Материалдар / "Анашым" 8 наурызға арналған ертеңгілік

"Анашым" 8 наурызға арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«Ардақты анашым»


Залдың іші мерекеге сай безендірілген балалар екі қолдарына гүл ұстап шығады ал қыздар қолдарына орамал (платок) ұстап залға кіреді билейді.

Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар!Сіздерді 8- Наурыз аналар күніне арналған «Ардақты анашым »атты мерекелік ертеңгілікке жиналып отырсыздар. « Қарлығаш » тобының балалармен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Армысың әжелерім, аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық

Көздеріңнен көрем шаттық арайын

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың-дей отырып баларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Бүгінгі көктем күнінде, Алан

Барлық адам қуанар.

Аналарды мейраммен,

Құттықтайды балалар

Апатайым анашым, Ақылы мол данасың Қамқорысың сәбидің, Аягөз

Гүлі сенсің әр үйдің



Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Анамыздың қасында

Жұлдыз болып жанамыз. Дамира

Мәпелейсің мені анам, Қолыңдағы құсындай Құлпыра өсіп дем алам Алуа Құшағыңда қысылмай Бізді өсірген апатай, Еңбегіңде зор екен Құтты болсын апатай

Құрметтейік балалар аналарды Бізді өмірге әкелген даналарды Себебі ана деген асыл жан ғой Алма Ойлауменен істелік әр қадамды.

Жанымызды жайнатқан, Сіздерсіз ғой ,аналар! Зор денсаулық , мол бақыт, Найля Тілейміз біз, балалар!

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық. Мерей

Бар адамға, берсе адам мейірін

Орнар еді бар әлемде тыныштық

Анам менің, ақ анам , Менсіз таңы атпаған. Менсіз күні батпаған, Мен ұйықтамай жатпаған. Өмірге бізді келтіріп, Жарық дүние сыйлаған. Адия

Жамандыққа баласын Ешқашан да қимаған.

Құтты болсын мерекең

Ән: « Анашым қартаймашы»

Балалар орындарына отырады

Жүргізуші: Бәрімізге осынау өмірді, әлемнің жарығын сыйлаған кім?

Балалар: Ол - ана!

Жүргізуші: Бұл өмірде бәрінен қымбат , ол кім?

Балалар: Анамыз!

Жүргізуші: Ең бір асыл досың кім?

Балалар: О ана!.

Жүргізуші: дүниеде ең жұмсақ не?

Балалар: Ол–ананың алақаны!

Олай болса осыншама бізге әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға ізгі лебіздерімізді сыйлайық.


Жүргізуші: Балалар бір дауыс естілетін сияқты.(найзағай ойнап, жаңбырдың жауған дауысы естіледі.Әуенмен Көктем келеді.)


Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіңдер ме, ақ жаулықты аналар, ару қыздар!

Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем

Дән боп жерде себілем.

Жаңбыр боп жауам да

Нұр боп көктен төгілем

Шуағын төгіп әлемге

Жылуын күннің әкелем

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.

Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан-байтақ жерімізге қош келдіңіз.

Шуағың мен нұрыңды мол төге беріңіз. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін гүлдей жайнаған қыздарға сыйлап ,олармен би билегім келіп отыр

Би: « Гүлдер»

Жүргізуші: Ал енді біздің бүлдіршіндеріміздің өзіңізге араналған әндерін қабыл алыңыздар.

Ән: « Көктем»


Жүргізуші: Балалардың ананаларына деген тілектері ешқашанда таусылмайды, ендеше көктем біздің ата-аналарымызбен, балаларымен бір ойын ойнап жиберсек .

Ойын: « Аналарымыздың көмекшілері»

Шарты:


Жүргізуші: Аналарымызға арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар Балалардың тақпақтары:


Түн ұйқысын төрт бөліп , Бесік тербеп , ән салып.

Мәпелеумен өсірді , Таңды ұйқысыз қарсы алып. Азиза

Түн болса да тынбайды, Мейірімін сыйлайды . Бесік жырын жырлайды, Тек баласын ойлайды .

Сыйлап өтем әрдайым, Әнге қосып аттарын. Жаман атқа қалмаймын , Амина Жақсы ісін жалғаймын .

Ана –көркі –көгімнің Ана –нуры жерімнің Айару Ана –бағы баланың

Мақтанышы елімнің



Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде,

Шаттанып ойнап -күлем ! Ансар



Би: «Джентлмендер»


Жүргізуші: Біздің топтың балалары дайындаған көріністі қабыл алыңыздар


Көрініс:Анаға


Көктем: Мен балалардың маған гүл жинасып берулерін тілеймін. Балалармен бір ойын ойнасақ


Жүргізуші: Аналардың анасы,

Балалардың әжесі

Өлең жолдарына қосайық

Әжелеріміз туралы айтайық-деп, біздің бүлдіршіндеріміздің әжелерге арналған тақпақтарын тыңдайық


.

Әже -біздің күніміз, Әжемнің біз гүліміз. Балаларды қуантып, Хасан Ұзақ өмір сүріңіз.



Менің әжем, ақ әжем-

Ұл мен қыздың бағы әжем. Арлан Ертегі айтып бер десең, Айтып берер тағы әжем.

Әжем менің қамқоршым, Анам менің ақылшым. Екеуіде асыл жан, Ерсін Екеуің де жақынсың.



Жүргізуші: Әжелерімізге арналған әнімізді қабыл алыңыздар

Ән: « Сағындым әже»

Жүргізуші: Балаларымыздың тақпақтары



Анам, анам ақ анам

Мен өзіңдей ақ балам

Айтқан тіліңді аламын. Ислам

Жұмсағанда барамын.



Бойыңда мен сүйетін

Көп сенің қасиетің.

Аяулы перзентіңмін Аршат

Алдыңда бас йемін.



Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде, Алима

Шаттанып ойнап күлем.







Вы прекрасны, проста класс!

И сегодня мы для вас

Спляшем,песенку споём Азиза

И поздравим с женским днём!



Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан Бексұлтан
Анамыздың жүрегі.



Өзіңнің ерке балаң бұл,
Арнайды бүгін саған жыр.
Жақсылық тілеп жаныма,
Әрқашан ана аман жүр Әлішер



Өзіңнің ерке балаң бұл,
Арнайды бүгін саған жыр.
Жақсылық тілеп жаныма, Айбек

Әрқашан ана аман жүр





Подпишу открытку маме Мамуля и бабуле

Нарисую в ней цветы 100 раз скажу «люблю»

Назову ее сегодня И нежно поцелую Айлина

Королевой красаты! Букеты подарю.



Ән: Тобымыздың ару қызы Найляның орындауында «Әже » әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Анам менің әдемі

Анам менің тірегім

Анам менің жүрегім

Анамды мен сүйемін

Ару- ана өмірдің асылдары

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда

Сіздер үшін мереке шашулары-деп кезекті биге береміз

Би:Флеш моп

Құрметті қонақтар, біздің «Ардақты анашым» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен ертеңгіліміз аяқталды. Сау –саламат болыңыздар ! !!









































Пускай же в этот праздник Маму, бабушку, сестрёнок

Для них цветут цветы И, конечно,всех девчонок

Пусть будут их улыбки От души мы поздравляем

Небесной красоты Счастья, радости желаем.



Вы прекрасны, проста класс!

И сегодня мы для вас

Спляшем,песенку споём

И поздравим с женским днём!




















,

.

,

,









Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі