Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аналарым ардақты

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналар мейрамына арналған ересек топқа сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зал іші әуенді шарлармен безендіріліп , музыка әуені онап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн қымбаттыда,ақ жаулықты әжелер,аяулы аналар,қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз жайдары бола берсін!

Көктем келді-Ана күні,Әлем күні,

Әлемді тебірендірер Ана үні.

Анасыз жан туған жоқ,жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны – деп ортаға

«Қайнар»ересек тобының бүлдіршіндерін тамаша биімен қошеметтеп ортаға шақырамын!

Би: «Жүректен жүрекке»

Барлық балалар қолдарындағы жүректерін аналарына сыйлайды.Барлығы жартылай шеңбер жасап тұрады.

Барлығы бірге айтады.Аналар мерекелерің құтты болсын!

Тақпақтар: 3 тілде құттықтау.

Жүргізуші: Өлен, айтып бермін,

Әдепті боп жүремін.

Өйткенімен анамды,

Өте жақсы көремін – деп балалардың аналарына арнаған тамаша бір әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Қалсын апам қуанып»

Музыка әуенімен залға Қызыл телпек кіреді,жан-жағына таңырқай карап!

-Сәлеметсіңдерме балалар!

Сендер мында қандай мереке тойлап жатырсыңдар?Мен өзімнің әжеме бара жатыр едім,сендердің дауыстарыңды естіп осында келіп қалдым.

Жүргізуші: Қызыл телпек сен біздің ортамызға қош келдің! Көктемде келіп, біз аналарымыздың мерекесін тойлап жатырмыз сенде біздің қонағымыз бол, «Көктем келді» әнін шырқайық.

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші: Сенің әжеңе арнап бізде өзіміздің сыйлығымызды тарту етейік.Біздің кішкене бүлдіршін қыздарымыздың аспаздық өнеріде бар,қыздарымыз аспазшылар биін тамашалаңыз!

Би: «Аспазшылар» (қыздар билейді)

Бір бала ортаға шығып Қызыл телпекке бәліш ұсынады.

Қызыл телпек: Балалар сендерге рахмет,мен енді сендер берген бәлішімді алып әжеме бару үшін жолға шығайын.Музыкамен шығып кетеді.

Жүргізуші:

Баласы үшін анасы,

Күндері аз ғой көз ілген.

Аяулы ана қарыздармын өзіңе,

Жүрегіңнен күн мейірімі төгілген – дей отырып аяулы аналарымызға тамаша бір ән жолдайық!

Ән: «Аяулы анашым» (балалар орындарына отырады)

Музыка әуенімен залға Қызыл телпек кіреді,залды бір айналып шығып аюдың үйін көріп қалып барып есігін қағады.

Қызыл телпек: Оу мына үйде кім бар екен?Үйден қонжығымен аю шығады.

Аю: Ау қызым сен мында неғып жүрсің?

Қызыл телпек: Аюжан мен бүгін әжемнцң мерекесімен құттықтауға бара жатыр едім.жолан адасып қалдым,маған жол көрсетіп жібересіңбе?

Аю: Қызым біз саған әрине көмектесеміз,менің мына қонжығымда осы мерекеге өзінің достарын шақырып,бір керемет көрініс қойып берсін,сен соны бірге тамашалап көр қызым.

Көрініс: «Теремок» орысша

Көрініс: «Its my apple» (ағылшын тілінде)

Ән: «Моя мама,my mother» үш тілде айтылады.

Аю:Қызыл телпек мен саған мына қолымдағы балымды берейін сен оны әжеңе алып бар қызым.

Осы кезде аюды аралар келіп қоршап алып кетеді.

Жүргізуші: Қызыл телпек қызым сен көңіліңді түсірме,оданда аю мен аралардың достасқанына куә болып олардың билерін көріп тамашалайық.

Қызыл телпек: Жарайды олай болса менде олардың биін көрейін.

Би: «Аю мен аралар биі» ұлдар билейді.Гимнастика билейтін қыздар киінуге кетеді.

Жүргізуші:Аюжан,Қызыл телпек қызым мында келіңдер,біздің балалармен тамаша бір ойын ойнап көріңдер.

Ойын: « »балалар орындарына отырады.

Аю:Қызыл телпек қызым мен мына қолымдағы балымды саған берейін,сен оны әжеңе жеткіз,балмен тәтті етіп шай ішсін.

Қызыл телпек:Балалар,аюжан рахмет сендерге мен енді әжеме жетіп алайын!

Музыка әуенімен бір екі,бір екі деп қасқыр келеді залға.Қызыл телпекке бас салады,қыз қорқып аюдың артына тығылады.

Қызыл телпек:Қасеке сен маған тиіспе мен әжемді мерекесімен құттықтауға бара жатыр едім.

Қасқыр: Жоқ мен мұндай олжаны қалай жіберем.

Аю: Жоқ қасеке сен қызға тиіспе, бүгін аналардың-әжелердің мерекесі ғой оданда кел екеуіңді достастырайын мерекені жақсы етіп тойлайық. Үшеуі достасады.

Жүргізуші: осы мерекеге өз өнерлерін көрсетуге гимнаст қыздарда келіп қалған екен солардың биін тамашалаңыздар.

Би: «Аэробика»

Тақпақтар.5 бала.

Қызыл телпек: Рахмет бәріңе кеш болмай тұрғанда мен әжеме жетіп алайын.

Музыкамен ортаға әже келеді. Қызыл телпек әжесін барып құшақтайды.

Қызыл телпек: Ой, әже мен сені қатты сағыныдым сізге жету жолында маған аю, қасқыр мына кішкентай бүлдіршіндер көмектесті мен оларға үлкен алғыс білдіремін.

Әже: Айналайын қарақтарым амансыңдар ма балаларым бүгін осы аналардың мерекесі деп менде алып ұшып немере қызыма келдім құр келмей өзімнің сыйлығымдыда ала келдім.

Аю мен қасқыр: Әже біз сізге немереңізді аман есен табыстадық. Енді біз өзіміздің орманымызға қайтайық. Сау болыңдар балалар деп музыкамен шығып кетеді.

Жүргізуші: Әже сен отырып демал мына немерелеріңнің өнерін тамашала.

Әжемізді мейрамымен құттықтаймыз,

Айтатын ән,беретін гүлім дайын.

Әжетайым сені жақсы көремін деп,

Бар әлемге қуанып айқалаймын – деп немерелеріңіздің мына гүл шоғын қабыл алыңыз әже!Немерелеріңіздің әсем әні мен тақпақтарыда бар.

Ән: «Про бабушке»

Тақпақтар: әжеге арналған.3 бала.

Жүргізуші: Әже біздің балалар енді сізге арнап өз ана тілінде ән шырқап береді қабыл алыңыз!

Ән: «Әжетайым менің»

Би: «Ча-ча-ча»

Әже: Рахмет қарақтарым,боталарым сендер маған өздеріңнің тамаша өнерлеріңді көрсетіп,менің көңілімді көтердіңдер балаларым енді менде сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр!

Немерелерім келіңдер,маған қарай жақындаңдар,ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім шапшаң жауап береді »

Жүргізуші: Рахмет әже ойыныңызға,енді осы біздің балалар мына жерде отырған барша аналарға арнап жақсы бір ән жолдайды,қабыл алыңыздар!

Ән: «Анашым құдіретіңе табынамын»


  1. Оянғанда түнде жұбатып,

Ақ сүт беріп өсірген.

Басқаныма тәй-тәй қуанып,

Тұсауымды кестірген.

Қайырмасы:

Анашым қ ұдіретіңе табынамын,

Көрмсесем бір сәт сені сағынамын.

Анашым қартаймашы жалынамын,

Анашым қартаймашы жалынпмын.


  1. Көз алдымда дәурен балалық,

Тіліңді алмай есірген.

Балалық пен қылсам шалалық,

Әркез мені кешірген.


Әже: Балалар рахмет сендерге,менің немере қызыма көмектестіңдер,менде сендерге өзімнің алып келген сыйлығымды үйлестіріп,немере қызымды алып үйіме барайын.

Сау болындар балалар! деп музыкамен шығып кетеді.

Жүргізуші:Осымен құрметті аналар,әжелер,біздің балаларымыздың дайындаған ертеңгілігіміз аяқталды!

Келесі кездескенше сау – сәламатта болайық!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.10.2020
390
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12