Эссе
Анама
хат
Анашым! Сізге деген сағынышым күннен-күнге ұлғая
түсуде... Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі-өнегеңіздің
арқасында мен жақсы азаматша болып өсіп келемін. Сіздермен өткізген
әрбір минут, әрбір секунд мен үшін аса қымбат. Сол сәттерді қазір
ерекше сағынатын болыппын. Асыл анам... мен Алматыға алға қойған
асқақ армандарыма жету үшін келдім. Сіздің үмітіңізді ақтап,
өзімнің таңдаған мамандығым бойынша көп жетістіктерге жетемін деп
өз-өзіме серт еттім. Сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға
төтеп беруге, жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуға
үйреттіңіз. Жеңіске жетсем сол жеңіске қандай қиындықпен жеткенімді
, қандай қиын сәттерді бастан өткергенімді еске салып отырдыңыз.
Осы үшін мен сізге қанша алғыс айтсамда артық болмас сірә.
Анашым... Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзейтінмін. Сізге қызыға
да таңырқай қарайтынмын. Сіздің шыдамдылығыңызға, ержүректігіңізге
таңғалмау мүмкін емес секілді. Ардақты анам... Сіз маған өмірде
барға қанағат етуді үйреттіңіз. Өзіңіздің қандай қиындықтарды
көргеніңізді айтып отырдыңыз, сол арқылы мен осы күніме шүкіршілік
етуді үйрендім. Сіз менің қателіктерімді кешіре білдіңіз,
еркелігімді көтере білдіңіз. Аяулы анам, менің сізден аларым әлі
көп. Мен өмір теңізіндегі осы бір жолға аттанарда маған айтқан
әрбір сөзіңіз, үмітпен қараған көздеріңіз мені алға жетелеп келе
жатқандай. Мен сізбен бір күн сөйлеспей қалсам, сәби жүрегім сізді
сағынып тұрады. Аяулы анам... Мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлға
сізсіз. Жаратқанымның қолдауымен сіздің балаларыңызға деген
махаббатқа толы жүрегіңіз, мөлдіреген көзіңіз жыламаса екен деп
тілеймін... Анашым... Мен ешқашан жаман жолға түспеймін, себебі мен
сіздей алтын ананың бөбегімін.
Эссе
Анама
хат
Менің анамның есімі Гүлжан.
Менің анам өте мейірімді, ақылды, сыпайы, жақсы адам. Мен анамды
өте - өте жақсы көремін. Менің анам әрдайым сабақ орындауыма
көмектеседі, білмегенімді айтады. «Ана» деген дүниедегі ең асыл
адам емес пе? Мен анамнан көп нәрсені үйренемін. «Шешеге қарап қыз
өсер»,- деп бекер айтпаған атам қазақ. Біз анамызды сыйлап
қадірлеуіміз қажет. Анамыз бізді мәпелеп өсіреді, аялайды. Мектепке
кетсек уайымдап, сағына күтіп отырады. Тезірек келсе екен деп,
бауырына басқысы келеді. Бар дәмдісін алдымызға тосады. Біз
қуансақ, анамыз да қуанады. Ал, мұңайсақ жұбатады. Біз бір қатерге
ұрынсақ шашы біртіндеп ағара бастайды. Сол үшін біз анамызды
тыңдап, айтқанын екі етпей жүруіміз керек. Мен де анамды өте жақсы
көремін. Анам мені еркелетіп, шашымнан иіскеп отырады. Анамыз бізді
қатарынан кем болмауға қолынан келгенін бәрін жасайды. Біз
анамыздың үмітін ақтап, өте жақсы оқып үздікдер қатарынан
көрінуіміз қажет. Онда да біз анамыздың қарызынан құтыла алмаймыз.
«Анаңды Меккеге үш мәрте арқалап алып барсаң да қарызынан құтыла
алмайсың» деген сөз бар. Мен өскенде міндетті түрде Меккеге апаруға
тырысамын. Мен қазірден сабағымды жақсы оқып жүрмін. Ал, кейіннен
ана парызын өтеуге тырысамын. Ол үшін ең бірінші сабақты жақсы оқу
керек деп ойлаймын және де ол дұрыс шешім. Менің анам бұл дүниедегі
ең асыл Ана!
Эссе
Анама
хат
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса
алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де
анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз
ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде
толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен
тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір
адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына
нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның
аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз
айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап
жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа
жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат
боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына,
құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай
жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап
барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында
да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн
ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана
алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі
адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау –
сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый –
құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір
ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың
қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші
қолымен әлемді тербетеді.
Барлық адам ана алдындағы
парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы
киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам
– анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман
болсын!