400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Ана тілің арың бұл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Викторина
Материалдың қысқаша нұсқасы

















ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН

ТАҚЫРЫБЫ: Ана тілің – арың бұл























Өткізген:

















Тақырыбы: Ана тілің – арың бұл

Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: топқа бөлу, топ атаулары, презентация, мәтіндер

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Қатысушылар жеребе тарту арқылы топтарға бөлінеді.

Топ атаулары: 1-топ: Тапқырлар 2-топ: Ойшылдар 3-топ: Білгірлер

Бүгінгі викторинамыздың шешімін шығарар Қазылар алқасымен таныстырайық.

1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Касенова З.Ж.

2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туленбекова Ш.Қ.

3.Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Төлеген Ақерке.



1-кезең: Қазақ тілі пәні бойынша әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан жинайды.

1. Түбір сөзді тап. а) аға ә) балалар б) өнерпаз

2. Туынды сөзді белгіле. а) көлге ә) өнім б) Абзал

3. Жуан буынды сөзді белгіле.
а) достар ә) зергер б) пілдер

4. Жіңішке буынды сөзді тап.
а) күзгі ә) батылдық б) қайратты

5. Қосымшалы сөзді тап. а) жаңбыр ә) балалар б) ескек

6. Зат есімді тап. а) тарақ ә) семіз б) қызыл

7. Түбір күйіндегі зат есім. а) арқан ә) балалар б) үлкендер

8. Туынды зат есім қайсы? а) кілем ә) аяқ б) жұмыскер

9. Тәуелді жалғаудағы сөзді тап. а) сексен ә) досым б) Ақан

10. Көпше түрдегі тәуелдеулі сөз қайсы?
а) досыңыз ә) достарымыз б) бағбан

11. Етістік сөз қайсы? а) елу екі ә) отырды б) әдемі

12. Етістіктің сұрақтары қайсы?
а) Кімдер? Нелер? ә) Қандай? Қай? б) Не істеді? Қайтті?

13. Дара етістікті тап. а) ағып жатыр ә) ағады б) бара бер

14. Туынды сөзді көрсет. А) татулық Ә) дойбы Б) қызмет

15. Тақырып дегеніміз не?
а) Сөйлемдегі сөздердің байланысын.
ә) Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
б) Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын атайды.

16. Болымды етістікті тап. а) келме ә) кел б) бар

17. Реттік сан есімді тап.
а) Алтау, жетеу ә) Алтыншы, жетінші б) алты, жеті

18. Сын есімді тап. а) үлкен ә) елу екі б) Асқар

19. Туынды сын есім дегеніміз не?
а) бұл түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім
ә) бұл түбір сөзден болған сын есім
б) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады

20. Сан есімді тап. а) қырау ә) сегіз б) еріншек

21. Сан есімнің сұрақтары қайсы?
а) Не істеді? Қайтті? ә) Қандай? Қай? б) Кім? Не?

22. Есептік сан есімнің сұрақтары?
а) нешінші ә) Қанша? Неше? б) Қаншау? Нешеу?

23. Реттік сан есімді тап. а) үшеу ә) екі б) үшінші

24. Дауыссыз дыбыстар қатары: а) ы, і, ұ, ү
ә) в, ч, щ, х, һ, б, г, д, ж, з, л, м, н, б. б) а, о, ә, е.

25. Сөйлем неден құралады?
А) әріптен Ә) дыбыстан Б) сөзден

Қазылар алқасы ұпай нәтижесімен таныстырады.

2-кезең: «Суретті мақалдар» жарысы. Әр топқа 5 суретті мақал жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 1ұпайдан жинақтайды.

Объект 5 Объект 5

Қазылар алқасы ұпай нәтижесімен таныстырады.

3-кезең: «Джиксо» әдісі бойынша мәтін 3 бөлікке бөлінген. Топтар мәтіннің басын, негізгі бөлімін, қорытындысын анықтап, ретімен орналастыру керек. Әр дұрыс құрастырылған мәтін бөлігіне 1 ұпайдан жинақтайды.

Қазылар алқасы ұпай нәтижесімен таныстырады.

Марапаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2025
146
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі