«Ана тілім – арым бұл!»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ана тілім – арым бұл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
екінші топ сағат дайын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Топ сағаттары

Тобы: Тігінші 11-941

Уақыты: 12.09.2024ж.

Топ жетекшісі: Абдикаримова Наргиза

Топ сағатының

тақырыбы:

«Ана тілім – арым бұл!»

Топ сағатының

- Студенттердің «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.

Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы   қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына  көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.

мақсаты:

Топ сағатының міндеті

- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Бағалау критерийлері:

Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алатын, еркін сөйлейтін тұлға қалыптастыру

Топ сағатының түрі:

-эссе

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, кітап көрмесі, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Топ жетекші:     Бүгін біздің осылай  мерекелі  кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт-бейбітшілік, ол бақыт-тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз-туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық,- деп өткізгелі отырған «Ана тілім – арым бұл!»  атты эссе жазу күні.

Шаттық шеңбері
Студенттер шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

    1989ж. Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты. Иә, қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Оны мойындап, мәртебесін көтеру-бізге міндет, ұрпаққа парыз!

 

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген. 


1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)
2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
3. Тіл қылыштан... (өткір)
4. Басқа пәле... (тілден)
5. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)
6. Жақсы байқап сөйлер, жаман.. (шайқап сөйлер)
7. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)



Алғашқы сөз (кезең)













Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі




















Соңы (бекіту)

ЭССЕ
Тілім менің
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс.


Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.

Кері байланыс.




Топ жетекші: Н.Абдикаримова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі