400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі №40 орта мектеп (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:

І тарау. Атадан қалған асыл сөз

Педагогтің аты-жөні:

Утегулова Айала Нусипбаевна

Күні:

19.09.25

Сынып: 9 қазақ әдебиеті

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны.

Сабақтың тақырыбы:

Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннен үзінділерді шығармашылық жұмысқа пайдаланады.Әнет бабаның стиліне сүйеніп, өз ойларын көркем тілмен жеткізеді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі

5минут

Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу.Сабақтың мақсатымен және күтілетін нәтижелермен таныстыру.Құндылықтар (еңбексүйгіштік,кәсіби біліктілік)туралы айту.


-Сәлемдеседі. -0қу құралдарын дайындайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көңіл-күйін және сабаққа дайындығына ынталандыру сөздері: «Жарайсың, керемет», т.б.;

Оқулық, топтама

Сабақтың ортасы

2.Жаңа сабақты меңгерту



5минут


Мұғалім білім алушыларды сабақтың алгоритмімен таныстырады. Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Пәнаралық байланыс пен құндылық туралы айтады.


Қызығушылықты ояту

Сұрақ:
– «Арсыз», «ғайып», «даусыз» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар ойы: ассоциация әдісі арқылы тақтаға жазылады.

Мұғалім қысқаша түсіндіреді:

  • Арсыз – ұятсыз,

  • Ғайып – болашақта болатын, көзге көрінбейтін,

  • Даусыз – талас тудырмайтын, ақиқат.


Тапсырма құрылымына байланысты сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды.

Мақсатпен, бағалау критерийімен танысады.Өз ойларымен бөліседі.

Дәптерді ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.

Бағалау критерийі:

Мәтіннен үзінділерді шығармашылық жұмысқа пайдаланады.Әнет бабаның стиліне сүйеніп, өз ойларын көркем тілмен жеткізеді.


Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану

Оқулық



Бағалау парқшасы



ЖИ https://chatgpt.com/


https://www.youtube.com/watch?v=WgxR1gZNIXw

Жаңа сабақты меңгергенін тексеру


10минут

Мұғалім тапсырманы бастамас бұрын бағалау критерийімен, тапсырманы орындау тәртібімен таныстырады.

1-тапсырма. Мәтін:

Не арсыз?
Кәрілік — арсыз,
Ұйқы — арсыз,
Аштық — арсыз.

Не ғайып?
Қонақ — ғайып,
Несібе — ғайып,
Өлім — ғайып.

Не даусыз?
Күннің шығуы — даусыз,
Жастың кәрі болуы — даусыз,
Өлім — даусыз.

Тапсырма:
«Не арсыз?», «Не ғайып?», «Не даусыз?» және автор айтпаса да, осы қатарға тағы 1-2 мысал қосып, постер дайындаңдар.

1-тапсырмада «Не арсыз?», «Не ғайып?», «Не даусыз?» және автор айтпаса да, осы қатарға тағы 1-2 мысал қосып, постер дайындайды.


Дескриптор:

мәтінді түсініп талдайды;

1


1

пікір қосады;
автор стилінде өз мысалдарын құрастырады;
постерді мазмұнды қорғайды;

2




1

Жалпы балл-3

Оқулық


Бағалау парақшасы


10минут

2-тапсырма Жұптық жұмыс Тапсырма:
Берілген бір шумақты негізге ала отырып, қазіргі заманмен байланыстырып,
диалог немесе көркем ойтолғау жаз (5–6 сөйлем).

Мысалы:
– Аштық – арсыз дегенді қазіргі заманда қалай түсінуге болады?


2-тапсырмада берілген бір шумақты негізге ала отырып, қазіргі заманмен байланыстырып, диалог немесе көркем ойтолғау жазады (5–6 сөйлем).

Дескриптор:

мәтіннен алған үзіндіні пайдаланады;

1

автор стиліне жақын жазады;

1

қоғаммен байланыстырады,шығармашылық көзқарас танытады;

1

Жалпы балл-3

Оқулық


Бағалау парақша сы

10минут

Мұғалім тапсырманы бастамас бұрын бағалау критерийімен, тапсырманы орындау тәртібімен таныстырады.

3-тапсырма. Жеке жұмыс. Тапсырма:
«Не даусыз?» деген сұраққа өз өмірлік тәжірибең мен көзқарасың бойынша жауап бер.
Кемінде 5–6 сөйлемдік мини-эссе жаз.


Саралау тапсырмасы. «Не даусыз?» деген сұраққа өз өмірлік тәжірибең мен көзқарасың бойынша жауап беріп көр.

3-тапсырмада «Не даусыз?» деген сұраққа өз өмірлік тәжірибең мен көзқарасың бойынша жауап бер.
Кемінде 5–6 сөйлемдік
мини-эссе жазады.

Дескриптор:

автор стилінен алшақтамайды;

1


1

тақырыпқа сәйкес ой білдіреді;

1


1

өз көзқарасын дәлелдейді;

1


1

өмірмен байланыстырады

1


1

Жалпы балл-4

Оқулық, топтама


Бағалау

парақша

Сабақтың соңы

3.Қорытын-дылау кезеңі


5минут



«Соңғы ой» әдісі Мұғалім оқу мақсатына қайта оралады.Тақырыпқа байланысты сұрақ қойып, жауап алу мақсатында сабақты бекітеді.

Әр білім алушыға жеке-жеке тоқталып бағалайды, кері байланыс береді.Келесі сабақта неге назар аудару керек екендігін ескертеді. Үйге тапсырма беру. Мөңке би шығармасына арнап креативті жұмыс жасау (өлең, сурет, бейнебаян, эссе) Рефлексия «Өзара бағалау» әдісі арқылы парақшаға бағалау

Сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма алады.

Рефлексия . «Өзара бағалау» әдісі рефлексия жасайды.

Әр оқушыны жеке бағалау, неше балл алғандарын айту.



1-10 балл қойылады

Әлеумет-тік желі

оқулық


Бағалау парақша-сы



Тексерген:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 қазан
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі