Материалдар / «Ана тілім – ардағым» (кітап сабағы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ана тілім – ардағым» (кітап сабағы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Ана тілім – ардағым Мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу. Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер Қорытынды сөз. Балалар, міне осы өлең – тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, елде, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
718
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

2 Аманқарағай орта мектебі» ММ












«Ана тілім – ардағым»

(кітап сабағы)




























Дайындаған: Бесенова А.А.










Тақырыбы: Ана тілім – ардағым

Мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу.
Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер


Кітапханашы: Құрметті мұғалімдер мен оқушылар, ата – аналар! Бүгін сіздер 5 сынып оқушыларының «Ана тілім – ардағым» атты кітап сабағына қош келдіңіздер.

«Тіл – біздің тұтастығымыз”, «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі зор.


1 – оқушы:
Туған тілім табындырған талайды,
Ел ертеңі саған ғана қарайды.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Ана тілім әрқашанда арайлы.

Тілім бар да қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған жан - жағы,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

Ана тілі көңіліңе гүл егер,
Ана тілді ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу бір өнер,
Ана тілде таза сөйлеу шын өнер.


2 – оқушы:

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің тазалығым, пәктігім

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.


І - кезең Мәнерлеп оқу

І- топ «»

Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін.
 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
 
Қымбаттырақ алтыннан нар қым менің.


Ал екінші бақытым – Тілім менің,

 Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
 
Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші – Отан деген, 

Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
 
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.


Үш бірдей бақытым бар алақанда, 
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
 
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
 
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

ІІ-топ «»

Дихан Әбілев « Туған тілім»

Кімнен тудым?

Нәсілім кім?

Ұлтым кім?

Әлде мен бір аспанның сұр бұлтымын?

Бұлт емеспін.

Мен қазақпын,

Халықпын,

Көне күннен келе жатқан тарихын!

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім.

Туған тілім – анам тілі – өз тілім.

Туған тілім – далам тілі – өз тілім.

Туған тілім – адам тілі – өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар!

Туған тілім – тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

ІІ-кезең «Өнерлі өрге жүзер»

І-топ ӘН

ІІ-топ Қазақтар Көрініс: «Тілдің құдіреті туралы аңыз»

Мирас Хан:

- Уәзірлерім, бұл дүниеде не өлмейді?
Тахир.Уәзір:

- Уа хан ием, асқар тау өлмейді, ай мен күн өлмейді, ағын су өлмейді, қара
жер өлмейді.
Хан:

- Жігітке жақсы болу үшін не керек?
Уәзір:

- Уа хан ием, жігітке бірінші білім керек, екінші ғылым керек, үшінші ұғым
керек, өткір тіл керек.
Хан:

- Уәзірлерім, жігіттің неше жұрты болады?
Уәзір:

- Хан ием, жігіттің 3 жұрты болады: ағайын жұрты, қайын жұрты, нағашы
жұрты.
Хан:

- Жарайсыңдар, сендердің жауаптарыңа ризамын. Енді маған тағамның ең
тәттісін әкеліңдер.
Уәзір:

- Құп болады,- деп ыдысқа салынған тілді әкеледі.
Хан: - Мен саған тағамның тәттісін әкел дедім ғой.
Уәзір: Тағамның тәттісі осы.
Хан: - Солай де, ендеше, тағамның ащысын әкел.
Уәзір қайтадан тілді алып келеді.
Хан: - Бұл не? Мен саған тағамның тәттісін әкел дегенде тіл әкелдің. Ащысын әкел
дегенде неге қайтадан тіл әкелдің? Бұл қай мазағың?
Уәзір: - Мәртебелім, тілден тәтті не бар? Жақсылықтың жаршысы – тіл. 
Жаманшылық та осы тіл арқылы болады.
Хан: Уәзірлерім, менің де сендерге айтар нақыл сөзім бар:
Малым бар деп мақтанба
Боран соқса қайтесің?
Басым бар деп мақтанба
Ажал соқса қайтесің?
Тілім бар деп мақтанба
Тіл байланса қайтесің?
Бағым бар деп мақтанба
Сорға айналса қайтесің?
Ақылдан артық хандық жоқ
Жомарттан артық хандық жоқ

. – деп тапқырлықтарына риза болған екен.
Кітапханашы:- Жарайсыңдар. Қане, балалар, бұл көріністен не ұқтыңдар?

ІІІ-кезең: Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

І-топ «»

1. Бас кеспек болса да, ….. (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған …( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,… ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз… (жарым ырыс)


ІІ-топ «»
6.Тіл — адам ойының … (айнасы)
7. Тіл қылыштан… (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, … оқпен тең (атылған)


ІV-кезең. Постер қорғайды

1-топ «Өлең» шығарады

2топ «Тіл» туралы Эссе


«Анамның тілі - аяулы үні»


Қорытынды сөз.
Балалар, міне осы өлең – тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, елде, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!