400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анаға қарап қыз өсер атты отбасылық іс-шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Анаға қарап –қыз өсер» отбасылық іс-шара

«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Қыз бала –болашақ ана, ұрпақ тәрбиелеуші. Қазақ халқы қыз баланы қонақ деп сыйлап, төріне отырғызған дана халық. Сондықтанда біз педагогтар жас ұрпақтың тәрбиесінде, соның ішінде қыз баланың тәрбиесіне тереңірек үңіліп, олардың бойындағы ұлттық тәрбиеге зор көңіл бөлуіміз қажет. «Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер» деген халық сөзін ескеретін болсақ баланың басты ұстазы ол-ата ана. Ал одан кейін балабқшадағы тәрбиеші мен қоршаған ортасы. Қыз баланы әсемдікке, сұлулыққа, имандылыққа баулу міне осы балабақшадан бастау алады. Осындай қажеттіліктерді ескере отырып балабақша аясында ата-аналармен жұмыс жоспары бойынша «Анаға қарап-қыз өсер» атты анасы мен қызы тәрбиелік байқауы өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты бүлдіршін қыздарымызды сынау емес, олардың бойындағы қандайда бір өзгешелікті байқау. Яғни, өнерге, шығармашылыққа деген құштарлықтарын ояту. Сонымен бірге анасының қыз бала тәрбиесіндегі маңызды орнын айшықтау. Бұл байқауға орта топтың қыз балалары өз аналарымен қатысып бақ сынасты. Қатысушылар бес сынақ бойынша бәсекеге түсіп, өз өнерлерін көрсетті. Ал осы қыздарымызды демеп, қолдау көрсеткен олардың өз аналары болды. Өнерлі қыздар «Тегін білу тектілік» деп өздерін таныстырды. Қатысушылар бірі тақпақтап, бірі әндетіп өз-өздерін таныстырып өтті. «Өнерлі -өрге жүзер »деп ән айтып, би биледі. Әнші қыздар мен биші қыздар ерекше аталып көрермен көзайымына айналды. «Білім және өнер» сайысында өз білімдерін көрсетіп шаба түсті. Бұл сайыс бойынша қыздар ата-аналарымен бірігіп әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға белсене жауап берді. «Қол өнер» сайысында өз қолөнер жұмыстарын ұсынып бағасын алды. Қатысушылар бірі қиып, бірі сурет салып өздерінің шығармашылық қиялын дамытты деуге болады. Сән үлгісін көрсетіп, өздерінің кішкентай сәнгер екендерін дәлелдеді. Жарыс соңында «Достық» жеңіп қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Қатысушылар мен олардың аналары байқау туралы өз ойларын айтып, алғыстарын білдірді. Бұл жарыста басты мақсат жеңу емес, балалардың алғашқы көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру, яғни шығармашылыққа баулу екенін алға тартты. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысқан ата-аналар мен балаларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Балабқша өміріне белсене ат салысуға шақырды.


Спанова Г.О

Калинин балабақшасының тәрбиешісі Таран ауданы




.











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі