400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана тілің - арың бұл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. Қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында, орасан зор байлығында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№26 жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қалманова Мөлдір



«Ана тілің – арың бұл!»

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. Қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында, орасан зор байлығында.

Тіл құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, таусылмас байлық. Тіл - ұлттың жаны. Біз тіл арқылы айналамыздағы адамдармен араласамыз, кез-келген пікірге ойымымызды жеткіземіз. Ана тіліміз әр кезде де адам баласының анасы секілді. Мен өзімнің ана тілімде еркін сөйлеймін. Ана тілін білмеген жан сауатты сөйлей алмайды, тіл байлығын жоғалтады. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Біз осыны ұмытпайық. Ең бастысы өзіміздің ана тіліміз қазақ тіліне өзге тілдерді араластырмай өз тілімізде сауатты сөйлей білейік. Өз тіліміз қазақ тілін бағалап, құрметтей білейік. Адам үшін өміріндегі ең бағалы құндылықтардың бірі – ана тілі. Ал дүниежүзіндегі барлық тілдерді меңгеріп алсаң, ол өз тіліңді құрметтеп, өзге тілдерге сыйластықпен қараудың белгісі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, халық даналығы да осыны меңзейді.

Ана тілін қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын санамызға сіңіру, өз Отанымыздың нағыз патриоты болу – бәрімізге ортақ, қасиетті парыз.

«Қазақ болып туғаннан соң бөбегім,

Қазақ болып өлген жақсы түбінде», - деген ақын сөзінен қуат ала отырып, бабаларымыздан жол тартқан асыл мұраны сақтап өркендете берейік. Сөзімді Қадыр Мырза Әлидің мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ана тілің – арың бұл!

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
16712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі