Ана тілім- айбыным

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана тілім- айбыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл туралы сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана тілім- айбыным»

Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақылсөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу;

Көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат,слайдтар, оқулық, нақыл сөздер

         1- жүргізуші: Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.
        2- жүргізуші:  Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
           1- жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.

(Шағын видеоролик)

2- жүргізуші:Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім,
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.- дей келе ортаға 5- сынып оқушыларын шақырамыз.
1- жүргізуші: Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


Өлен – жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем әң қалып.
Жалғастырып жаза берем мәңгілік. 

2- жүргізуші: Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.- келесі кезекте 7- сынып оқушыларын «Біргеміз» әнімен ортаға шақырамыз.


1- жүргізуші: Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.

2- жүргізуші: Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім.

Сенсің менің қасіретім, шаттығым

Сенсің менің тазалығым, пәктігім – дей келе орталарыңызда 6- сынып оқушыларының жыр шумақтарына кезек береміз.

1-жүргізуші: «Тіл- ұлттың жаны» деген бабаларымыздың сөзін санамызда ұстар болсақ, ана тілімізді арымыздай сақтап,қадіріне жете білмесек, ұлттың ұйытқысы , халықтың қазынасы ана тіліміздің абыройын көтере білмесек, шыбын жанын шүберекке түйіп, келер ұрпақтың қамы үшін қан кешкен ата- баба алдындағы перзенттік парызымызға сын.

2- жүргізуші: Дұрыс айтасың, ана тіліміздің абыройын асқақтату әрқайсымыздың міндетіміз, борышымыз. Тілімізді шұбарламай, саф алтындай сақтай алсақ, бізден кейінгі ұрпаққа таза күйінде жеткізе алсақ бабалардың аманатын ақтағанымыз. Ендеше бабалардан қалған асыл мұра, қазаққа ғана тән төл өнеріміз айтысқа кезек берейік. Алдарыңызда 9- сынып оқушысы Нұрмұхамбет Дарын және 7- сынып оқушысы Кәдірбек Қырмызы. Жас ақындарымызды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр, бүгін қорқақ бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде

Қан суынған жүрек солғын соғады.- дей отырып орталарыңызға 7- сынып оқушысы Серікбек Балжанды өз шығармашылығымен ортаға шақырамыз.

2- жүргізуші: Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда- ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түсен минутымнан

Сіңірген құлағыма таныс үнім.- орталарыңызда 8- сынып оқушылары.

  1. Жүргізуші: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

  1. Жүргізуші: Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте- деп Қадір атамыз туған тілдің қадірі мен қасиетін өскелең ұрпаққа жыр жолдарымен ұғындырып кеткен еді. Олай болса бүгінгі кешіміз осы отырған жас ұрпаққа ана тіліміздің ардақты асыл мұра, қымбатты қазына екенін тағы бір ұғындырса керек. Олай болса кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Садыкбаева Айгүл Есімханқызына беріледі.

          

           





«Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ұйымдастырылған «Ана тілім- айбыным» атты әдеби кештің өтілуі туралы мәлімет.



2023 жылдың 22 қыркүйек күні мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А. Садыкбаева мен Г.Акимбекованың ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілім- айбыным» тақырыбында әдеби- музыкалық кеш ұйымдастырылды. Әдеби кеш «Тіл туралы» шағын видеоролик көрсетуден басталды. Ары қарай 5- сынып оқушылары жаттап келген жыр шумақтарын оқыды. Келесі кезекте 7- сынып оқушылары хормен ән орындады. 6- сынып оқушылары Тіл туралы өлеңдерін оқыды. Кеш ары қарай 9- сынып оқушысы Нұрмұхамбет Дарын мен 7- сынып оқушысы Кәдірбек Қырмызы сияқты жас ақындардың айтысымен жалғасты. Сонымен қатар 7- сынып оқушысы Серікбек Балжан өз шығармашылығынан өлең оқыды. Аталған тақырыптағы әдеби кеш барысында оқушылар жақсы дайындықтарымен қатар ана тілін қаншалықты қадір тұтатындығын, туған тіліне деген шексіз құрметтерін орсындаған әрбір өлеңдері мен әндерімен көрсете білді. Кеш соңын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Садыкбаева қорытынды сөз сөйлеп аяқтады. «Ана тілім- айбыным» атты әдеби- музыкалық кеш өз деңгейінде өткізілді.





Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдер Г.Акимбекова

А.Садыкбаева















«Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Ана тілім- айбыным»

/Әдеби- музыкалық кеш/







Жауапты: Г.Акимбекова

А.Садыкбаева







2023-2024 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі