400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анам үшін мақтанам

Материал туралы қысқаша түсінік
ана такырыбындагы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анам үшін мақтанам

Ана деген сөздің астында қандай ашылмаған түйін жатыр десеңізші... Сіз соны білесіз бе? 3 әріптің бағалығын сезесіз бе? Білмеймін. Бірақ осы шығармада нақты оймен сізге бәрін жеткізейін. Шырылдаған ана жүрегі, әлбетте дүние есігін ашқан баласын тастамай сүйіспеншілігін, ол қартайғанша балайды екен. Біз соны түсінеміз бе? –Жоқ, іштей тынамыз, бірақ кейде ұмытамыз. Ал енді менің өмірімнен бұрын туылған анамның өмір сынағын баяндап көрейін. Маған үлгі, сізге естен кетпес қызықты оқиға : Анамның әкесі геолог , анасы КСРО-кезіндегі бала-бақша меңгерушісі болған деседі. Нақты білмеймін, бірақ анамның туған әпкесінің айтуы бойынша: менің анам 5 жасында анасынан , 11 жасында әкесінен айрылған. Сол кездегі ауыртпалықты сезінген анамның жас жүрегі , қан жылап морт сынғанын елестетсем, өзімді қоярға жер таппаймын. Ал орнына қойсам дәл мұндай сынаққа шыдай алмайтынымды сеземін. Мен үшін анам кім әрине - Батыр. Неге? – Себебі кәмілет жасына толмай жатып, совет үкіметіне жұмыс жасап, күні – түні бауырларына қарап, өзін қамтамасыз етудің орнына, барлық тапқанын, солардың келешегіне үлес қосқан. Ал менше? – ол жаста нені білдім, қандай игі іс жасадым. Тіпті есіме түсер емес. Кейде ұяттан жерге тесік таппай кетемін... Күндер өтіп, айлар жылжып өз қатарластарымен оқуды бітіреді. Ол кезде білесіз, қаражат көзі аз, билікте отқан лауазымды қызметкердің, яғни шенеуліктің ғана тұяқтары оқуға түсуге мүмкіндіктері әлбетте болды. Ал қарапайым халық соған көндікті. Бұл ақиқат. Бірақ менің анам сол кездің өзінде қайтпас қайсарлығымен, институтқа түсуге деген мүмкіндікті жіберіп алмайын деген мақсатпен , мектеп табалдырығын бітірген соң, барлық жиған терген еңбегін ғылыми жобаларын алып оқуға бағын сынаған. Алтын уақытын қызыққа емес, білімге жұмсаған. Соның арқасында халықаралық мемлекеттік оқуды бітіріп, халыққа қызмет еткен. Мен тіпті ол кездегі оқу дәрижесін яғни үлгісін, тәртіп тұрғыларын сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Анамның осы қиындықтарға қарамай , мойымай адал жолмен өз еңбегінің арқасында, лауазымды заң қызметкері атанғанына мақтанамын. Неге мақтанбасқа, Назарды аудармасқа. Қу дүниенің өтірігін балағанша, Ақиқатпен құрметке, жасанбасқа. Шындығына келсек мені осындай Батыр ана, дүние есігін ашуға себепші болғанына шексіз қуанамын, жәнеде дән ризамын. Өйткені менің өмірімде айқын мақсат қоюыма, ол жолдан таймай , арманыма қол жеткізуіме басты себепкер үлгі ол менің Батыр анам!!!



Автор: 11 В сынып оқушысы

Өтебаева Ұлжалғас Қайыржанқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі