400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана махаббатына байланысты,жастарға ана мейірімінің қасиетін ашып беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анашым

Анашым менің -өмірдегі тірегім,

Анам менің кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін....

"Жердің жұмағы аналардың табаны астында " дегенді біреу түсінсе,біреу бұл сөздің мәнісін түсіне бермейді.Менің ой толғауым ең асыл да, қымбатты жан -ана жайлы болмақ.Ол біздің тілеуімізді тілеп,тек біздің жағдайымызды жасап,алыста жүргенде хабар күтіп,алаңдап отыратын асыл ана ғана екенін өзіміз аналы болғанда ғана түсінген сияқтымыз.Иманды болғай оның қайтқанына бірталай жыл толыпты.Сағынасың,аңсайсың бірақ не илаж өмір осылай жалғаса береді. Әрине, тұмсықтыға шоқтырмай,қанаттыға қақтырмай өсіріп,өмір сыйлап тәрбие берген анашымды еске түсірмесем болмас.

Ана!Осы керемет сөзді қанша рет қайталасаңда,айта бергің келеді,айтқан сайын ләззат алып,бойыңа күш-қуат құйылатындай. Дүниеде анадан асқан дана,мейірімді,анадан асқан жан жоқ шығар.Асыл анамыз бізге жарық дүние сыйлады,әлемнің сан қырлы қияларына жол ашты.

Орыстың ұлы жазушысы М.Горкий"....Дүниеде не жақсылық болса,соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған"деген сөзі еріксіз еске түседі.Ана үшін бала-бақыт.Ананың балаға деген махаббаты таусылмайтын,шексіз сезім.Бауыр еті баласының бақыты үшін өз жанын қашанда құрбан етуге даяр әр дайым ана емес пе?!Аузынан жырып баласына беретін,түн ұйқысын төрт бөліп,сәбиі үшін өмір сүретін ата-ананың ақысын төлеу жер басып жүрген әрбір перзенттің парызы мен атқарар борышы.Өйткені,анамыздың бетіндегі әжімінде баласының қуанышы мен қайғысы,жүріп өткен жолы бар.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде "Әуелі анаңа,тағы да анаңа,содан соң әкеңе жақсылық жаса","Егер әкең мен анаң бір мезгілде үн қатса ,әуелі анаңа жауап бер" деген сөз бар."Ата-анаңның қадірін-балалы болғанда білерсің"деген қазақтың ұлағатты нақыл сөздеріне

келсем,шындықтың түбіне көзім жеткен сияқты.

Қазіргі кезде мен де анамын.Анамның берген тәрбиесін,ақылын бойыма жинап,сол кісіге ұқсағым келеді.Ананың шуағымен жылынып,ана құшағында мейір алып жүрген біз -аналарды мәңгі қадірлеп,қастерлеп өтейікші!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі