Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аналар күні

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Айналайын аяулы ана мерекеңізбен!

Мақсаты: әрбір жеке тұлғаны өз ортасында,өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету,айналсындағылармен қарым-қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктер табу.

Қатысушылардың өз ойын ашық жеткізуді,бір-бірінің пікірін құрметтеу,сезіміне бейімдеу.

Жеке тұлғаның рухани өсуіне тәрбиелік-педагогикалық жағдай жасай отырып,өмірдің құндылығын ұғынуға тәрбиелеу.

Барысы:

Абзал аналар, ару қыздар!Аймақты нұрға бөлеп, жылы леппен аялап, өңірімізге көгілдір көктем де келді. Халық осы күнді асыға күтеді. Өйткені, көктем – жаңарудың басы, тіршіліктің қайта түлейтін шағы.Табиғат ананың осынау мерейлі мезгілінің аналар мейрамымен қатар келуінде терең мән бар. «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - дейді халқымыз. Ана – тіршіліктің алтын арқауы. 
Сіздерді биылғы көктем мерекесі, аналар мерекесі, ізгілік, сұлулық, махаббат мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз.

Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,
Көкжиектен таң сайын асықты Күн.
Келді тағы көктемнің мерекесі
Дидарыңа шуағын шашып бүгін-деп ортаға сыныбымыздың әншілері
Сағатұлы Еркебұлан мен Қамза Бақтиярды «Ана-Әке» әнімен ортаға шақырамыз!

-Жігіттерімізге көп-көп рахмет! Олай болса Құрметті ата-аналар сіздерді ортаға шақырамыз.

-Дөңгеленіп үлкен шеңбер құрайық! Аналар өз есімдеріңізді айтып таныстыра отырып,есімдерінің бас әріпінен басталатын сөздер арқылы тілек айтсаңыздар!

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ! –ортаға сыныбымызды биші қыздары Ансаған мен Ақжайнақты
«Қазақтың қаражорғасы» биімен ортаға шақырамыз!

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!-дей отырып
Болатқызы Айнашты барша аналарға арнап жазған эссесін оқуға ортаға шақырамыз!

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың. Ортаға
Маңғыстауов Нұрболатты «Ана-әкеге рахмет!» әнімен шақырамыз!

Ана,

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…деп ортаға аналарымызға көтеріңкі көңіл, ұзақ өмір сыйлау үшін «Папа Американо» биімен биші бикештерімізді шақырамыз.

8 Наурыз 2018 жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі!-деп «Әсем ән» әнін орындауға Достық дуетін шақырамыз.

Шырайлы көктем сізбен бірге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып

Қыздардың әсем биі бізбен ортақтассын -ортаға 7 сынып қыздарын «Жастар биімен» шақырамыз!

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!-дей отырып Сыныптың күлегеш жігіттерін аналармызға тамаша көңіл күй сыйлауға ортаға шақырамыз!КТА

Өнерге жастайынан жақын туған

Қазақтың дарынының жолын қуған

Үнді биін көрсетер қыздарымыз

Өзгеге биі олардың, үлгі болып тұрған-дей отырып үнді биімен қыздарымызды ортаға шақырамыз!


Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр адам әсем болар өз жанымен

Жүректерінен шыққан әнді

Сіздерге шырқайды өз сәнімен !


Хор: «Әлемнің жарығы»

-Сынып оқушылар аналарына сыйлықтарын береді.

Қорытынды :

Әйел-Ана
Болмысың,бар тілегің елің үшін,
Әйел-жар,отбасының сенімісің!
Тәлімін Ару-ғұмыр күннен алған
Сен бүгін бір әулеттің келінісің.
Шыдаумен өмір-жолда сынақтарға,
Тырыстың отау жүгін құлатпауға.
Жалғадың өз ұлтыңның ұрпақтарын,
Пәниде бұдан асқақ мұрат бар ма?!
Перзентке арнадың да танымыңды,
Болмаса дедің соның әні мұңды.
Жұртыңның бойға сіңген қасиетімен
Ұрпаққа бердің текті тәліміңді.
Көрсетіп ар жолының дұрыстығын,
Дегендей осы жолмен ұғыс,күнім!
Дарытып бесігінен жақсылықты,
Күзеттің сол бесіктің тыныштығын.
Бөбекке текке кетпей ұқтырғаның,
Жандырдың сол арқылы құттың бағын.
Адалдық әні айтылып әлдиіңмен,
Сіңірдің уызынан ұлттың нәрін.
Жүрегің перзентке ортақ төгед нұрын,
Санамай біреуінен ерек бірін.
Үйреттің ұл-қызыңа үлгі етіп
Өмірде әке сыйлау керектігін.
Әрдайым берсін дейсің елге тыным,
Заманның құбылса да келбеті мың.
Тараған ұрпағыңнан ұрпақты ойлап,
Тілейсің татулығын әулетіңнің.
Анамен шаңырақта болар-ды бақ,
Перзент те ол бар жерде табар мұрат.
Есейіп кетсе-дағы ұл мен қызың,
Бәрібір Ана-жүрек алаң бірақ.
Өмірден өссе бөбек алар гүлін,
Шықса да,мейлі,шыңға олар бүгін.
Әлі де еркелейді баяғыдай,
Тәңірден тілеп Ана амандығын.
Жанына ұл-қызыңның үңілесің,
Бәйек боп болса нала жүгіресің.
Әр жанның жүрегінде Ана деген-
Жазылып қалған мәңгі ұлы есім!-деп мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз! Келгендеріңізге көптен көп рахмет!

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
870
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12