жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Аналарға мың алғыс"
Аналарға мың алғыс.
Мақсаты: Ананың құдіретті де мейірімді жан екенін балаларға түсіндіру.Ана, бала,ұстаз ұжымын ынтымақтастыру.Мейірімділікке сай құрметке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: даналық сөздер, шарлар, гүлдер, сыйлықтар.
Тәрбиеші: Қайырлы күн, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар!
Баршаңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8- наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.Сіздерге шаттық,бақыт байлық тілей отырып ересектер тобының дайындаған «Аналарға мың алғыс» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Ән: «Ақ мама»
Тәрбиеші: Балалар,естідіңдер ме?(Есік қағылады) Көрейік кім келеді екен?
Көктем:Сәлеметсіздер ме, ұстаздар,аналар,балалар!Мен бүгін мерекені сендермен бірге тамашалауға келдім. Менімен бірге жылыулық пен әсемдіктекелді,сендерге деген сыйлығымда бар.Бірақ алдымен сендердің білімдеріңді тексеріп, өнерлеріңді көремін.
Сұрақ-жауап.
1.Жыл мезгілдерін атаңдар.
2.Көктемде қандай мерекелер бар?
3.Бүгін қандай мереке?
4.Аналарға арналған қандай өлеңдар білесіңдер?
1-бала: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
2-бала: Ана-өмір шырағы,
Ана-өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр-әні,
Жүрегімде тұрады.
3-бала:Бүгін –наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз-адамның,
Анаға айтар лебізі.
4-бала: Баланың да тірегі,
Ананың да тірегі.
Шаншымасын ешқешен,
Аналардың жүрегі.
5-бала: Ана біздің гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ойын: «Гүл жинау»
Ортаға ер балалар шығады.Балалар жерде шашылып жатқан гүлдерді жинайды. Қай бала көп жинағаны анықталады. Өз жинаған гүлдерін мамаларын сыйлайды.
Ән: Айналайын, ақ мамам.
Тәрбиеші: Ортаға үш ана шығады.Көздерін шарфпен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынады.
6-бала: Айналайын анашым,
Ақылы асқан данасың.
Балаң үшін не керек,
Бәрін іздеп табасың
7-бала: Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді
8-бала: Тамшы,тамшы,тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар.
Би: «Қамажай».
9-бала: Ананың әрбір сөзі ой-талабы,
Жүректің тереңіне сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұлдары боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
10-бала: Айналайын әжем,
Мәпелеген жастан .
Менің қымбат данам,
Көңілі көк аспан.
Балдай тәтті әжем,
Сіздей жан жоқ маған.
Қуанса екен сізді,
Менің бестік бағам.
11-бала: Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың
Апатай, өзің менің асқақ әнім.
Өсірдің, әлдиледің, аяладың,
Ойыңнан бір сәт мені тастамадың.
12-бала: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Ақ мамады мен әрқашан,
Жүрсем деймін шаттандырып.
13-бала: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан искеп менің,
«Құлыншағым», «күнім» дейтін.
14-бала: Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірлеп,
Аналарға сыйлаймыз.
Ән: «Апам үшін».
Көрініс: «Гүл теруге барғанда»
Ән: Анашым
Көктем:Балалар сендер өнерлі, білімді екенсіңдер. Сендерге көп-көп рахмет. (Көктем сыйлығын таратып береді.)
Тәрбиеші: Ана дейміз бәрміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген- бәтерегі өмірдің.
Ана деген алтынқазық,алтын бақ,
Ана деген- асыл жандар болаттай,
Ана десең-мөлдір таза бұлақтай.
О, адамдар,қадірлей біл ананы,Ж
Жат қылыққа ақыл ойды тонаттпай.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әледе тыныштық.
Ана десем,шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Құрметті әжелер, аяулы аналар осымен даярлық тобының балалары дайындаған ертеңгілік аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарың үшін рахмет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген