Материалдар / Анам үшін Анасыз өмір сөнген көмір,анасыз өмір тозақ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Анам үшін Анасыз өмір сөнген көмір,анасыз өмір тозақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Анасыз өмір сөнген көмір,анасыз өмір тозақ.Әркімнің өз анасы өзіне жақсы болады.Анаңның ақ сүтін ақтау үшін меккеге үш рет апарсаңда аз дейді ғой ата-әжелеріміз.Ана өз баласын өсіріп ,бағып-қағып,тәлім-тәрбие беріп оны үлкен жігіт қылып,ешкімнен кем болмасын деп ұлын ұяға,қызын қияға қондырады,бірақ біз жастар, балалар ананың қадіріне жетпейміз,қайсы ананы көрдің ?-менің балам жаман дейтінін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
1907
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Анам үшін.

Ана дегенде біз мейірбан ,ақ кіршіксіз таза көңілді жанды айтамыз.Анасыз өмір өмірме? Анасыз өмір қызықпа?Анасыз өмір сөнген көмір,анасыз өмір тозақ.Әркімнің өз анасы өзіне жақсы болады.Анаңның ақ сүтін ақтау үшін меккеге үш рет апарсаңда аз дейді ғой ата-әжелеріміз.Ана өз баласын өсіріп ,бағып-қағып,тәлім-тәрбие беріп оны үлкен жігіт қылып,ешкімнен кем болмасын деп ұлын ұяға,қызын қияға қондырады,бірақ біз жастар, балалар ананың қадіріне жетпейміз,қайсы ананы көрдің ?-менің балам жаман дейтінін.Алайда менің анам жаман дейтін адам көп емес,бірақ бар: Бір мақал бар –Қарғада баласын аппағым дейді.Осы мақалға қарап ананың баласына қандай мейірімділігін оны бағалай құрметтей білу керек –ақ.Біз ананың қадірін білмей өтеміз.Жүрғой балалар үйінде шырылдап сәбилер міне,солар ананың қадірін жақсы біледі. Себебі енді олар өз анасының қолын құшақтай иіскелей анасының жүзін көре, оны бір құшып бауырына баса алмай,ананың аялы алақанына жете алмайды.Осы балалар ес кірген кезде сендерді анасымен көріп,өз анасын аңсап сағынбайма?Оның көзіне жас толып ,жүрегі езіліп қан жыламайма?
Анасын бүкіл өмір бойы іздемейме ? Ертеден келе жатқан жүрек тебірентер бір аңыз айтылып келеді екен.Сол аңыз бойынша Ана мен Бала арасындағы болмыш жағдай әлі күнге дейін есіткен жанды бір күйзелтіп қабырғасын қайыстырардай ой салады:Бір бала әкесінен ерте айырылып анасымен жалғыз қалған екен.Күндердің күнінде ер жетіп,бір қызға қатты ғашық бопты.Сол қызға аңсары ауғандығы сонша, оған аспандағы айды, таудың төбесіндегі гүлді болсын алып беретіндігін дәлелі ретінде қызға өмірлік жұбайы болуын ұсынады.Сонда қыз назданып маған ойың кеткені рас болып , сүйетініңді дәлелдей түссең.
Саған қояр менің бір үлкен шартым : Егер өз анаңның жүрегін алып келсең, сол кезде саған тұрмысқа шығамын. Сонда бала қыз үшін ,қызға деген махаббаты үшін, өзінің аңсар таудай қамқоршысын ,дүниеде қол жетпес жан асыл анасын өлтіріп, жүрегін қызға алып келеді.
Сонда қыз:Не қылған ақымақ едің ? Сенің ардақты анаңның жүрегінен,саған мен қымбат па едім? Сен дүниеде ең ессіз адам екенсің! Осы қатыгездігің үшін саған тұрмысқа шыға алмаймын !-деп қыз бұрылып кетіп қалады. Бала түсінбей қалады да , қайта үйіне шауып өзінің тірлігіне қатты өкінеді. Бала жүгіріп бара жатып,аяғы сүрініп құлап жүрек алдына ұшып түседі. Сол уақытта Абайла-құлыным қатты жығылмадың ба? Бір жерің ауырып қалмады ма? –деп ана елжіреп баласына сөйлейді .
Сонда бала өз істеген ісіне қатты өкініп ,жерге жатып жылайды,жылағанмен не пайда?Анасының жүрегін алып, анасы жанында жоқ болғасын.
-Ана үміт,ана жігер дегендей ,ана біздің қамқоршымыз ,тоғыз ай ,тоғыз күн құрсағында көтеріп ,түн ұйқысын төрт бөліп ,қуансақ бірге қуанып,жыласақ бірге жылаған.Анадай ешкім қамқор болмаған.
Қазақта алпыс аға әке болмайды, жетпіс жеңге шеше болмайды, деп текке айтылмаған.
Анамызды ешқашан ренжітпеуіміз керек. Қадіріне жете білу және сыйлауымыз біздің балалық борышымыз ,әрі парызымыз саналады.
Титтейіңнен сенің құлағыңа туған тілдің сұлу сазын құятын- атаң да емес,әкең де емес,ол –әжең мен анаң.Кәрі әжең мен қажымас анаңның бесік жыры.Ана тілдің алғаш қадірін білгізетін де –анаң.Ана тіл қадірін ананың өзінен артық ешкім білмейтін болар.
Өсірген мәуелетіп санам гүлін
Сүйемін бабам тілін,анам тілін!
Өмірден өзге бақыт тілеймін,
Өзімдей құрметтесе балам-тілім!
Бұл өлеңнің авторы да –ана. Ең соңғы жолдың қуаты мен құштары –іңкәрі да мені қатты тебірентеді.
Жасасын -аналар мәңгілік!


Туркменбаева А.С.




























































































































































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!