жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Анамызға моншақ жасаймыз
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы/образовательнаяобласть:Шығармашылық,таным
Бөлім/Раздел:Мүсіндеу,құрастыру
Тақырыбы/тема: Анамызға моншақ жасаймыз.
Мақсаты\Цель:Балалардың мүсіндеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тұзды қамырдан домалақ және сопақша пішіндегі моншақтарды мүсіндеуге үйрету.
Аналарына деген сүйіспеншілікке,тазалыққа баулу
Билингвальды компонент/ Билингвальный компонент:Моншақ-бусы,қамыр-теста,домалақ-круглый,сопақ-овал.
Сөздік жұмыс/Словарная работа:Моншақ,әшекей заттар.
Технологиялық қамтамасыз ету/технологическое обеспечение:Алқалар,тұзды қамыр,бояу қылқалам,сәндік жіп,тақташа,пышақ,сүлгі.
|
Іс-әрекет кезеңдері Этапы деятельности |
Тәрбиешінің басқару әрекеті Действия воспитателя |
Балалардың іс-әрекеті Действия детей |
|
Мотивациялық- Қозғаушылық Мотивационно- побудительный |
Шаттық шеңбері Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Аманбысың, көк аспан! Аманбысың,жер ана! Қайырлы күн алтын күн! Қайырлы күн балалар! Балалар! Мынау не? Қане моншақты қандай материалдан жасайтынын еске түсірейікші.Моншақ- сәндік бұйым,оны адамдар сән үшін тағады.Оны әр түрлі пішінде (дөңгелек,сопақ) болатынын айтады,талқылайды. Балалар, көктем айында ең алғашқы мереке қандай мереке? Балалар бүгін біз моншақтарды тұзды қамырдан жасауға қалай қарайсыңдар? Біздің жасаған моншақтарымыз аналарыңа ұнайды деп ойлайсыңдар ма? |
Балалар моншақты шыныдан пластмассадан жаасайтынын айтады.э -Әрине,Аналар күні. Балалардың жауаптары |
|
Ұйымдастырушы- лық-ізденістік Организационно- поисковой |
Балалар біз бүгін моншақты тұзды қамырдан жасаймыз.Ол үшін мен қазір тұзды қамыр жасап беремін.Тәрбиеші қамырды илеу жолдарын айтады. Бұл қамырға балалар ұнды қанша қоссақ тұзды да,сонша қосамыз.Қамыр иленіп болды оны екі бөлікке бөліп,екі түрлі бояумен бояймыз.Қамыр екі түске боялды.Балалар өз қалаулары бойынша моншақтың пішінін таңдайды.Тәрбиеші мүсіндеу техникасын түсіндіреді.Балалар, тұзды қамырды шымшып алып ,екі алақанымыздың ортасына салып домалақ немесе сопақ пішіндер жасаймыз Саусақ жаттығуы. Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады) Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады) Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады) Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады) Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады) Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады) Ағатайым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады) Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады) Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады) Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады) Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады) Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды) Тәрбиеші шағын домалақ және сопақ моншақтарды жасап көрсетеді.Әркім өзінің тақташасына тазалықты,қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып мүсіндеуді ескертеді. Балалар үлгіге қарап: .Шағын домалақ,сопақша пішінді моншақтарды жасайды .Тәрбиеші моншақтарды әркімнің өзінің жібіне инемен өткізіп,түстері мен пішіндеріне қарай кезектестіріп тізіп береді. .Балалар оны кептіріп қояды. |
Балалар тәрбиешінің жасағандарын мұхият қарап отырады. Балалар саусақ жаттығуларын орындайды. |
|
Рефлексивтік- түзетушілік Рефлексивно- корригирующий |
Тәрбиеші балалардан тұзды қамырдан моншақ мүсіндеу жолдарын сұрап ,білімдерін бекітеді.Аяқталған жұмыстан «Анамызға сыйлық» көрмесі ұйымдастырылады. |
Балалардың жауаптары |
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Нені білу керек/Знать:Моншақтың зергерлік бұйым екенін,моншақтарды әр-түрлі материалдан(шыны,пластмасса,ағаш) жасайтынын.
Нені игереді/Иметь:Моншақтарды қамырдан домалақ,сопақ әр-түрлі пішінде жасауға болатынын.
Нені білді/Уметь: Қамырды бояп,бояумен әдемі безендіруді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген