400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана тілім - қазақ тілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан – ата-анам

Қазақстан туған жер ( Моншақ )


Отан – менің жүрегім,

Отан менің тірегім,

Отан сенің саяңда

Бақытты өмір сүремін (Інжу)


Отан сөнбес күніміз,

Отан туған жеріміз,

Отан ортақ үйіміз,

Отан әнмен күйіміз. ( Нұрай)


Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашан,

Биікке іліп қояды. (Ғалия)


Отан от басынан басталады. (Дария)


Отан оттанда ыстық (Димаш)


Отан елдің анасы ( Әмина)

Отансыздың оты жанбайды ( Ақжібек)

Жұмбақ


Маған да саған да

Жақын туыс адамдар,

Бәріде өз жұртың. ( Отбасы)


Сергіту сәті

Отбасы туралы санамақ айтайық.


Бір үйде біз нешеуміз,

Кел санайық екеуміз,

Бас бармағым Әкем,

Балан үйрек – Анам,

Ортан терек – Ағам,

Шылдыр шүмек – Мен,

Кішкене бөбек- Сен,

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.





































Қайырымды бала

Балалар ақыны Болат Үсенбаев



Қарт байқамай сүрінді,

Қолдан ұшты таяғы.

Шынар жылдам жүгірді,

Қарияны аяды.


Құлатпастан қалды ұстап,

Қолтығынан демеді.

Жаудыруда алғыс қарт,

Тигеннен соң көмегі.


-Айналай, құлыным,

Бала екенсің сүйкімді.

Ұзақ болсын ғұмырың!

Деп Шынарға сүйсінді.













Тақырыбы: Отан от басынан басталады.

Мақсаты: Балалардың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

Қазақстан республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне,

туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық

сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық

қызығушылықтарын арттыры, ұсақ қол маторикасын

дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сыпайылыққа,тазалыққа,, жинақтылыққа,

тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Ел басының суреті, Әнұран, Елтаңба, Ту суреті,

Тақпақтар, Мақал-мәтелдер, Отбасының суреттері,

Бақыт ағашы, Слад-шоу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап,ойындар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотиватциялық қозғаушы








Ұйымдастыру кезеңі





































































































































Рефлексиялық қозғаушы.




Шаттық шеңбері:


Көк аспан да күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін,

Ұл қолында ту жүрсін!

Қыз қолында гул жүрсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Жарайсыңда балалар орындарыңа

отырағойыңдар?

Балалар сендер отан дегенді қалай

түсінесіңдер?

Балалар отан дегеніміз туып өскен жеріміз халқымыз.Балалар біздің ел басымыз кім? (слайд көрсетіледі суреті)

-Балалар біз қай елде тұрамыз?

Қазақсан республикасында тұрады екенбіз.

Балалар қазақсан республикасы егеменді тәуелсіз ел.

Биыл тәуелсіз еліміздің 22 жылдығын тойладық.

Балалар біз қандай ұлттың балаларымыз?

- Балалар әрбір елдің рәміздері болады?

Балалар мына тақтаға қарайықшы?

Міне балалар мынау біздің әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз,

(Слайдтан көрсетіледі.)

Жарайсыңдар балалар?

Қане балалар тағы бір рет рәміздерді қайталап айтайықшы?

Әнұран, Елтаңба, Ту,

Жарайсыңдар балалар. Балалар отанды жақсы көремізбе?

Балалар отан туралы тақпақтар білемізбе? Олай болса балалар кім тақпақайтып береді.


Ақмоншақ Отан деген - атамекен

Отан деген- туған жер,

Отан –ата – анам

Қазақстан туған жер.



Інжу Отан –менің жүрегім,

Отан- менің тірегім,

Отан- сенің саяңда,

Бақытты өмір сүремін.


Нурай Отан сөнбес күніміз,

Отан туған жеріміз,

Отан ортақ үйіміз,

Отан әнмен күйіміз.


Жарайсыңдар балалар, отанымыз туралы көптеген тақпақтар айттыңдар.

Енді осы отан туралы қандай мақал-мателдерді білесіңдер.

Қане кімдер айтып береді?

Мақал –мателдер

Дария Отан отбасынан басталады.

Димаш Отан оттанда ыстық.

Әмина Отан елдің анасы.

Ақжібек Отансыздың оты

жанбайды.

Жарайсыңдар балалар мақал- мателдердіде жақсы біледі екенсіңдер?

Балалар біз кішкентай кезімізден бастап, отанымызды сүюге үйренеміз.

Балалар отанға деген сүйіспеншілік

Отбасынан басталады.

Қазір балалар отбасымен танысамыз.

Таныспас бұрын балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмпақты мұхият тыңдап отырыңдар.

Жұмбақ

Маған да саған да,

Жақын туыс адамдар,

Бәріде өз жұртың,

Айтыңдар ол кім? (отбасы)


Дұрыс айтасыңдар балалар жұмбақтың шешуі отбасы екен. Қане балалар тақтаға назар аударайық? Кімдерді көріп отырсыңдар?

Мынау кім? (Ата бізге ақылын

айтады, бізді жақсы көреді)

Мынау кім? (Әже бізге ертегі

айтып береді, Ұйықтады)

Мынау кім?(Әке ол бізге

қамқоршы, жұмыс жасап ақша

табады)

Мынау кім?(Ана ол біздің тамағымызды пісіреді, кірлерімізді жуады)

Мынау кім? (Сендерді бала бақшаға әкеледі, ойыншықтар әкеледі)

Мынау кім? (Сендерге көмектеседі, сендерді ойнатады)

Мынау кім? (оларға сендер көмектесесіңдер ойнатасыңдар)

Жарайсыңдар балалар міне балалар отбасы мүшелерін атап шықтық.

Бір үйде бірге тұратын туыс адамдарды бір сөзбен отбасы деп атаймыз.

Балалар отбасы мүшелерін тағы бір рет қайталайықшы бәріміз,( Ата,Әже,Әке, Ана, Аға Апа Іні Қарындас) Бұл отбасының мүшелері бір-біріне жақын туыс адамдар. Біз оларды жақсы көремізбе?

жарайсыңдар балалар.

Қане балалар бойымызды бір сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті.

Саусақ жаттығуы.

Отбасы туралы санамақтар айтайық.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз,

Бас бармағым –Әкем,

Балан үйрек – Анам,

Ортан терек – Ағам,

Шылдыр шүмек – Мен,

Кішкене бөбек - Сен,

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.

Жарайсыңдар балалар.Балалар отбасының мүшелері әртүрлі болады екен? (қара жорға биі қосылады)

Балалар барлығымыз билеп тұрамыз,

Бір отбасында екуміз деп тәрбиеші айтқан уақытта балалар екі екіден бір –бірін құшақтайды. Тағы балалар ары қарай жалғастырамыз? Балалар билеп тұрады, бір отбасында төртеуміз деген кезде, тағыда балалар төрт-төрттен бірігеді осылай сергіту сәті жалғасады.

Жарайсыңдар балалар бір серігіп қалдық

Балалар мен сендермен « отбасы мүшелерін рет –ретімен орналастыр» деген ойын ойнағым келіп тұр.

Балалар мына жерде жаңағы танысқан отбасы мүшелері бар?

Балалар мынау менің қасымда тұрған

«Отбасы бақытты ағашы» осы Отбасы бақытты ағашына балалар рет- ретімен отбасы мүшелерін

орналастырамыз. Қане балалар кім келеді? Ақмоншақ келеғой бірінші кімді орналастырамыз?

Дұрыс айтасың бірінші Атаны орналастырамыз, қайда орналастырамыз

«Отбасы бақыт ағашына» дұрыс ал орналастырағой. Жарайсың?Осылай ойын арақарай жалғасады.


Балалар отан дегеніміз не екен ?

Ел басымыз кім?

Тағы кімдермен таныстық?

Отбасы мүшелерін атайықшы?
















Балалар шаттық шеңберін бірге қайталап айтады.

2рет





Біздің туып өскен жеріміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан республикасында тұрамыз!





Қазақ


Әнұран, Елтаңба,Ту





Қайталайды


Ия


Ия


Ия




Тақпақтарын айтады










Ия











Мақал-мателдерін айтады













Отбасы





отбасы



Ата


Әже


Әке



Ана


Аға


Апа


Іні

қарындас






Ата, Әже,Әке,Ана,

Апа, Аға, Іні Қарындас


Ия




Балалар сергіту сәтін қайталайды.









Балалар билеп тұрады.шартын айтқан кезде, орындайды.








Балалар қызығушылықпен жасап орындайды.














Атаны, Ажені, Әкені Ананы, Апаны, Ағаны, Ініні, Қарындасты,

Орналастырады.


Күтілетін нәтиже:



Біледі: Отбасы мүшелерін көрсете алады.

Түсінеді: Отбасы мүшелерін танып ойынды ойнай алуы.

Меңгереді: Қойылған сұрақтарға жауап бере білуі.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі