Анам, әкем және мен отбасылық сайыс сабақ

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Анам, әкем және мен отбасылық сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Анам, әкем және мен отбасылық сайыс сабақ тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы

Мақсаты: Спорттық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Мектепке ата- аналарды тарту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.

Көрнекілік: доп, кольцо, кедергілер, секіртпе (скакалка).

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

- Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.

Құрметті қонақтар, ата – аналар мектеп ұжымы бүгін және ата-аналар сынып оқушылары арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Әкем, анам және мен » отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер!

Келіңіздер көріңіздер

Тек ынта бөліңіздер

Мықты боп шынығып

Шығам деп сеніңіздер – деп, Сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысқа төрт отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

«Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

І. «Қыран» тобы Сулейменовтер отбасы

ІІ. «Сұңқар» тобы Ахметжановтар отбасы

ІІІ. «Болашақ» тобы Оспановтар отбасы

ІV «Айбын» тобы Тайырбек отбасы

Бұл отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ – қазылар алқасымен таныстырайық

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсыалайықтоптардықошеметпен.

Сайысымыздың негізг іарқауы болып отырған жанұялар тобының аяқалысын бағалау үшін шақырылған әділқазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

1.    ТІЖО Г.Акимбекова

2.    Дене шынықтыру пәні мұғалімі Жарылкасынов Е

3.   Педагог – психолог Бахтыбаева Н


Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады. Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады.

(таңдау жасап кім бастайтындарын анықтап алады)

Бәйгені ат жаратып шапқа налар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Ақжол!» тілейік.

Ал ендеше алдымен сайысымызды бастамас бұрын танысып алайық.«Менің жанұям»
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.

Сайысымыздыңбіріншібөлімі    - «Арба» 

Ойынныңшарты:

Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

Сайыстың тұсаукесер ойынына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ойыншылардың кемшілігі мен қателіктерін айтып, ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер біреуіңіз.

Келесі екінші бөлім – «Көпсайыс»

Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.

 Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сайысымыздың үшінші бөлімі «Қояндар»

Ойын шарты: Анасы құрсау ішіндегі сәбіздерді жинап жүгіріп барып сәбіздерді әкесіне береді, әкесі  қаппен секіріп барып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбіздерді команда қоржынына жүгіріп барып салады.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

 Қазылар алқасы бағалап жіберсек. Бағаларға түсініктеме беріп кетсеңіздер.

Ал, сайысымыздың төртінші бөлімі  - «Бетпақ дала».

Бұл ойынымыздың шарты, бір шеңберден екінші шеңберге секіріп батпаққа батпай кедергілердің басына дейін барып, жеңіс мерекесіне шеңберді белдеріне киіп бар жылдамдықпен жетуі тиіс.

- Ал, енді батпаққа батпай жеткен сайыскерлеріміздің бағасын берейік

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасапкетсеңіздер.

Сайысымыздың бесінші бөлімі«Кенгуру». Бұл сайысқа балалар қатысады. Ойынымыздың шарты доптың үстіне отырып, кедергінің арасымен, құлатпай айналып, жеңіс мәресіне жетуі керек.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптамажасапкетсеңіздер.

Сайысымыздың алтыншы бөлімі «Тәтті жұп» 

Ойынның шарты:

Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.

Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Нетижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.

Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.

Қорытынды:

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдеріңкөтерілсін

Сайыскерлердімадақтапқолсоғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.(Марапаттау)

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше

Осымен отбасылық сайыс аяқталды.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
89
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі