Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана тілім-дара тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілім- ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілім-дара тілім!



Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

«№137 негізгі орта мектебінің»

8 «А» сынып оқушысы

Еренсизова Ақбота



Ана тілім- ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Қазіргі таңда тіл мәселесі бойынша елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен оған деген құрметті арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алайда мені тіліміздің қазіргі жайы толғандырады. Әсіресе жастар, өкінішке орай ,ана тіліне менсінбей қарайды. Бүгінгі таңда біздің ортада неге ана тілін білмейтіндер көбейді? Көшеде жүрген екі қазақтың бірі орыс тілінде сөйледі, дүкенге барсақ та, қоғамдық орындарда жүрсек те көретініміз, еститініміз – сол. Жасы да, кәрісі де тілін бұрап орыс тілінде сөйлеп,өз ана тілінің қадірін түсінбей жатқаны. Өз ана тілінде ойын жеткізуге не себептен үйренуге тырыспайтыны мен үшін түсініксіз.Жалпы, қай тәрбиенің де бастауы отбасынан басталатыны рас, әр қазақ өз шаңырағында қолға алуы тиіс.Адам баласы тек қана білім арқылы дүниенің құпия сырын ашады. Ал білім алдымен тіл арқылы игеріледі. Тіл отбасында қалыптасады, бойға ұялайды.

Ең жақсы адам-ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіне бөгет болмайды. « Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!», -деп ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен сәби кезімізден қанымызға сіңіп келе жатқан ана тілімізді әрқашан құриметтеуіміз керек.

Тіліміз біздің бірінші байлығымыз, ырысымыз, қазынамыз. Ана тілін ұмытқан, білмейтін адам өз халқының өткенінен де , болашағынан да қол үзеді. Сондықтан да өз тілімізге жауапкершілікпен қарайық. Тіліміз –елді, қоғамды біріктіруші қуатты күш. Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі –мемлекеттік өркендеуі қажет , оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосу керек. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Ана тілі – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы , ертеңгі күннің кепілі. Тіл тағдыры- ел тағдыры екенін еш уақытты ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және

Мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
797
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12