Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана-тіршілік негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурызға сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

31 «Күншуақ»МДҰ













«Аналар асыл жандар» атты 8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

4«Балдәурен»ортаңғы тобы















Тәрбиешілер: Төлеубай Ұ.Б Куванова С.К





Ақтөбе-2021жыл

Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру; ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер айтады. Ана еңбегін қадірлей біледі.

Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Балдәурен »ортаңғы тобының «Аналар асыл жандар» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарын боп өнерменен қарулан.

Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Жүргізуші:
– Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?

Балалар: Ана,

Жүргізуші:
Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың
әніне кезек берейік:

Ән: « Кұттықтаймын сені туған күніңмен

Жүргізуші:Балалар тыңдаңдаршы кімдердің дауыстары шығып жатыр?

Маша мен Қоян ұйқтап жатқан Аюды кіргізеді.

Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме?Сіздер қайдан кележатсыңдар ?

Маша:Сәлеметсіңдер ме?Балалар мен қонақтар біз Қоян екеуміз кележатсақ ұйқтап жатқан аюды көріп қалдық.Оған тұр десекте тұрмайды.Содан осы маңнан балалардың дауыстары шығып жатқасын мүмкін балалар көмектесердеп келдік.

Қоян: Балалар бізге көмектесіңіздерші?

Балалар:Ия

Маша аю аю тұр көктем мезгілі келді тұршы дейді.Аю тұрмайды қоянда әнін айтады сондада тұрмайды.

Осы кезде Көктем аруы әндетіп кіреді.

Сәлеметсіңдерма балалар мен көктем аруы боламын.Мен сендермен енді бірге боламын.Мен сендердің маған арналған өнерлеріңді тамашалағым келеді.

Көктем аруы:Аю мырза тұрыңыз көктем келді.Балалар көктем мезгілінде бізге өнерлерін көрсетсін.

Жүргізуші:Қош келдіңіз Көктем аруы.Бізге көктемнің нұрын шашып 8наурыз аналарымызбен ару қыздарымыздың мерекесін алып келгеніңізге көптен көп рахмет!Ендеше бізбен бірге тойлаңыздар.

Ән: «Көктем келді»

Көктем аруы : Жарайсыңдар балалар өнерлерің қандай тамаша

Аю :Жарайсыңдар балалар рахмет сіздерге!

Жүргізуші:Біздің балаларымыздың өнерлері әлі біткен жоқ сонымен қатар біздің балардың тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Тақпақ:

Мейрамбек Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Медина Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Албина Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әженіде ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Көзайым Мен анамды сүйемін,

Сөзін ойға түйемін .

Анашымды ардақтап ,

Басымды оған иемін.

Нұрислам ,

МұхамматАли

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!Келесі кезекте ойынға берейік!

Ойын :« Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

Шарты:Үш ұл қыздарды валыс вине шақырады .Әуен ойналып,валыс билейді.Әуен тоқтаған кезде,ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып қызға сыйлау керек .Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!«Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп халқымыз текке айтпаған балаларымыздың әжелеріне арналған әніне кезек берсек

Ән: «Әжем менің»

Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Осымен бүгінгі «Аналар асыл жандар» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңыздар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2021
320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12