Тақырыбы «Анамызға мың алғыс!»
Ертеңгілік 05.03.2020ж
Балалардың саны(28 бала,12-қыз бала би,14-ұл тақпақ, 12-қыз тақпақ 14-ұл бала би)
Жүргізуші: Бухарбаева З.А.
Мақсаты : Мерекелік көңіл-күйін құру,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру,балалардың назарынжалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру,өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейрімділікке,әдемілікке,сұлулыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Залдың іші көктем мерекесіне сай безендірілген.Безендірілген әсем зал, гүлдер, қүмыра,сыйлықтар әсем әндер жазылған үнтаспа ,т.б
Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Көктем аруы»
Ұйымдастыру барысы: Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Ертеңгіліктің барысы
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде айналып, билеп кіріп орындарына отырады.
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ақ жаулықты әжелер,аяулы аналар,бүлдіршін қыздар,әріптестер.Бүгінгі «Анамызға мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер.Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.Ғұмырларыңызға саулық,өмірлеріңізге сәттілік тілейміз.
Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек,жүректі құдіретте,
Ана – тірек,тіректі құрметте.
Ана – шының,шыныңа сағынып жет,
Ана – күнің,күніңе табынып өт.
Хор: « Анашым, ана жаным»
Жүргізуші:Балалар біз қайда келдік?
Балалар: Анамызға, көктем мерекесіне.
Жүргізуші: Кәне балалар ана туралы қандай тақпақтар білеміз бе? Қәне,олай болса тақпақтарға кезек берейік.
Сүндет
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анамды сыйлаймын
Гауhар
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бар баланы қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Бейбарыс
Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ел жүрегі елжіреп
Құшағыңа аласың
Аят
Түн ұйқысын төрт бөлген
Мәпелеп өсірген
Ана деген керемет
Бар қатеңді кешірген
Мен ауылға барамын
Әжем тілін аламын
Қонаққа ол кеткенде
Үйді бағып қаламын
Мен айтамын тақпақ
Анамды мақтап
Менің анам әдемі
Менің анам аппақ
Сіздерден өскен балалар
Батырлармен даналар
Құттықтаймыз мерейраммен
Құрметті аналар!
Жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берейік.
Би: « ».
Жүргізуші: Көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекеміздің құрметіне бүлдішіндеріміздің дайындаған тақпақтарын әрі қарай тыңдайық. Тақпақтарын айтуға ортаға:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Мені жақсы көреді,
күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
маған айтып береді.
Ішім ауырса, тісім аурса
Анам дәрі береді.
Барлық адам, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді аламын,
Ақылды болам.
Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың:
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың.
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ана деген ақ көңіл
Күнмен бірге күледі
Ана деген шат көңіл
Шарықтайды үнемі.
Музыка әуенімен көктем келеді.
Көктем: Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім келе жатқан көктем мерекелерін құтты болсын.
Жүргізуші:Көктем біздің балалардың өнерлерін бірге тамашалайықшы ортаға тақпақ айтуға
|
Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Анамыздан тарайды Біздің ана тіліміз. |
Алақаны ақ самал Мәпелеген жан анам Көкте күнің батса да Өзің күнісің баланың |
|
Аналарды сүйеміз Ақылын ойға түйеміз Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз |
Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған, Анаға бас иеміз! Туған елдің тілі деп, Туған жердің үні деп,- Анаға бас иеміз! |
|
Бала,бала,бала деп Мені өсірген анашым Гүлге толсын құшағың Бақытты бол анашым |
Бізді өсірген апатай Еңбегің де зор екен Құтты болсын апатай, Құтты болсын мереке. |
|
Ақ анашым аппағым Өзің жайлы тақпағым Өзің жайлы әнімде Арнадым саған бәрінде. |
|
Ойын: Көктеммен бірге ойын «Гүл жинау».
Жүргізуші: Ал, енді балалар әжелерімізге арнап дайындаған әнімізді айтайықшы.
Ән: « ».
Жүргізуші: Балалар, кәне кім тағы да әжелер, аналар туралы тақпақ және мақал-мәтелдер біледі?
Ананаларды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әрқашан біз ардақтап
Әжеге бас иеміз.
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем менің өйткені,
Өте жақсы көреді.
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа балапандар келіпті. Бірақ олар өте көңілсіз.
(Балапандар жылайды)
Жүргізуші: Сендерге не болды? Неге жылайсыңдар?
Балапандар: Анамыздан адасып қалдық?Анамызды қалай табамыз?
Күн жоқ, қараңғыда жолды қалай табамыз?
Жүргізуші: Егер күн болмаса, жылу да болмайды. Күн бұлттың арасына кіріп ұйықтап
қалған шығар, күн болмаса көктемді қалай қарсы аламыз.
1-ші балапан: Күнді тауып ояту керек.
Жүргізуші: Балапандар, сендер әлі кішкентайсыңдар. Күнге барар жолды қалай
табасыңдар? Сендермен бірге көктем барсын.
Көктем: Жақсы мен бірге барайын.
Жүргізуші: Сендер жолға шықпай тұрып бізбен бірге би билеңдерші.
Би:«Ойыншықтар».
Көктем:Ал енді біз күнді іздеуге барайық. Жолда кімді кездестірсек, содан сұраймыз. (Балапандар жолға шығып кетеді, алдарынан мысық шығады).
Мысық : Мяу-мяу, мяу-мяу.
Көктем: Сәлеметсіз бе, мысық. Сіз білесіз бе? Күн қайда тұрады?
2-ші балапан: Біз анамыздан адасып қалдық
Егер күн шықса, біздің анамыз келеді.
Мысық: Мен үйден шықпаймын. Күннің қайда тұратынын мен білмеймін. Сендер оданда иттен сұраңдар?
Көктем: Сәлеметсізбе ит.Сіз білесіз бе,күн қайда тұрады және де оны қалай ойату керек екенін. Мына балапандар аналарынан адасып қалыпты.
Ит: Әрине білем.Күнді ояту үшін бір көңілді әнді қатты айту керек.Сонда ғана күн оянады.
Жүргізуші:Кәне балалар бәріміз балапандарға көмектесейік, күнді оятайық. Ол үшін «Алақан соқ» өлеңін айтайықшы, содан кейін күн шығады.
Ән: «Алақан соқ».
Күн: Кім мені оятқан?
Көктем: Күн тезірек шықшы. Мына балапандардың анасын тезірек тауып берейікші.
Жүргізуші: Күн ұйқыңнан тұр. Бізге көктем келе жатыр. Жерде сені бәрі күтіп жатыр.
(Күн шығады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Күн ортада).
Тауық шығады: Менің балапандарым қайда? Аналарыңа келе қойыңдар? Мен сендерді әрең таптым, қатты сағындым.
Балапандар: Хормен: Алақай, анамыз келді!
Жүргізуші: «Ана да күн сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес» Сондықтан балалар аналарымызды ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүру керек дей отырып бәріміз қосылып «Әр қашан күн сөнбесін» әнін айтайық. Ата-аналар бірге қосылып айтуларыңызға болады.
Жүргізуші: Құрметті аяулы аналар,ақжаулықты әжелер 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Алтын уақыттырыңызды бөліп келгендеріңізге көп- көп рахмет.
Келесі кездескенше сау сәлеметте болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аналар мерекесі

шағым қалдыра аласыз