Материалдар / «Аңдар қыстан қалай сақталанады»(қысқа сюжеттік әңгіме құрастыру)

«Аңдар қыстан қалай сақталанады»(қысқа сюжеттік әңгіме құрастыру)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеуді дамыту конспект тәрбиешілерге көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2019
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ІІ-кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 08.01.2019ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Аңдардың қысқы тіршілігі

Тақырыбы: «Аңдар қыстан қалай сақталанады»(қысқа сюжеттік әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастыруға үйрету.Төлдердің аталуын жекеше және көпше түрде сын есімдерді қатыстыру. (Г,Ғ) дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

1.Тәрбиелік Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, жанауарларға, қоршаған ортаға деген аяушылық, қорғаушылық сезімдеріне тәрбиелеу, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық : Балалардың жанауарлар жайлы алған білімдерін, қыс мезгіліндегі жанаурлар тірішілігі жайлы білімдерін одан әрі дамыту. Сөз бен сөзді байланыстыру арқылы өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту. 3.Оқыту: Ормандағы аңдардың тіршілігімен олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.Қысқы орман, жанаурдар тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру. Балалардың аңдарды сипаттауға салыстыра білуге жаттықтыру тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу. Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, карточкалар, шпатель ойындары. Көптілділік (ересектер тобына)билингвалдық компонент (ортаңғы, екінші кіші тобы) Қыс – зима, аңдар – животные, қоян – заяц, қатүлкі – лиса , аю – медведь Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Кіріспе Балалар, бүгін күн қандай керемет, ерекше күн. Қане барлығымыз бір - бірімізге жылу, көтеріңкі көңіл сыйлай отырып, бір –бірімізбен амандасайық. - Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі. - Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде күн салқын, аяз болады.
- Дұрыс айтасыңдар! - Жарайсыңдар!

2. Негізі бөлімі:

Тосын сәт: Есік қағылып ішке Маша кіреді.(слайд)
Маша: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Маша: Ой, балалар мен Аю досымды табалар емеспін, орманның бәрін іздедім, таба алмадым. Маған аюды іздеп табуға көмектесесіңдер ме?
Ия, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ой, балалар мынау аю мен Маша ертегісіндегі Маша ғой. Қош келдің, төрге шық. Балалар сендер Машаның досы Аюды білесіңдер ме?
Ия, білеміз.
Тағы да қандай аңдарды білесіңдер?
Қоян, түлкі, қасқыр.
Ал осы жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
Орманда өмір сүреді.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ендеше мен сендерге жұмбақтар жасырайын, сендер шешіп көріңдер және жауабын екітілде айтамыз.

Жұмбақ жасыру: Билингвалдық компонент
1. Өзі бір қу
Жүрген жері айқайда шу. (Түлкі – лиса )
2. Қорбаң - қорбаң етеді.
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап
Қыста ұйқыға кетеді
Ол не, балалар? (Аю – медведь)
3. Көлеңкесінен қорқып безектейді
Ал оның баласын «көжек» дейді.
Бұл не балалар?( Қоян – заяц)
- Дұрыс таптыңдар балалар, бұлардың барлығы да орман аңдары екен.
Слайд:
Қанекей балалар барлығымыз тақтаға қарайықшы: Мен сендерге жабайы аңдардың қысты қалай өткізетіні туралы әңгімелеп берейін. Ал, осы орман аңдары жылдың әр мезгілінде өздерінің ыңғайына қарай әзірлік жасап, қарсы алады екен. Қыста жейтін азықтарын жаз бойы жинап алады. Мысалы: Аю жаз бойы денесіне май жинап, қыс бойы апанда ұйықтап
Қоян сәбізді жақсы көреді.
Ал енді түлкі - жақсы иіс сезгіш аң. Ол қар астындағы тышқандарды аулап қорек етіп, жатады, көктем шыға оянады. Жабайы аралардың балын жейді. Ал, қоян болса қысқа азық жинамайды, ормандағы ағаш бұтақтарын, қабықтарын, қурап қалған шөптерді қорек етеді екен, сонымен бірге қоян нені жақсы көреді? жейді екен. Сөйтіп жабайы аңдар қыс бойы азықтарын өздері тауып қоректенеді. Міне балалар осы орманда мекен ететін қандай аңдар болса да оларға қамқорлық жасауымыз керек екен. Оларды босқа өлтіруге болмайды, олардың да сендер сияқты кішкентай балалары бар.
Балалар, мұқият зер сала тыңдады.

Сергіту сәті: 
- Қанекей, барлығымыз орнымыздан тұрып, Машамен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Аю құсап қорбаңдап,
Түлкі құсап сылаңдап
Қоян болып секіріп,
Орнымызды табайық.
Жарайсыңдар, балалар!
Дидактикалық ойын: «Анасын тап».
Міне, аналары суреттерді қою ал балалары адасып қалыпты, қане аналарын тауып берейікші. Кім табады балалар?
Балалардың жауабы.

Жеке жұмыс: Амира аю туралы тақпақ айтады.

«Жабайы аңдарды тап» Дидактикалық ойын. 
Шарты: Үй жануарлардың арасынан жабайы аңдарды табу. 
Дұрыс таптыңдар, балалар! Қане, осы аңдардың балаларының аттарын қайталап айтайықшы?
Аюдың баласы - қонжық.
Түлкінің баласы - мырша.
Қоянның баласы - көжек.

Міне балалар, біз машаға аюды табуға көмектестік

3. Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді?
Маша: - РАХМЕТ, балалар мынау сендерге сыйлық.

Балалар бүгінгі мекереке қарсаңында біз машаға көмектесіп алғысын алдық, жарайсыңдар!

Маша: Мен енді үйіме қайтайын, сау болыңдар, балалар.
- Сау болыңыз, Маша.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ