Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Анар жеміс-жидектердің патшасы" ғылыми жобасы.2-сыныпЕлшибаева Айда
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Орындаған: Елшибаева Айида Куанышкызы
Сыныбы: 2 «В»
Сынып жетекшісі: Есбергенова Маржан Елюбаевна
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе ….................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. Адам – жеміс-жидектердің патшасы
2. 1 Анар ағашының таралу тарихынан ...............................................5
2. 2 Анар жидегіне сипаттама ..................................................................7
2. 3 Анардың емге дәру қасиеттері ........................................................11
ІІІ. Қорытынды .........................................................................................21
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................22
Аңдатпа
«№ 11 жалпы білім беру орта мектебінің» 2 «В» сынып оқушысы Елшибаева Айиданың «Анар – жеміс-жидектердің патшасы» атты ғылыми жобасы анар жидегінің пайда болу тарихы, оның адам ағзасына тигізетін пайдасын танып білуге, оның емдік қасиеттерін айқындауға арналған.
Зерттеудің мақсаты: Жеміс-жидектер патшасы саналатын – анар жидегінің сан қырлы сипатын ашып көрсете отырып, оның адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиеттерін айқындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер анардың өзіндік қасиеттері мен құпия сырлары жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, анар туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Зерттеу барысында:
- Анар ағашының таралу тарихынан деректер жиналды;
- Анар жидегіне сипаттама берілді;
- Анардың емге дәру қасиеттерін айқындалды;
- Оның емдік рецептері көрсетілді.
Жұмыстың орындалу әдістері. Анар туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
«№11орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 2 «В» сынып
оқушысы Елшибаева Айида Куанышкызы
«Анар – жеміс-жидектердің патшасы»
атты ғылыми жұмысына
Пікір
Оқушының «Анар – жеміс-жидектердің патшасы» атты ғылыми жобасы анар жидегінің өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.
Зерттеу жұмысында оқушы оның шығу тарихына сипаттама бере отырып, оның жер бетіне таралуы туралы кеңінен талдау жүргізеді. Анардың адам ағзасына тизізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасалған. Оның адам өмірінде алып отырған орнын мен денсаулықты жақсартудағы көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашылып талданған. Анардан жасалған шырынның қандау ауруларға ем болатыны көрсетілген.
Зерттеуші анардың пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
«№11орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі: Есбергенова Маржан
І Кіріспе
Салауатты тамақтану – өзімізге деген сенімді күшейтеді. Сіз ажарлы көрінесіз, өзіңізді жақсы сезінесіз. Көбірек қуатқа ие боласыз. Біз күнделікті өмірімізде көкөністер мен жеміс-жидектерді жиі тұтынуымыз қажет. Олар тағамды түрлендіреді. Дәрумендермен ағзаны сақтайтын заттармен қамтамасыз етеді.
Күн сайын жылдың кез келген уақытында ағзамызға көкөністер мен жеміс-жидектер қажет. Олар – денсаулық кепілі. Оларды дұрыс таңдау арқылы ағзамызды тек көмірсумен, маймен, дәрумендермен, минералды заттармен ғана емес, мұнымен қатар аминқышқылдарынан бөлініп шығатын ақуызбен қамтамасыз етеміз. Түрлі көкөніспен тамақтанатын адамдар мүлдем ауырмай, өмір жасы ұзақ болады.
Ересек адам күніне картопты қоспағанда одан бөлек 300-400 грамм жемістер жеуі керек. Көктем мезгілінде ағзамызға жемістер құрамындағы заттектер жетіспейтіндіктен, түрлі инфекциялық ауруға қарсы тұра алмаймыз.
Біз физиолог мамандардың кеңесін үнемі есте ұстағанымыз жөн: таңертеңгі, түскі және кешкі аста міндетті түрде көкөніс болуы тиіс.
Ет секілді пісірілген көкөністер де зиян. Алайда олардың құрамындағы заттектерді сақтап қалғыңыз келсе, аз мөлшердегі суда, қабығымен пісіріңіз. Осылайша құрамындағы дәрумендер мен тұздар сақталады.
Кез келген асқа жеміс немесе олардың шырынын қосу арқылы ағзаға тигізер пайдасын арттырасыз. Көкөністер мен жемістер су мен тұз алмасуды реттеп, қатық, ірімшік, жұмыртқа, балық, ет, жаңғақ, жеміс-жидек сынды азық-түліктермен үйлеседі.
Жеміс шырындарының орны ерекше. Олардың құрамындағы пайдалы заттар ағзаға небары 10-15 минуттың ішінде сіңеді. Оны күнделікті, бірақ 300 грамм ғана тұтынған жөн. Тамақтан 2-3 сағат бұрын ішіңіз. Оларға ешуақытта қант қоспаңыз.
Егер ішектеріңіздің қызметінің бұзылуына байланысты жемісті жей алмайтын болсаңыз, оларды шырынымен алмастырыңыз. Алайда бір стақанда бес түрлі көкөністің шырыны болуы керектігін ұмытпаңыз.
Осындай адам ағзасына пайдасы зор жидек бірі – сәбіз.
Мақсаты:Жеміс-жидектер патшасы саналатын – анар жидегінің сан қырлы сипатын ашып көрсете отырып, оның адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиеттерін айқындау.
Міндеттері:
- Анар ағашының таралу тарихынан деректер жинау;
- Анар жидегіне сипаттама беру;
- Анардың емге дәру қасиеттерін айқындау;
- Оның емдік рецептеріне тоқталу.
ІІ Негізгі бөлім
2 Анар – жеміс-жидектердің патшасы
2.1 Анар ағашының таралу тарыхынан
Күз - бірқатар жемістер пісетін кез. Соның бірі – анар. Анар көпшілік ойлағандай жеміс емес, ол - жидек. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Әуелгі баста Пәкістан мен Ауған елдерінде өскен жидек бірте-бірте Еуропаға келіп, Италия, Португалия, Исландия елдерінде жаңа сұрыптары пайда болған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті «Жеміс-жидектердің патшасы» деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар.
Анардың атамекені ерте заманғы Парсы елі. Сонау ықылым замандарда-ақ Иран елі өңірінде анар егіле бастаған. Анар егу байырғы замандарда-ақ тым кең таралған. Ол ең әуелі батысқа таралып, Жер орта теңізі өңіріне жеткен; Кейін Орта Азия мен Қытайға таралған. Қытайда анарды ең алғаш жазба естелікке түсірген – Батыс Жин (б.з. 265-317 жылдар) дәуіріндегі Лу Жи және Жаң Хуа. Олар өз еңбектерінде: Хан дәуіріндегі Жаң Чянның батыс өңірге елшілікке барғанда Бұқара, Шаш елдерінен анар ұрығын ала келгенін жазған. Жаң Чян әкелген анар ұрықтары ең алдымен сол тұстағы астана – Чаң-андағы Патшалық орман қорығына және Лишан арасан сарайына егілген. Тарихи әдебиеттерде жазылуына қарағанда, Патшалық орман қорығына сол кезде егілген алуан түрлі гүлдер мен өсімдіктер үш мың түптен асқан, ал Бұқара анары он түп екен. Солардың арасындағы “Бұқара-Шаш анары”Хан У-ди патшаның ерекше сүйіспеншілігіне бөленгендіктен, оны Лишан арасан сарайына апарып егу бұйрығын шығарған. Кейін анар Қытайдың жер-жеріне таралып, жай халық бұқарасының сүйіспеншіліне бөленген. Сонымен анар жөніндегі әр түрлі аңыздар мен салт-ырымдар да ұзақтан жалғасын тауып, көптеген қызықты мәдени құбылыстарды туындатқан.
Қытай тарихында анарды мадақтаған қыруар өлең-жыр, ән мен арнаулар бар. IV ғасыр ақыны Панйө жазған (Бұқара-Шаш анарына арнау) қытайлар шығарған тұңғыш “Анар туралы мадақ жыры”болатын. Өлеңнің негізгі мағынасы:
“Анар, анар – мұғжизасы әлемнің,
Миуаң асты бәрінен де дәмдердің.
Жыр мен өлең , мадақ жазды төгілтіп,
Дарыны тау, оқуы көл бектерің.
Алыстан қарап көз тіксең,
Мұхитқа нұр төккендей.
Сұқтанып жақын үңілсең,
Жұлдыздар сәуле сепкендей.
Ұрықтар жеп көз құртты,
Мыңдаған ұя салыпты.
Ішкеннің шөлін басыпты,
Сергітіп ішкіш ғарыпты.”
2. 2 Анар жидегіне сипаттама
Анар (гранат) — анар тұқымдасына жататын көпжылдық жеміс ағашы немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Жерорта теңізі, Орталық Азия, Кавказ, Қырым аймақтарында өсетін ежелгі жеміс. Жеміс ағашының бойы 5-6 метрге дейін барады. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Кәдімгі анар (Punica granatum) Орталық Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазеке анар, Қызыл анар, т.б. бірнеше сұрпы бар. Анардың сұрыптары қабығының түсіне байланысты анықталады. Қатты қызыл, қызғылт, алқызыл түсіне қарап, оның тәтті иә қышқыл екенін анықтауға болады. Биіктігі 3-5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті келеді. Анар жарықты жақсы көреді, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. 80 жылға дейін, кейде одан да көп өмір сүреді, 3-4 жастан кейін жеміс береді. Жемісін жерге түсірмей тұрып алады. Сəуір айында гүлдеп, күзде жемісін береді.
Кейбір анар 300 жылға дейін өседі. Жемісінің салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, дөңгелек (диаметрі — 8-10 см), шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. Әбден пісіп жетілген анардың қабығы тегіс, құрғақ әрі қатты болуынан білуге болады. Тұқым өзара жемістің ішінде жеке «қоршаулар» арқылы 6-12 бөлімшеге ажыратылып тұрады. Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жидегінің құрамында 80-90% су, 8-12% қант, 0.5-5 % түрлі қышқылдыр, 3-4% көмірсу және А, В, С, Е дәрумендеріне, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрий микроэлементтеріне бай болады.
Латын тілінен аударғанда «granatus» «дәнді дақыл» деген мағынаны білдіреді. Анар жемісінің құрамында А, В, С, Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералдар көптеп кездеседі. Анар күш-қуат беріп, шөлді және шаршағанды басады. Денені, жүректі, асқазанды және тіс еттерін қуаттандырады, артериялық қысымды түсіреді, асқазанның қабынуы, ауыз жарасы үшін пайдалы. Иммунитет жүйесін күшейтеді. Қатерлі ісік жасушаларының дамуына кедергі болып, денені қорғайды. Қандағы холестерин деңгейін және қан қысымын түсіреді. Тамырдың бітелуін алдын алып, тамырларды ашады. Осындай қасиеттері ен жүрек пен тамыр ауруларына қарсы қорған болады. Қандағы қант мөлшерінің деңгейін тепе-теңдікте ұстап, қант диабеті ауруларына пайдалы болып келеді. Теріауруларынадапайдалы. Анаршырыныдауыстыңшығуынакөмектеседі.
Емретіндеанаржидегі, қабықтары, ағашыныңтамырлары, тамырыныңқабықтарыжәнебұтақтарықолданылады. Бұл жемісті жедел ішек, зәр шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты, жұқпалы тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Анар жидегі, қабықтары, ағашының тамырлары мен бұтақтары мен тамырының қабықтары қолданылады. Бұл жемісті жедел ішек, зәр шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты, атеросклерозды, баспа мен жұқпалы тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Кептірілген анардан қайнатылған шай жүйке жүйесін тыныштандырады. Суық дертіне шалдыққандар күніне бір кесе анар шырынын бір қасық бал араластырып ішуі керек. Анардың қабығын суға қайнатып, бұл қоспаны ауызын шайып отырса, тіс жегісінің алдын алуға болады. Шашыңыз жиі түсетін болса, тершең болсаңыз, осы қайнатпаны пайдаланыңыз.
Анардың жемістер атасы болып есептелуі бекер емес. Оның құндылығы – айрықша құрамында. Анар жемісін ежелден дәрігерлер мен халық емшілері дертке дауа ретінде пайдаланған. Анар шырыны жүрек және қан айналымы ауруларымен күреседі, қан қысымын төмендетеді және қартаю процестерін тежейді. Бос радикалдарға қарсы жақсы әрекет етеді, көк шайға немесе қызыл шарапқа қарағанда, құрамында үш есе көп антиоксиданттар болады. Ол ДНК мутациясы қаупін төмендете отырып, қатерлі ісік торшаларының бөлінуі мен көптеген онкологиялық аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. Анардың қабағынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларында пайдаланылады. Оңтүстік Қазақстанда Анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қазаке анар, Қызыл анар, т.б. сұрыптары өсіріледі.
Анар шырыны — бағалы және диеталық тағам. Бірдей мөлшерде пен анар қосып қайнатылғын шырыннан (гренадин) кисель, мусс дайындауға болады. Әбден қайнатып қойыртылған анар шырыны түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылады, бұл көбінесе кавказ асханасына тән; тағамға жағымды қышқылтым дәм береді. Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпенауыратындар, сондай-ақ энтероколитцен ауырғанда анардың ащы сұрыптарын пайдалануға болмайды.
Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жаз кезінде күн көзінің тік түсуін өте жақсы көреді. Кейде тіпті күн сәулесі жетіспей қалса, гүлдемей қояды. Құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз келеді. Анар жемісі қантқа, таннинге, С витаминіне, өзектерге, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрийге микроэлементтеріне бай. Жемістің құрамындағы заттар адам организміне өте пайдалы. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде). Анардың қабығы қайнатылған кезде бөлінетін заттар имунитетті нығайтады. Сонымен қатар анар қабығынан таспа құрт түсіретін дәрі дайындайды. Тұрмыста тамырынан бояулық зат алынады. Анардан шырын, шарап, салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.
Анар тұқымнан және вегативті тәсілмен – қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейеді. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды. Орта есеппен әр ағаштан 25-30 кг, кейбір сұрыптары 50-60 кг-ға дейін жеміс береді. Ағаштары жемісті 30-50 жылға дейін береді. Анар ағашының кейбір түрлері 300 жылға дейін өмір сүреді.
2. 3 Анардың емге дәру қасиеті
Анар құрамындағы С дәрумені ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Ауыз қуысы, тері, тамақ, тіс инфекциялық ауруларының алдын алады. Салқын күндері тұмау мен суық тиюден сақтайды. Анар адам ағзасындағы кез келген дерттен айығуға жол ашады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін арттырып, иммунитетті күшейтеді.
Анар жидегі немесе оның шырыны, әсіресе,
мектеп оқушылары мен сынақ тапсырғалы жатқан студенттерге аса
пайдалы. Оның құрамындағы минералды заттар мен жеміс-жидек қанты ми
жұмысын жақсартып, ойлау қабілетін арттырады. Бұл жемісті ішек, зәр
шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты, атеросклерозды, баспа мен
жұқпалы тері аурулары кезінде пайдаланады. Кептірілген анардан
қайнатылған шай жүйке жүйесін тыныштандырады. Суық тиіп,
науқастанған адамдар күніне 1 кесе анар шырынын 1 шай қасық бал
араластырып ішуі керек. Анардың қабығын суға қайнатып, ауызды шайып
отырса, тіс жегісінің алдын алуға
болады.
Анар косметика саласында да кеңінен
қолданылады. Ол теріні бос радикалдардың әсерінен қорғайды, теріні
қалпына келтіру процестерін белсендіреді, оны қоректендіреді және
жандандырады. Сондай-ақ коллаген мен эластиннің синтезделуіне
мүмкіндік туғызады, бұл әжім қыртыстарының жазылуына, терінің
тығыздығы мен созылымдылығын
ұлғайтады.
Анар жемісінің шырыны түрлі дәрумендерге бай болғанымен, оның зияны да жоқ емес. Дәрігерлер құрамында лимон қышқылы көп осы жеміс шырынын асқазан жарасы бар және панкреатитпен ауыратын адамдарға аса сақтықпен тұтыну қажеттігін ескертеді. Дегенмен денсаулығында міні жоқ адамдардың өзі анар сөлін таза күйінде ішпей, сәбіз болмаса қызылша шырынымен, тіпті болмаған жағдайда қайнаған жылы сумен араластырып ішкендері абзал.
Қиыр Шығыс халқы «адам баласы күніне бір шиша анар шырынын ішсе, ешуақытта обыр ауруына шалдықпайды» деген нанымды ұстанған. Уақыт өте келе, анардың зиянды ісікке төтеп беретін күші бар екенін ғалымдар дәлелдеген.
Анар жидегінің құрамында А,В,С,Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералды заттар бар. Ал анар шырынында шарап немесе көк шәйға қарағанда антиоксиданттардың мөлшері өте көп.
Анардың бірнеше сұрпы бар. Ол оның қабығының түсіне байланысты анықталады. Қатты қызыл, қызғылт, алқызыл түсіне қарап оның тәтті я қышқыл екенін анықтауға болады. Қабығы тегіс, құрғақ әрі қатты болса, жидек әбден пісіп жетілген.
Анар шырыны асқазан, бүйрек, бауыр, өт, диабет, анемия, қан тамыр аурулары асқынған кезде көмекке келеді. Сондай-ақ, анар шырынын физикалық, лазерлік, химиялық терапия мен радиациялық сәулелер қабылдағаннан кейін ішкен жөн. Себебі, анар шырыны емнен кейін ағзада қалып қойған зиянды қалдықтардың көзін жояды.
Диетолог мамандар күніне үш мәрте анар шырынына 1 ас қасық бал қосып ішуге кеңес береді. Бұл ем атеросклероз, анемия, жүрек ауруларының алдын алып, иммунитетті күшейтеді. Алайда, ағзасында қышқыл мөлшері шамадан көп жандарға анар шырынын пайдалануға мүлдем болмайды.
Есіңізде болсын!
-
Тамақ ауырған кезде анар қабығы көмекке келеді. Анар қабығын үккіштен өткізіп, оған қайнаған ыстық су құйыңыз. 10 минуттан кейін тұндырып, күніне 2-3 ас қасықтан үш мәрте ішіңіз.
-
Ангина кезінде тамағыңызды анар шырынымен шайқаңыз. Бұл емді стоматит ауруында да қолдануға болады (тек қышқыл анардың дәндерін пайдаланбаңыз).
-
Ыстығыңыз көтеріліп, қан қысымыңыз төмендегенде не жоғарылағанда бір стақан анар шырынын ішіңіз. Араға 1,5-2 сағат уақыт салып, емді қайталаңыз.
-
Анар ағашының жапырақтары да пайдалы. Жапырақтарды кептіріп, кейін қайнатып шәй түрінде пайдалануға болады.
-
Анар шырыны қатты қышқыл болмауы керек. Қышқыл шырын тіс эмалінің құрылымына кері әсерін тигізеді.
Анардың шырыны мен қабығын медицинада көптеген ауруға қарсы қолданады. Анар шырыны - қаназдылыққа қарсы жақсы ем. Оның құрамы қант, таниндерге, С дəруменіне бай. Анар шырынын күнде ішіп жүрсе, жүрек, қан тамырларының қызметі жақсарады. Сонымен қатар анар шырыны, әсіресе әншілер үшін өте пайдалы. Ол дауыстың таза, әрі әуенді шығуына көмектеседі. Сондай-ақ анар суы шөлді басып, дене қызуы мен артериялық қысымды түсіреді, тәбетті көтереді.
Анар қабығын кептіріп, ұнтақтап, іріңдеп кеткен жараға қарсы қолданса, тез жазылады. Және анардың бір ас қасық ұнтағына бір ас қасық бал қосып жазылмай жүрген жараға жағуға болады. Анардың гүлін жинап, кептіріп, ұнтақтап, бір шай қасықты алып, жарты литр суға салып, ауызды, тамақты шайып жүрсе, баспа ауруын кетіріп, тіс еттері жетіле түседі.
Күн сайын таңертең ашқарақта бір стақаннан анар шырынын ішетін болса, жүрек ауруларының біразының алдын алуға болар еді, – дейді ғалымдар. Ал осы шырынды обыр сырқатының жасушалары өте ұнатпайтын көрінеді. Ол қуық асты безінің, терінің обыр ауруларын тежеп, өсірмеуге, қайта денеден ығыстыруға септігін тигізеді екен.
Жүктi әйел нәрестенi аман-есен өмiрге әкелу үшiн витаминдердi көп iшу керек. Әрине, мұны әрбiр әйелмен қатар ер-азаматтар да жақсы бiледi. Ағзаға таблеткалы, капсулды витаминдерден гөрi неше түрлi жемiс-жидектердi, көк-сөктердi көбiрек пайдаланған жөн. Ал екiқабат ананың ағзасындағы витаминдердiң аздығы iште жатқан нәрестеге көп қауiп төндiредi. Витамин жетiспеушiлiгiнен кейде сәби дүниеге келгенде ақыл-ойының, дене мүшесiнiң кемiс болып тууы да мүмкiн.
Жүктi әйелдiң аман-есен босануына әйел бойындағы окситоцин гармонының септiгi көп. Ал бұл гармон екiқабат әйелдiң ағзасында қажеттi мөлшерде болмай қалған кезде дәрiгерлер жетiспейтiн окситоциндi құяды.
Жақында ғалымдар әйелдер ағзасында жетiспейтiн гармондардың пайда болуына анар сөлiнiң көп көмегi барын дәлелдеп шықты. Анардың шырыны жетiспей жатқан витаминдердi де қалыпты мөлшерде толықтырады екен. Қазiр ғалымдар әйелдер туып жатқанда дәл анар сөлiндегiдей көмектесе алатын аппарат ойлап табу үшiн жұмыс iстеуде.
Анардан жасалаты ем-дом
1. Халық медицинасы анардың жемісі ғана емес, жапырағын, қабығын, тамырын да емге қолданады. Мәселен, бала емізіп жүрген ананың омырауы жарылып, тілінетін болса, анар жемісінің қабығын ұнтақтап, жарыққа себеді.
Жасушаларды біріктіруші дәрі ретінде анар гүлінің бір шай қасығын 150 г қайнап тұрған суға салып, бір сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы 50-60 грамды астан 40 минут бұрын күніне екі рет қабылдайды.
2. Дизентерияға, жұтқыншақ тамақ ауруына 5 г жеміс қабығын ұнтақтап, 100 г суға 10 минут ақырын қайнатып, ауызды шайқайды. Ішеді.
3. Асқазан ауырғанда анардың шырынымен тоқтатуға болады. Ол үшін жарты стақан ішсеңіз, бірер сағаттан соң басыла бастайды.
4. Өтте, оның жолдарында құм тас пайда болса, бүйрек пен қуықта байланған тастарға да анар шырыны әсер етіп, қуып шығуға көмектеседі. Ол үшін 2 ас қасықты астан 20 минут бұрын, күніне 5-6 рет ішіп, екі аптаға созады. Арада бір апта өткізіп, емді қайта жалғастыруға болады.
5. Күйікке 1:10 мөлшеріндегі анар шырынын жағып, үстіне қабық ұнтағын себеді. Осыдан жұқа қабат пайда болады. Сол қабат асты жылдам жазыла бастайды.
6. Ішектердің қабынуынан іш сұйылып өткен кезде анар тұқымын қуырып, ұнтақтап, мактің тұқымымен қосып, қайнап тұрған сумен ішетін болса тоқтатады. Тіс ауырып тұрған кезде анар тұқымын балмен қосып шайнап жесе ауырғаны тоқтайды.
7. Қуырылған тұқымды ұнтаққа айналдырып, күніне үш рет пышақтың ұшымен астан бұрын алып жейтін болса, кеуденің ауырғанын, жүрек қағысын қалыпқа келтіруге, сары аурудың алдын алып, асқа тәбет ашуға көмектеседі.
8. Тіс түбінің қанауына анар қабығының ұнтағына тең мөлшерде қыша шөбінен, қырмызы гүлден қосып қайнатып, ауызды шайқайды. Бір емделу барысы 10 күн.
9. Созылмалы тұмауға бір ас қасық ұнтақталған анар қабығына 1,5 ас қасық тал қабығы, 1 ас қасық емен қабығынан 300 г қайнап тұрған суға салып, 15 минут су моншасында ұстайды. Осыны бұқтырып, төртке бөліп ас алдында ішеді.
Анар шырыны – жеміс-жидек шырындарының арасындағы ең пайдалысы. Жаңа сығылған, еш қосылысы жоқ анар шырынының ағзаға әкелер пайдасы мол.
Ең біріншіден, анар шырынында түрлі микроэлементтер бар. Кальций, калий, натрий, темір, фосфор, магний сынды пайдалы қосылыстар топтамасы басқа ешбір жеміс не жидектің шырынында болмайды. Әсіресе, құрамындағы калий шамасынан анар шырыны алдыңғы орында тұр.
Анар шырынындағы дәрумендер мен микроэлементтер ағзамен жақсы қабылданады. Дәрігерлер бұл шырынды қан аздыққа(анемия) шалдыққандарға дауа ретінде ұсынады. Оның қандағы гемоглобин шамасын көтеру қасиеті өте жақсы. Ісік, гипертония кезінде де пайдалы, сондай-ақ іш айдататын қасиеті бар.
Анар шырыны ас қорытуға көмектеседі, құрамындағы қосылыстар іш қабынуын басып, тәбетті жақсартады, диареяға шалдыққан адамдарға көмектеседі.
Анар шырынының тағы да бір ерекше қасиеті - ол радиация әсеріне шалдыққандарға көмектеседі.
Анар шырыны иммунитеттің жағдайын жақсартады, нәтижесінде ағза тұмау сияқты ауруларға шалдықпайды. Жөтел кезінде тіпті анар шырынымен тамақ шаюға кеңес беріледі.
Анардың тәтті түрлерінің шырыны ең пайдалы қасиеттерге ие екен. Анар шырынына бір қасық бал қосып ішсе де болады.
Артериядан құтылу үшін міндетті түрде дәрі-дәрмектің көмегіне жүгіну керек емес. Өйткені қарапайым анар шырыны артерия қысымына қарсы төтеп береді. Оған "Атеросклероз" журналында жарияланған тәжірибе дәлел бола алады. Сонымен қатар анар шырыны жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алып, холестерин мөлшерінің көбейіп кетпеуіне көмектеседі.
Анар жемісінің 10 қасиеті
Анар жемісінің қаншалықты дәмді екенін көпшілік білетін шығар. Алайда оның бұл қасиетінен өзге денсаулыққа пайдасы да бар. Оның шырынан алу үшін 1 анар, көлемі 30х30 сантиметр болатын 4 қабатталған дәке және 15 минут қажет.
1. Жасарту қасиеті бар. Бос радикалдарды жоғалту мәселесінде анар бірінші орынға ие болады. Оның құрамында көптеген антиоксиданттар бар.
2. Бүйрекке пайдалы. Оны түрлі токсиннен қорғайды.
3. Бауырды қорғап, қайта қалпына келтіреді. Аталған ағзаның өлі жасушаларын қайта тірілтеді.
4. Имунитетті қорғайды. Анар мен анар шырынында С дәрумені көп болатындықтан, суық мезгілде жылдам сарқылатын күш-қуатты қалпына келтіреді.
5. Жақсы антиаллерген. Оның құрамында аллергиялық реакцияларды төмендететін полифенол бар.
6. Жүрек ауруын алдын алады. Қан тасымалдау жүйесіндегі бос радикалдарды бір-бірімен байланыстыратын биохимиялық процесстерді азайтады. Холестеринді синтездеу қасиеті бар.
7. Сүт безіндегі обырды болдырмайды.
8. Простатиттегі обыр жасушаларын өлтіреді.
9. Тері обырының алдын алады.
10. Біздің ДНҚ-мызды қорғайды.
Қорытынды
Бұл зерттеуде біз анар жидегінің біз біле бермейтін қыр-сырына қанық болдық. Оның адам ағзасына тизізер пайдасы мол екен. Әсіресе, анар шырыны – жеміс-жидек шырындарының арасындағы ең пайдалысы. Жаңа сығылған, еш қосылысы жоқ анар шырынының ағзаға әкелер пайдасы мол.
Өйткені, анар шырынында түрлі микроэлементтер бар. Кальций, калий, натрий, темір, фосфор, магний сынды пайдалы қосылыстар топтамасы басқа ешбір жеміс не жидектің шырынында болмайды. Әсіресе, құрамындағы калий шамасынан анар шырыны алдыңғы орында тұр.
Анар жидегі туралы аңыздар да жетерлік. Мысалы мынау: Анар Қытайға таралған соң, анардың “көпұрықтылығын” ырымдайтын салттық сенім пайда болған. Қытайдың ерте заман тарихи дәстүрі – (Солтүстік Чинама. Уей Шоу баянында) жазылуынша: Янзұң дейтін төре кәнизек алыпты. Оның тойын құттықтауға патша да келіпті. Кәнизектің шешесі патшаға қос анар тарту етіпті. Тұрған қалың халайық оның мақсатын түсінбепті. Оларға сонда тұрған Уей Шоу деген адам түсіндіріп: “Анар жемісі көп ұялы, көп ұрықты келеді. Төре жаңа некеленді. Кәнизектің анасы сіздердің ұрпақты болуларыңызды тілейді.”- дейді. Патша бұны естігенде қатты қуанып, Уей Шоуға екі топ торғын торқа силапты. Сонан бастап, Қытайда мейлі патша ордасында, немесе халық ішінде болсын, өзара анар силау арқылы үрім-бұтақты болуын тілеу салтқа айналып жүре беріпті. Кейбір жерлерде құдаласып кәде жүргізгенде анар немесе анаргүл егілген гүл түбекше ұсыну салтқа айналған. Ал кейбір жерлерде некелену тойында анарды түсетін келіннің киіміне тығып қою салты да бар.
Анар жемісін жергілікті жерде өсіру қолға алынса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Гүлстан. Өсімдіктер туралы сайт
-
Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
-
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
-
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011
-
Шығысқа ұзатылған анар туралы аңыздар. Қытайшадан аударған: Сағидолла ӘЛИҰЛЫ 2016 жылы. 沙海杜拉•艾利 译
15