Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

АНА ТІЛІНІҢ БІЛГІРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

63 негізгі орта мектеп






Сайыс сабақ




Тақырыбы: « Ана тілінің білгірі »






















Сынып : 5 сыныптар

Пән мұғалімі: ;

Сарымсақ Зада




« Ана тілінің білгірі» сайысы


Мақсаты: оқушыларға ана тілінің білудің маңызын түсіндіру; тіл

жайлы білімдерін айқындау және толықтыру; ойлау, жүйелеу қабі

леттерін шыңдау; оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қатысушылар: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сынып оқушылары

Қажетті жабдықталуы: интербелсенді тақта,шарлар,слайдтар.

Пәнаралық байланыс; математика, халықтық педагогика

Сайыс барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті,оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі күні сіздер 5 сынып

тар арасында өткелі отырған «Ана тілінің білгірі» атты

сайысына келіп отырсыздар! Қадамдарыңыз құтты болсын!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,бақ, ардың.

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, баба тілі,сен қалдың!-

деп М.Жұмабаев жырлағандай, тіліміз өз мәртебесін жоғалтпай

күннен-күнге өркендей берсін!

Ана тіліміз қадамын нық басып, ғұмыры ұзақ болу үшін

атсалысайық, халайық!

Осы сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен

таныс болайық.

Сайыс алты кезеңнен тұрады.

1 кезең-«Бәйге» сұрақ-жауап сайысы

2 кезең- «Қазақ тіліне тән дыбыстар» мақал-әтелдерді толықтыру.

3 кезең- « Кейіпкер елінде» бұл кезеңде әдебиет пәні бойынша сұрақ

тар беріледі.

4 кезең - «Көп сөз - бір мағына» бұл кезеңде тұрақты тіркестердің

мағынасын шешу керек.

5 кезең - « Ұшқыр ой» кезеңі бұл кезеңде оқушылар логикалық сұрақ-

тарға жауап береді.

1 кезең- «Бәйге»

«Сұрақты таңда» деңгейлік тапсырмалар. Топтар кестеде көрсетілген

ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап беруі керек.Топ үшінші

тапсырманың сұрағына жауап берсе, үш ұпай, бірінші тапсырманың

сұрағына жауап берсе, бір ұпай беріледі.

1/3. Басқа тілден енген сөздер қалай аталады ? (кірме сөздер)

2/1. Дисфемизм сөздер дегеніміз не? (дөрекі айтылатын сөздер)

3/2 Тек салдардан тұратын дауыссыздар (қатаң дауыссыздар)

4/1 Лексика саласы нені қарастырады? ( сөздің құрамын,мағынасын)

5/1 «Құдағай» қандай сөз? ( диалект)

6/3 Тарихи және архаизм сөздер деп қандай сөздерді айтады? (көнерген)

7/2 Синоним сөздерге мысал келтіріңдер. (батыр,күшті,қаһарман)

8/2 Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?(жуан,жіңішке)

9/3 Буынның неше трі бар? (үш түрі бар.)

10/1 Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? ( тоғыз дыбыс бар)

11/3 Фонетика саласы нені зерттейді? ( тіл дыбыстарын зерттейді )

12/2 «Ою» деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? (екі әріп, үш дыбыс )

2-кезең - «Қазақ тіліне тән дыбыстар» тақырыбына мақал - мәтелдер табу.

«Ә» - Әдепті бала-арлы бала.

«Ө» - Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

«І»- Іздеп алған аурудың емі табылмас.

«Ұ»- Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің.

«Һ»-Қаһарлы сөз,қамал бұзар

«Ғ»-Ағасы бардың жағасы бар.

«Ү»-Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды.

«Ң»-Ең жақсы тіл - ана тілі.

«Қ»- Қызға қырық үйден тыйым.

3-кезең- «Кейіпкерлер елінде» тақырыбындағы кезеңде әдебиет пәні бойынша

сұрақтар беріледі.Топ мүшелері сандықта нөмірленген асықтарды таңдап,

кеспе-қағаздарда жазылған сұрақтарға жауап береді.

1.Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап, үйіп береді, ол жолға

шығады. (Төстік)

2.Сондай күшті болыпты. Алысқанын жығыпты, аң аулап әкесіне

жәрдемдеседі. (Кендебай)

3.Ол шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен

желіп өтіп, Ұлытаудың бас жағына кеп дүние салыпты. (Асан қайғы)

4.Бізді осы араға тастасаң, ит-құсқа же болаыз ғой, бізге кім пана болады?

Ащы күннің аптабына қалай шыдайсыз? (Ажар)

5. Ал, балам,әжең екеуімізді қажай беруші едің ғой, әңгіме – жырдың дүкені.

Міне, жаңа келді. (Ұлжан)

6. Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой, енді аман бол!

(Шоқан)

4 кезең- «Көп сөз - бір мағына»

Бұл кезеңде топтар тұрақты тіркестердің мағынасын ашуы керек.

Топтар сағат тілінен берілген сандарды ашып, тұрақты тіркестерге жауап

беруі керек.

  1. Ит өлген жер. (Алыс,шалғай)

  2. Ат ізін салмау (Хабарласпау,жолықпау)

  3. Бармағын тістеу (Өкінді)

  4. Екі көзі төрт болу (Қорықты)

  5. Жұмған аузын ашпау (Сөйлемеу)

  6. Жүрегінің түгі бар. (Батыр)

  7. Ит терісін басына қаптау. (Ұрсу)

  8. Қас пен көздің арасында. (Тез,жылдам)

  9. Су жұқпас (Алаяқ)

  10. Кірерге тесік таппау. (Ұялу)

  11. Мұрнын көкке көтеру. (Менменсіну)

  12. Қой аузынан шөп алас. (Момын,жуас)

5-кезең - «Ұшқыр ой» бұл кезеңде логикалық сұрақтарға жауап береді.

Қоржындағы нөмірленген үлестірме қағаздардағы сұрақтарға жауап береді.

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (Түс)

  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады? (Мысық)

  3. 31 ақпанда қандай мейрам бар? ( 31 ақпан жоқ)

  4. Теңізден қандай тастар табылмайды ? (Құрғақ)

  5. Мұрныңа төніп тұр,бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (Иіс)

  6. Тамақ пісірер алдында қазанға не салады? (көз салады)

  7. Қандай бөшкеге су құюға болайды? (іші толған бөшкеге)

  8. Дүниеде ең шапшаң не? (ой,қиял)

  9. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі бар? (көз қорқақ,қол батыр)

  10. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын )

  11. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық)

  12. Қар жана ма? (Қалауын тапса,қар жанады)

  13. Ең тәтті не? (Ананың тілі, баланың тілі тәтті)

Қорытынды:

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Топтарды марапаттау

Сонымен сыныптар арасындағы « Ана тілінің білгірі » сайысының

жеңімпаз тобы ---------------------------------------------------------------------------

Ана тілім жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым,

Сағат сайын саулығыңды тілеймін

Сенсіз мынау керегі не ғаламның

































































































































Топтарды бағалау


Топтар

1-кезең

Таныстыру

2-кезең

Зымыран

сұрақтар

3-кезең

Жеті жұрттың тілін біл

4-кезең

Ойлы болсаң,озып көр

5-кезең

Аталар сөзі-ақылдың

кені

6-кезең

Кім көп сөз біледі ?

7-кезең

Тұлғаны таны


Жалпы

балл

  1. топ

Тұлпар











  1. топ

Домбыра






































































Тақия толған сөк,

Таң атқанда жоқ.                      (жұлдыздар, звезды, stars)

Айдалада ақ отау

Аузы, мұрны жоқ отау.           (жұмыртқа, яйцо, an egg)

  1. Тұрады ылғи сөреде,
    Іші толы өнеге.                           (кітап, книга, а book)



« Ана тілің –тұғырың»





































































«Жүзден- жүйрік, мыңнан- тұлпар»  интеллектуалдық сайысыМақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа,шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.Ашық тәрбие сағаттың жүрубарысы.Жүргізуші: Майра Қуанышева ІзбасарқызыҚайырлы күн, құрметті ұстаздар, сайыскерлер! 2014-2015 оқу жылының бірінші жартыжылдығы аясында қорытындылау мақсатында өткелі отырған «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберіндеұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!«Біз бәріміз бір атаның - қазақхалқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсізҚазақстан» - деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жасұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымыздыбастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.Сайыста екі тап сынға түседі. Әр топтыңаты, ұраны болу шарт. Ойын 7 бөлімнен тұрады.І. Жедел жауапІІ.Тіл- өнерІІІ.Бәрін білгім келедіІV.Қызықты ұйқастарV.Мықты болсаң, тауыпкөрVІ. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (мәнерлеп оқу)VІІ. «Жұлдызды сәт» (марапаттау)І топ: «Бәйтерек»Ұраны: «Бірлікті бірді жығады,білімді мыңды жығады.»ІІ топ «Сұңқар»Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла,Талап қыл артық білуге»Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып,санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетедіҚазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Білім ментапқырлықтың жарысындаЖеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.1. _________________________________________________________________2. _________________________________________________________________3. _________________________________________________________________Ал, қанекей, келіңдер,Біріңе-бірің еріңдер.Біліміңізді тексеріп,Ойынғақатысып көріңдер,- дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.Білім деген биік шыңБақытқа сені жеткізер.Білім дегенақылшыңҚиындықтан өткізер,- деп сайсымыздың алғашқы шарты «Жедел жауап» бөлімін бастаймыз.І бөлім: Жедел жауапБұл бөлімде әр топқа 10сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.Ітопқа:1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқаұшқан кім? (Юрий Гагарин)4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)6. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатыншығарма (Күй)8. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова,Зулфия Чиншанло)9. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)10. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)ІІ. топқа:1. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1-желтоқсан)3. Қажыл қай жыл? (Жылан)4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек,Әйтеке)6. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)8. 6-шілде қандай мереке? (Астанакүні)9. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)ІІ бөлім: Тіл - өнерМақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.І топқа:1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащыда тіл)2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)3. Өнер алды… (қызыл тіл)4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)5. Тіл қылыштан … (да өткір)6. Отан… (оттан да ыстық)ІІ топқа:1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)3. Ер жігіт елі үшін туады, … (елі үшін өледі)4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)5. Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердіңкөркі)ІІІ.Бәрін білгім келедіБұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайытөмен топ бастайды.4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.Қазақ тілі10. Мәтін дегеніміз не?20.Тіл сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?30. Келбет сөзінің синонимін тап.40. Көнерген сөздер дегеніміз не?Әдебиет10. Қазақ ауыз әдебиетініңтүрлері.20. «Өгіз бен бақа» мысалының авторы кім?30. «Көл қорыған сен едің,Сен де айрылдың көліңнен.Ел қорыған мен едім,Мен де айрылдымелімнен»деген өлең жолдары қай ақынның шығармасынан алынған?40. Зәм-зәм суы кімнің өкшесінің астынан шығып еді?Математика10.Төрттітөртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады? 20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? 30. Математикалық өрнектердегеніміз не? Бұл қандай өрнек? B-7*540. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? Жаратылыстану10.Қазақстанда неше облыс орталығы бар? 20. Жердің нақты үлгісі 30. Көкжиектің неше тұсы бар? 40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынғанбейнесі Тақырыптар ұяшығы. Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.«Қазақстан»10 ұпай. ҚазақстанЕлтаңбасының түсі қандай? 20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? 30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша? 40 ұпай.Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ? «Грамматикалық ереже»10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? 20 ұпай. Көптікжалғауларын ата. 30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы? 40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер «Ұлы адамдар»10 ұпай. Ұлыжүздің биі 20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы. 30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? 40 ұпай. Абылай ханның шынаты «Телехабарлар»10 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна 20 ұпай. Балалар ән- би байқауы. 30 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы. 40 ұпай. «Қазақфильм»киностудиясы кімнің атында? ІV бөлім: Қызықты ұйқастарЕкі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.І топқа1. Жизнь-өмір, уголь-(көмір)2. Число-сан, кровь-(қан)3. Молоко-сүт, жди-(күт)4. Человек-адам, шаг-(қадам)5. Таможня-кеден, пол-(еден)6. Зуб-тіс, дело-(іс)ІІ топқа1. Возьми-ал, мед-(бал)2. Рыба-балық, народ-(халық)3. Дверь-есік, колыбель-(бесік)4. Город-қала, ребенок-(бала)5. Лето-жаз, гусь-(қаз)6. Игра-ойын, шея-(мойын)V бөлім: Мықты болсаң, тауып көрБерілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.Ітопқа1.Үй үстінде алтын тас,Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста]) 2.Тұмсығымен қозғалар,Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk[чок])3.Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])4.Білімді мыңды жығады,Білекті … жығады. (бір; один; one[уан])5.Сырты тәтті, іші тәтті,Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эпл])ІІ топқа1.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,Ол жоқ жерде өмір сүріпжүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])2.Айдағаны … ешкі,Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])4.Жылт-жылт етеді,Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])5.Өзі сөйлейбілмейді,Салған ізі сөйлейді. (қалам; ручка; pen [пен])VІ. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»Әр топтың қатысушылары өлең оқиды әр өлең бірұпай болып есептеледі. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.VІІ. Жұлдызды сәтІ)Белсенді жауап берген оқушыларды марапаттау.ІІ) Бірінші жарты жылдық аясында қорытындылау бойынша жеіңіске жеткен топ жетекшісінмарапаттау.Қорытынды.Білімнің мініп алып тұлпарына,Қиналмай шықты білім шыңдарына.Бүгінгі сайысымыз аяқталды,Сөз кезегі қазыларалқасында.Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.Құрметті ұстаздар, оқушылар!Осымен бүгінгі «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне келіп жетті. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те,өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.Келесі сайыс алаңында кездескенше, сау болыңызд





































































"Бүгінгі бала - ертеңгі орынбасар " тақырыбына баяндама

Бала – біздің болашағымыз!!!
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата - ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады.
Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен.

Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек.

Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деп асыл сөзін арнаған.
Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ – бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

 





















































































Үйде оқитын 5 «Б» сынып оқущысы Нұрмаш Қасымжомартқа арнап, қазақ тілі пәнінен 2- тоқсанда алынған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары

  1. Заттың , ұғымның атын білдіретін сөз табын не дейді?

А.Зат есім В. Сын есім

С. Сан есім Д.Есімдік

(2)

  1. Зат есімді табыңыз?

А.Бүкпесіз В.Бұлыңғыр

С.Бүйрек Д.Бұзақы

(3)

  1. Негізгі түбір зат есімді табыңыз?


А.Бәйтерек В.Кемпірқосақ

С.Дұшпан Д.Ақ ниет

(3)

  1. Заттың түсін білдіретін сын есімді табыңыз?


А.Ақ В.Биік

С.Дәмді Д.зерек

(3)

  1. Туынды сын есімді табыңыз?

А. Жылтыр В.Биік

С. Момын Д.Кенді

(3)

  1. Заттың көлемін білдіретін сын есімді табыңыз?


А. Қызыл В.Ащы

С.Жылы Д.Кең

(3)

  1. Заттың сандық мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын табыңыз?


А. Зат есім В. Сын есім

С. Сан есім Д. Есімдік

(3)

  1. Күрделі сан есімді табыңыз?


А. Алтыларда В. Жиырма

С. Он екі Д. Алпыс

. (3)

  1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?


А.5 В.4

С. 6 Д.2


(3)


  1. Берілген сөздердің қайсысы заттың сыр - сипатын білдірмейді ?


А.Жақсылық В.Тап-таза

С.Аппақ Д. Тым қиын

(3)




Үйде оқитын 5 «Б» сынып оқущысы Нұрмаш Қасымжомартқа арнап, оқу және сөйлеуді дамыту пәнінен 2- тоқсанда алынған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.


  1. «Қарабатыр» шығармасының авторын көрсетіңіз?

А. Ы.Алтынсарин В. М.Әуезов

С. М.Жұмабаев Д. А.Сейдімбек

(2)

2. Ақселеу Сейдімбектің шығармасын табыңыз?

А.Әйел-Ана В.Қарабатыр

С.Шарада Д.Жетім

(3)

3. «Аққу, Шортан һәм Шортан» шығармасын кім аударған?

А. О.Әубәкіров В. А.Байтұрсынұлы

С. С.Торайғыров Д. М.Әуезов

(3)

4. «Түркістан» өлеңінің авторын табыңыз ?

А. М.Жұмабаев В. С.Көбеев

С. С.Торайғыров Д. Ж.Әлмешұлы

(3)

5. М.Жұмабаевтың өлеңін табыңыз ?

А. «Түркістан» В. «Еріншек»

С. «Жыл мезгілдері» Д. «Орындалған арман»

(3)

6. «Орындалған арман» қай жазушының шығармасы.


А. М.Жұмабаев В. С.Көбеев

С. М.Әуезов Д. А.Сейдімбек

(3)

7. «Жолда» әңгімесі қай шығарадан алынған үзінді?

А. «Абай жолы » В. «Орындалған арман»

С. «Еріншек» Д. «Түркістан»

(3)





















7 «Б» сынып оқушыларының тізімі


  1. Абдулла Нұрхан


  1. Алимхан Еңлік


  1. Ахметұлы Даниал


  1. Барыс Айбол


  1. Куланова Аружан


  1. Мелдебек Нурсұлтан


  1. Мустафа Рухия




  1. Мырзахметова Ұлпан


  1. Пернебекова Жасмин


  1. Семей Иманжүсіп


  1. Тагай Ерлан


  1. Төлеген Әмір



  1. Төлеген Әмір



  1. Тұрғанбек Мадина



  1. Турсинбаев Алдияр



  1. Жумамурад Диас














4 «Б» сынып оқушыларының тізімі



  1. Ахметова Асылайым


  1. Баратбаева Ақерке


  1. Бахидин Әділет


  1. Бадеш Нұрлыбек


  1. Ерік Азамат


6. Ербол Диас


  1. Жолшыбек Бақдәулет


  1. Жазықбаев Чингиз


9. Исабева Гулсезім


10. Исабаева Зульфия


11. Мустафа Илияс


12. Нарбек Ұлдарай


13. Рахматулла Ақназар


14. Рахымжан Балауса


15. Сүйерқұл Санжар


16. Утебасов Нұрдәулет

17 .Үсен Мейрамбек




































Қазақша сценарий: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!)

Жарияланды 9-11-2014, 09:53 Категориясы: Сценарий 

Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 - жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін - ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып....
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»

1 - жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сынып оқушылары

2 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татул
ық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 - сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

  • Алғыс - жүректің естелігі

  • Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту 
    Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; 
    - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; 
    - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу 
    Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. 
    Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша 
    Барысы: 
    І. Ұйымдастыру 
     Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады. 
    Ризашылық өлеңін оқу 
    Ризамын бүгінге, 
    Ризамын бүгінге, 
    Ризамын бүгінге, 
    Ризамын қазірге! 
    Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, 
    Ризамын, ризамын, ризамын қазірге. 
    ІІ. Кіріспе. 
    «Орынын тап» ойыны 
    Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

  
Шаңырақ – күн, 
Уықтары - нұр, шашқан. 
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан. 
Жарқырайды темірқазық жұлдызы, 
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб) 
Ыстық дейді оны оттан, 
Патриот оны ұнатқан. 
Оңбайды бұл өмірде, 
Адам оны жоғалтқан. (Отан) 
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы, 
Әдемі мекен екен, жанға жайлы. 
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең, 
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй) 
  
Егіз қайың, 
Бой - бастары тең өскен. 
Іске дайын, 
Бұтақтары бес - бестен. (Қол) 
Бір малға екі бала мінгеседі, 
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе) 
Тұмсығымен ояды, 
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ) 
Қиналмай тауларды, орманды, 
Теңізді, дария, жондарды, 
Ауылды, қаланы, халықты..., 
  
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер) 
Тау, қыр, жазық, өзен, көл – 
Қабырғада биік тұр. 
Нансаң, кел, өзің көр – 
Бір қағазға сыйып тұр. (карта) 
Емес ол кітап та, дәптер де, 
Жүреді бірақ та портфельде. 
Көрсетіп ондағы бағаңды, 
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік) 
  
 

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу 
Ризашылық дегеніміз не? 
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? 
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді? 
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? 
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? 
Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім. 
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.

Бүгін Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.

Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.

"Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.   
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті. 
 Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 
Әкеге – қорған болғаны үшін, 
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 
Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 
Күнге – шуағы мен назары үшін, 
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 
Досқа – құшағы мен иығы үшін, 
Әжеге – ыстық алақаны үшін, 
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 
Отқа – жылулығы үшін..

Топпен жұмыс 
І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау 
ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау 
ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар? 
ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады? 
Ү - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт» 
“Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. 
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. 
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»

Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

ІҮ. Қорытындылау 
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. 
«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет. 
Пікірлер себетін толтыру. 
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 
Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар? 
Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12