жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ана-тіршілік негізі"
№31 «Күншуақ»МДҰ
«Аналар асыл жандар» атты 8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
№4«Балдәурен»ортаңғы тобы
Тәрбиешілер: Төлеубай Ұ.Б Куванова С.К
Ақтөбе-2021жыл
Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру; ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер айтады. Ана еңбегін қадірлей біледі.
Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Балдәурен »ортаңғы тобының «Аналар асыл жандар» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарын боп өнерменен қарулан.
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл
жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас
қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда
биік, әрі қымбат.
Жүргізуші:
– Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба
аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,
Жүргізуші:
Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы
асыл аналарымызға арналған балаларымыздың
әніне
кезек
берейік:
Ән: « Кұттықтаймын сені туған күніңмен!»
Жүргізуші:Балалар тыңдаңдаршы кімдердің дауыстары шығып жатыр?
Маша мен Қоян ұйқтап жатқан Аюды кіргізеді.
Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме?Сіздер қайдан кележатсыңдар ?
Маша:Сәлеметсіңдер ме?Балалар мен қонақтар біз Қоян екеуміз кележатсақ ұйқтап жатқан аюды көріп қалдық.Оған тұр десекте тұрмайды.Содан осы маңнан балалардың дауыстары шығып жатқасын мүмкін балалар көмектесердеп келдік.
Қоян: Балалар бізге көмектесіңіздерші?
Балалар:Ия
Маша аю аю тұр көктем мезгілі келді тұршы дейді.Аю тұрмайды қоянда әнін айтады сондада тұрмайды.
Осы кезде Көктем аруы әндетіп кіреді.
Сәлеметсіңдерма балалар мен көктем аруы боламын.Мен сендермен енді бірге боламын.Мен сендердің маған арналған өнерлеріңді тамашалағым келеді.
Көктем аруы:Аю мырза тұрыңыз көктем келді.Балалар көктем мезгілінде бізге өнерлерін көрсетсін.
Жүргізуші:Қош келдіңіз Көктем аруы.Бізге көктемнің нұрын шашып 8наурыз аналарымызбен ару қыздарымыздың мерекесін алып келгеніңізге көптен көп рахмет!Ендеше бізбен бірге тойлаңыздар.
Ән: «Көктем келді»
Көктем аруы : Жарайсыңдар балалар өнерлерің қандай тамаша
Аю :Жарайсыңдар балалар рахмет сіздерге!
Жүргізуші:Біздің балаларымыздың өнерлері әлі біткен жоқ сонымен қатар біздің балардың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақ:
Мейрамбек Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Медина Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Албина Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әженіде ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Көзайым Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін .
Анашымды ардақтап ,
Басымды оған иемін.
Нұрислам ,
МұхамматАли
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Келесі кезекте ойынға берейік!
Ойын :« Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты:Үш ұл қыздарды валыс вине шақырады .Әуен ойналып,валыс билейді.Әуен тоқтаған кезде,ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып қызға сыйлау керек .Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Жүргізуші:Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!«Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп халқымыз текке айтпаған балаларымыздың әжелеріне арналған әніне кезек берсек
Ән: «Әжем менің»
Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Осымен бүгінгі «Аналар асыл жандар» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңыздар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген