"Анам
және мен"
спорттық
әуенді жарыс.
Мақсаты:
балабақша қызметкерлерімен ата -
аналардың арасындағы қарым - қатынасты
жақсарту, ата - аналарды балабақша
өміріне белсенді қатысуға баулу.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын
сақтау және нығайту, дене жаттығуларын
жасауға қызығушылықтарын арттыру,
қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу,
оларды дұрыс және нақты орындай білуге
үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін
арттыру, Аналырымен жақсы достық
қатынасын қолдау. Балаларды спорттық
ойындармен, жаттығулармен таныстыру
арқылы ойын техникасын меңгертуді
жалғастыру.
Міндеттер:
1)
Балабақша
балаларының
денсаулықтарын нығайту;
2) Спорт
және дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын
арттыру;
3) Балабақша
қызметкерлеріне және ата - аналарына
деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Қажетті
құралдар: үрленген шарлар, Құрсауға
тіркелген қаптар, ұзын таяқшалар,
доптар, кегли,
түрлі түсті жапырақтар.
Қатысушылар: Ересек топ аналары мен
ұл-қыздары.
Ж үру барысы:
Нұсқаушы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қазылар
алқасы, сәлеметсіздер ме, құрметті
қонақтар. Бүгінгі, біздің балабақшамыздағы
Аналардың қатысуымен алғашқы рет
өткізіліп жатқан «Отбасы күні» атты
спорттық жарысқа қош келдіңіздер!
Біздің ортамызға 1 топтан...............
жанұясын шақырамыз.
-------------------------------
(Екі
топтың жанұясы кезекпен залға кіріп,
орындарына тұрады).
Н: Балалар
бүгінбізде мереке, Аналарымызбен ортаға
келіп, спорттық шеберлігімізді шыңдай
түсуге дайынбызба?
Бүгінгі
жарысымыз өте қызықты болады деп
ойлаймын. Өйткені, балалар - сүйкімді,
аналар – әдемі.
Ендеше, бүгінгі
жарыстың қатысушылармен танысу уақыты
келді.
Қазылар
алқасының мүшелері:
Әр тапсырманы
тез, дұрыс және бірінші орындаған топқа
ұпай қойылады. Соңында, ең көп ұпай
жинаған тобымыз жеңімпаз боп аталады.
Н: Енді, біздің отбасыларымызбен
танысамыз.
Бірінші
тапсырма:
«Таныстыру». (1 топтан бастап әр отбасы
өзін таныстарды).
Екінші
тапсырмамыз:
«Жұмбақты шешу».Кедергілер арасымен
балаңызды қолынан жетектей межеге дейін
жүгіріп барып таңдалған жұмбақты
алып оқып, сіздер оны шешу керексіздер.
Бірінші дұрыс жауап беруге тырысыңыздар.
Дайынсыздар ма?
Ендеше бастайық.
1)
Тепсең - ақ секiрiп,
Ұстатпай қашады.
Бiр
жерге бекiнiп,
Тұра алмай қашады.
(Доп)
2) Мінсем,
Төменге зу
етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем.
(Шана)
3) Қайқы тұмсық қос табан,
Қос
таяқпен ұштаған.
Итерсең алға
заулайды,
Шойын жолдан аумайды.
(Шаңғы)
1) Табанға қанжар байладым,
Бетінде
айна ойнадым. (Коньки)
2) Үрлесең жеп
- жеңiл,
Елпiлдеп кетедi.
Ұшырсаң,
Көк
- теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
3)
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде
де жүреді,
Бауырлап жатпайды. (ұшақ)
Үшінші
тапсырма:
«Дөңгелектерді жина». Бұл сайысқа тек
балалар қатысады аналарымыз тыныш қана
қолдау көрсетеді. Жерде 4 түсті дөңгелектер
шашылып жатады. Әр топқа бір түс айтылады.
Балалар айтылған түсті дөңгелектерді
жинап алу керек. Бірінші дұрыс және
барлық дөңгелектерді жинап алған топ
ұпай алады. дайынсыңдар ма? Ендеше бірге
санаймыз. Бір, екі, үш - алға! (сайыс
әуенмен жүргізіледі).
Төртінші
тапсырма:
«Шар». Бұл сайысқа аналар қатысады.
Аналардың қолдарына жіңішке таяқша мен
үрленген шар беріледі. Шарды жерге
түсірмей, тек қана таяқшамен итермелеп,
алдарында қойылған кеглиді айналып
өтіп, орындарыңызға қайту керексіздер.
Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір,
екі, үш - алға!
Бесінші
тапсырма:
«Қаппен секіру». Аналарға да балаларымызға
да «Қап» беріледі. Кезек-кезек межені
айнала қос аяқтап секіріп келулері
қажет. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз.
Бір, екі, үш - алға!
Алтыншы
тапсырма:
«Мықты отбасы». Отбасының мүшелері,
яғни анасы мен баласының бір аяқтары
бірге байланады. Дабыл бойынша отбасы
бірге жүгіріп, кедергілерді соғып
кетпей, айналып, қайта орнына келу
керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз.
Бір, екі, үш - алға!
Жетінші
тапсырма:
«Өзбалаңды таны» Сайыскер аналарымыз
байлаулы көзбен қарсы беттегі бір топ
балалар ішінен қолмен ұстамай, сипап
көрмей өз баласын иісінен танып алуы
қажет.
Біздің
отбасыларымыз барлық тапсырмаларды
орындады. Енді қазылар алқасына ұпайларды
санауға уақыт береміз. Ал мен сендерді
біздің балабақшада пайдаланатын жаңа
технологиясымен таныстырғым келеді.
Бұл - мнемогимнастика технологиясы. Бұл
- сергіту сәттерінде қолданылады.
Балалардың зейінін, байқағыштарын
дамытады. Мнемогимнастика әдісінің
басты факторы - барлық жаттығулар үнсіз
орындалады. Қазір біз осы әдісті бірге
жасап көреміз. Мен жаттығудың суретін
көрсетемін, ал сендер орындайсыздар
(мнемогимнастика орындалады).
2 -
жүргізуші: Сіздер бүгін барлық
тапсырмаларды орындап, өздеріңіздің
жақсы спорттық дайындықтарыңызды
көрсеттіңіздер. Ал өз отбасыларыңызда
қандай спорт түрлерімен шұғылданасыздар?
Сол туралы айтып беріңізші (әр отбасы
кезекпен сөз сөйлейді).
Әділ
қазы алқасына сөз беріледі, марапаттар
тапсырылады.