талайын қызыл
тілмен,
Қылыштай
сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай
ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім
менің бүлінбедің.
Тіл туралы
өлеңдерін оқу үшін 7- сынып
оқушыларына береміз.
ІІ
жүргізуші: Туған тілім - бабам тілі - өз
тілім
Туған тілім –анам тілі - өз
тілім.
Туған тілім -
далам тілі -
өз тілім
Туған тілім -
адам тілі -
өз тілім.
Ендігі кезекті 8 –сынып оқушыларына береміз.
І жүргізуші: Туған тілім қазынам,алтын кенім Жаңа алыпқа өзіңді алып
келдім Қош келдің туған өлке бесігіне Қасиетті бабамның тілі менің
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен Қылыштай сүйектерден тілімдедін
Өтсе де талай ғасыр,қилы ғасыр Қасиетті тілім менің
бүлінбеді. Ортаға 9-10-11-сынып
оқушыларын шақырамыз.
ІІ
жүргізуші: Сайыс барысын әділқазы мүшелері
қорытындылап болғанша, бір сәт қос ішектен төгілер күй
тыңдасақ.
Күй:
«Көңіл
толқыны»
Орындайтын:
І жүргізуші: Ендеше
бүгінгі сайыстың қорытынды сөзін
әділқазы
мүшелеріне
береміз.
Марапаттау рәсімі
ІІ жүргізуші: Тіл ұлттың жаны, халықтығыңның асыл белгісі намысы,
тыныс-тіршілігіңнің көзі, Ата заңымен қорғалатын еркіндігінің үні.
Оны сендерде құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан
халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты,
білімді де еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!
І
жүргізуші: Кешімізді Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен
аяқтаймыз