400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анабездің анатомиясын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Анабездің анатомиялық құрылысы мен қабаттарын, фолликулдардың даму сатыларын, гормондық қызметін және органның клиникалық маңызын сипаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анабездің (Ovarium) анатомиясын зерттеу

2 курс студенттері Ахметова Арайлым және Дүйсенбай Диана

Жетекшісі: Курбаниязова Саниям Садыковна

«С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»

Кіріспе.

Анабез (ovarium) – әйелдің жыныс жүйесіндегі жұптасқан без, репродуктивтік және эндокриндік қызмет атқаратын маңызды орган. Овариум фолликулдардың дамуы, овуляция, аналық жыныс жасушасының түзілуі, сондай-ақ эстроген, прогестерон, ингибин және релаксин сияқты гормондардың бөлінуі арқылы әйел ағзасының репродуктивтік функциясын реттейді. Анабездің морфологиясын білу акушерлік, гинекология, репродуктология және эндокринология саласында клиникалық маңызы зор.

Зерттеудің мақсаты.

Анабездің анатомиялық құрылысы мен қабаттарын, фолликулдардың даму сатыларын, гормондық қызметін және органның клиникалық маңызын сипаттау.

Материалдар мен әдістер.

Материал: анатомиялық коллекциядағы 20 анатомиялық препарат.

Әдістер:

• макроанатомиялық талдау;

• микроскопиялық құрылымды сипаттау;

• салыстырмалы анатомиялық талдау;

• әдеби дереккөздер бойынша морфологиялық жүйелеу.



Н
егізгі бөлім.

Анабез, ovarium (грекше - оорһоrоn), әйелдің жұп жыныс безі, кіші жамбас қуысында орналасады (201–сурет). Ол аралас без болып табылады, онда жыныс жасушалары мен жыныс гормондары (эстроген және прогестерон) өндіріледі.

​Анабез тік орналасқан, сопақша дене, оның ұзындығы 2,5 – 5,0 см, ені 1,5 – 3,0 см, қалыңдығы 1,0 – 2,0 см шамасында болады. Анабездің екі беті, екі жиегі және екі шеті ажыратылады. Жамбас қуысына қараған медиалды беті, facies medialis, және жамбас қабырғасына қараған латералды беті, facies lateralis, ажыратылады. Медиалды бетінің біраз бөлігін жатыр түтігі жауып жатады. Латералды беті мықындық жалпы артерияның: мықындық сыртқы және ішкі артерияларға бөлінген жерінде, ішкі жапқыш бұлшықетке жанасып жатады. Алдыңғы шажырқайлық жиегінде, margo mesovaricus, анабез қақпасы, hilum ovarii,орналасады. Шажырқайлық жиегіне – жатырдың жалпақ байламының артқы жағынан кететін, екі жапырақшадан ( дупликатура) тұратын анабез шажырқайы, mesovarium,бекиді, ал, қақпасы арқылы артериялар мен нервтер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Артқы дөңестеу келген, жамбас қуысына қараған жиегі - бос жиегі, margo liber, - деп аталады. Жоғарғы түтіктік шеті, extremitas tubaria, жатыр түтігіне жанасып жатады. Бұлшетіне жатыр түтігінің ең ірі анабездік шашағы, fimbriaovarica, мен анабезді іліп тұратын байлам, lg.suspensorium ovarii, бекіп тұрады. Төменгі жатырлық шетінен, extremitas uterina, анабездің меншікті байламы, lg.ovarii proprium, кетеді. Бұл байлам жатырдың жалпақ байламының ішімен жүріп, жатыр түбіне (жатыр түтігінің жатырға кіретін жерінің астында) бекиді. Анабез беті бір қабатты эпителиймен қапталған, оның астында дәнекер тінді ақ қабық, tunica albuginea,орналасады. Анабез сірлі қабықпен қапталмаған.

Анабездің ішкі құрылымы:

  1. Қыртыс заты және фолликулдардың дамуы

Қыртыс затта аналық жыныс жасушалары орналасқан біріншілік фолликулдар (folliculi ovarici primarii) және жетілген көпіршікті фолликулдар (folliculi ovarici vesiculosi, Грааф көпіршіктері) орналасады.

Жетілген фолликул диаметрі 1 см-ге дейін жетуі мүмкін және оның қуысында фолликулярлық сұйықтық — liquor folliculi болады.

Фолликулдың қабырғасы екі қабатты текадан тұрады:

• Сыртқы тека (theca externa) – дәнекер тіндік қабат

• Ішкі тека (theca interna) – гормон түзуші қабат

Ішкі текаға жанаса орналасқан түйіршікті қабат — stratum granulosum. Оның бір бөлігі қалыңдап, аналық жыныс жасушасын қоршайтын cumulus oophorus түзеді.

Фолликулдардың пісіп-жетілуі жыныстық циклдің әр кезеңінде жүреді. Әр етеккір циклінде 21–28 күндері бір жетілген фолликул овуляцияға дайын болады.

2. Овуляция

Жетілген фолликулдың қабырғасы жыртылып, аналық жыныс жасушасы (ovocytus) фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар қуысына түседі. Одан әрі ол жатыр түтігі шашақтарының көмегімен жатыр түтігіне өтеді — бұл овуляция процесі.

3. Сары дененің қалыптасуы және қызметі

Фолликул жарылғаннан кейін оның орнында дәнекер тіндік құрылымға толы сары дене (corpus luteum) түзіледі. Оның қызметі – прогестерон секрециясы арқылы жүктіліктің имплантациясы мен сақталуын қамтамасыз ету.

4. Ақшыл дене және тыртықтық өзгерістер

Сары дене толық кері дамып, дәнекер тінмен алмасқанда ақшыл дене (corpus albicans) түзіледі. Уақыт өте келе ол жойылады.

Әйел жасы ұлғайған сайын овуляция нәтижесінде анабез бетінде тыртықтар мен ойықтар саны көбейе түседі.

Физиологиялық қызметі:

• Генеративтік: овогенез, овуляция, аналық жасушалардың дамуы мен жетілуі.

• Эндокриндік: фолликулдық және лютеиндік жасушалар эстроген, прогестерон, ингибин, релаксин бөліп шығарады; етеккір циклін, жүктілікті, екінші реттік жыныс белгілерін реттейді.

Патологиясы:

• Функционалды: ановуляция, дисфункциялық қан кету, аналық без резервінің төмендеуі.

• Киста және поликистоз синдромы (ПКОС).

• Қабыну: оофорит, аднексит.

• Ісіктер: тератома, цистаденома, овариалды карцинома.






Қорытынды.

Аналық без (ovarium) – әйелдің репродуктивтік және эндокриндік қызмет атқаратын маңызды орган. Оның қыртысты қабатындағы фолликулдар овогенездің морфологиялық негізін, ми қабаты қан тамырлары мен жүйке талшықтарын қамтып, органның трофикалық қызметін қамтамасыз етеді. Анабездің гормондық белсенділігі етеккір циклін, жүктілікті және екінші реттік жыныс белгілерін реттейді. Құрылымы мен қызметінің бұзылыстары ановуляция, кисталар, қабыну және ісіктер сияқты патологияларға әкелуі мүмкін. Зерттеу аналық бездің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін түсінудің клиникалық маңызды екенін көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Ш.Шакенов, Н.С.Ахмад, Т.М.Досаев, Л.А.Искакова.Адам анатомиясы.2-том.Алматы, 2024.

2.Ә.Б.Әубәкіров,Ү.Ж.Жұмабаев,Т.М.Досаев,Ф.М.Сүлейменова,Қ.Е.Сисабеков, М.З.Шайдаров.Атлас.2-том.Астана,2008.

3.А.Рақышев.Адам анатомиясы.2-том.Алматы,2004

4.Т.М.Досаев.Адам анатомиясы.Алматы,2016

5.Л.Л .Колесников.Анатомия человека.Том 2.Москва,2016

6.Р.Д.Синельников,Я.Р.Синельников,А.Я.Синельников.Атлас анатомии человека.Том 2.Москва,2009

7.М.Р.Сапин,В.Я.Бочаров,Д.Б.Никитюк,Г.С. Сатюкова,Ю.М.Селин,Б.А. Спирин.Анатомия человека.Том 2.Москва,2001





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2025
72
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі