15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Анамызды аялайық”
1 жүргізуші Армысың құрметті ұстаздар, тәрбиешілер сіздерді алдағы келе жатқан,
көктем мерекесі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.
2 жүргізуші Кеш жарық құрметті ұстаздар, тәрбиешілер. Бүгінгі ұлдар ұйымының
дайындаған “Анамызды аялайық” атты шағын мерекелік кешіне қош
келдіңіздер. Бүгінгі әнде, биде аналар, ұстаздар өздеріңізге арналады.
1 жүргізуші Ару... Ана... Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен
өзектесіп жатады екен. Әр бір тіршіліктің ғұмыр – бұлағы да тәлімнің өмір
нәріде ана болмысынан бастау алады. Оған тектіліктің символы;
Ораз Мухаммедтің әжесі - әз Ханымның,
дана Абайдың әжесі - Зеренің ,
дара Шоқанның әжесі- Айғанымның
өнегелері дәлел.
2 жүргізуші Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділетті ұғамын, дей келе орталарыңа «Апау» әнімен
Тайшыбеков Исатайды шақырамыз, қошеметпен қарсыалыңыздар.
1 жүргізуші 8 – Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Жер бетіндегі тіршіліктің
өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан
ізгіліктің дәнін еккен аналардың мерекесі - келесі тыңдайтындарыңыз
көркемсөз «Ана» . Оқитын Төлебаев Жандос
2 жүргізуші Ел тарихында бір халықтың анасына айналған аяулы жандар қаншама ?
Қасиетті Домалақ –Ана деп жалғаса беретін ардақты есімдерді ескермесек
кім болғанымыз ? Ана алдындағы борыштың айқын айғағы ,
құрметтің белгісі-Әйел –аналарға бас иеміз.
Ән «Анашым» орындайтын Қайдаров Қуанғали.
1 жүргізуші Ана сүтінен барлық адам нәр алған
Ол азығың өзіңмен бірге жаралған
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол
Күш қуат боп өң бойыңа тараған.
2 жүргізуші Сіз білесіз бе? 1908 жыл. 8-наурыз
Көктемнің жаңбырлы күні . Нью-Иорк жұмысшы
әйелдері жұмыс уақытын қысқартуды , жалақыны көбейтуді талап етіп
демонстрацияға шықты. Осы оқиғадан кейін 1910 жылы
копенгагенде жиналған сотциалист әйелдердің 2-халықаралық
конференциясы 8-наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде
мерекелеуге шешім қабылдады.
1 жүргізуші 1913 жылы 8-наурызда Петербуркте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні
атап өтілді.Полиция митингіге тыйым салды. Кеуделеріне қыса ұстаған
қызыл қалампыр гүлдері бар әйелдер шоғыры полиция қысымын елеместен
митингіні жалғастыра берді. 1917 жылы наурыз айында
әйелдер «Балаларға нан берсін ! » , «Соғыс жойылсын ! »
«Патша жойылсын !» деп талап етті . 1945-жылы 26- қараша Париж .
Тұңғыш рет халықаралық әйелдер конгресі болды. Конгресте
әйелдердің халықаралық федерациясы құрылды. Әйелдер бейбітшілік
үшін айбынды үн көтерді. Ана, бейбітшілік. Екеуі – әлеміндегі егіз ұғым.
2 жүргізуші Бәріде ана бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. Көркемсөз, Бегейбаев Мейіржан.
1 жүргізуші Ана ! Ол біздің елде ардақты адам ,
Кіші де , үлкенде ардақтаған,
Өзінің аяулысы Отанында
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған .
Көрініс : «Соқыр ана»
Осы көріністен алған әсерлеріңіз !
2 жүргізуші Сеннен өскен балалар ,
Бақыттылар даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті Ұстаз- аналар.
Нұрдәулеттің орындауында «Ару ана» қарсыалыңыздар.
1 жүргізуші Бәрі де ,ана, бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең – дастанды,
дей келе бүгінгі кештің қонақтарынан Ана, әйел туралы 10 мақал-мәтел
сұрасақ , рұқсат етсеңіздер.
2 жүргізуші Кешімізді тағы бір ойын мен жалғастырсақ . Ойынымыз : Сұрақ жауап деп
аталады .( Ұстаздарға сұрақ жазылған қағаздар таратып беріледі )
1 Сүйінші
2 Жеті қазына
3 Жеті ата
4 Тұлым
5 Айдар
6 Көрімдік
1 жүргізуші Жауаптарыңыз дайын болғанша Естемісов Бекзаттың орындауында
«Шоқ қыздар» әні ( пародия )
2 жүргізуші Жауаптарымыз дайын болса .
( Жауаптан кейін )
Ана бір қолымен бесік тербесе ,
Екінші қолымен әлемді тербетеді дей келе Ақбереннің
көркемсөзін тыңдайық .
1 жүргізуші Келесі тамашалайтындарыңыз Естемісов Бекзаттың орындауында пародия .
2 жүргізуші Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Аяулы менің анашым
Тайшыбеков Исатайдың орындауында Құнан нар.
Ендігі сөз кезегін осы жерге келіп отырған,
Ұстаздармен тәрбиеші апайларға берсек
1 жүргізуші Ақын ананы ән-жырына қосады , суретші оның бейнесін қалдырады .
Ана сөзінде ұлылық бар. Яғни , ана-барлық адамның және бүкіл дүниенің
тірегі Анаға деген құрмет , анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен
басталады.
2 жүргізуші Алқаны ақ самал ,
Мәпелеген , жан ана
Көкте күнім батсада
Өзің күнсің балаға ,
Аналарды сүйеміз ,
Сөзін ойға түйеміз .
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
1 жүргізуші Бүгінгі кешімізді уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген