Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ана тілің арың бүл !

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмегі бар. Балабақшадағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілің - арың бұл

Тақырыбы: Ана тілің – арың бұл,


Мақсаты: Балаларға тіл туралы түсінік беру, өз тілін құрметтей білуге тәрбиелеу. Мақал-мәтел, шешендік сөздер, жаңылтпаштар мен сөйлеу мәнерін дамытуға, сөздік қорын байытуға баулып, ана-тіліне деген сүйіспеншілігін ояту. Өз тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

 Көрнекілік –құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері және елбасының суретті.нақыл сөздер, шарлар.

Әдіс – тәсілдер: көрнекілік, сөздер, сұрақ-жауап.

Тәрбиеші: 

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
(Қ. Мырзалиев) –деп жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты тақырыптық сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тіл күнін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес
«22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән –жыр тақпақтарымызды арнайық.

Айлин:

Менің тілім біреу –ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі –ақ
Қазақ деген өз атын
Дариядай пейілі
Тілі, діні, жыры да

Ибрахим:

Ана тілім –ана күтім, арым менің
Сәулетім –сая бағым, сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып
Нұрланып атар ылғи таңым менің

Еркежан:

Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған

Сұлтан:

Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым


Арслан:

Ана тілім менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім демім
Ана тілім жаным

Абдумәлік:

Желеп –жебеп піріміз
Таза болсын деніміз
Жауқазындай жалынып
Өркендесін тіліміз

Тәрбиеші:

  1. Балалар біз қай елде тұрамыз?

  2. Қандай мемлекетпіз?

  3. Елбасымыз кім?

  4. Мемлекеттік тіліміз?


Тәрбиеші: «Тіл не үшін керек»? –деген сұраққа Балжан мен Диас былай деп жауап береді.

Диас: Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?

Балжан:Досым –ау, тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.

Диас: Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»

Балжан: Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.

Тәрбиеші: енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының ұнаранын орындайық.

Тәрбиеші:: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі, оның бақыты, тірегі.

Тәрбиеші: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?

Балжан:

Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді

Диас:


Піл көтермейді
Тіл көтереді

Айлин: Ақыл көркі –тіл
Тілдің көркі –сөз

Данияр:

Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Диас:

Өнер алды –қызыл тіл

Еркежан:

Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ


Тәрбиеші: Жылжыған жылдар көшімен
Тербетіп мені, туған жер
Өсірген алтын бесік ең
Өлеңмен боп, жыр боп есілем

Тәрбиеші: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, елде, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.

































Бекітемін»

«Баларман»балабақшасының меңгерушісі:

___________З.А.Абибуллаева

« » « » 2020 жыл










Кеңейтілген оқу қызметі

Тақырыбы: «Ана тілің - арың бұл»

Тәрбиешісі: Утебаева Л






















2020 – 2021 оқу жылы



«Бекітемін»

«Баларман»балабақшасының меңгерушісі:

___________З.А.Абибуллаева

« » « » 2020 жыл










Кеңейтілген оқу қызметі

Тақырыбы: «Ана тілің - арың бұл»

Тәрбиешісі: Утебаева Л























2020 -2021 оку жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
364
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11