«Аңыз адамды» ардақтау - ұлттық құндылықтарды ұлықтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Аңыз адамды» ардақтау - ұлттық құндылықтарды ұлықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте Бауыржан Момышұлының тұлғасын таныту мақсатында тәрбие жұмысы барысында көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Алайда, сабақ барысында тек аңыз адамның қысқа әңгімелерін оқытумен ғана шектелеміз. Батырдың шығармалары тұнып тұрған ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын туындылар болғандықтан, оларды тереңірек оқыту керек деп ойлаймын. Сондықтан осы мақаламда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмегі тиер деген мақсатпен қазақтың біртуар тұлғасын оқытуда өзімнің іс-тәжірибеммен бөлісе отырып, ой бөліскенді жөн көрдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы.

«В.Г.Белинский атындағы орта мектеп, мектепке

дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Молдажимова Айнур Кадирбаевна

Санаты-жоғары

Еңбек өтілі - 22 жыл


«Аңыз адамды» ардақтау -ұлттық

құндылықтарды ұлықтау

Халық даналығы «Жаңбыр жауса жер ырысы, батыр туса ел ырысы» деп аталы сөзге арқау еткен батырларын сонау ықылым замандардан дәріптеп, құрмет тұтқан. Отанын жаудан қорғап, елге үлгі болған қаһарманның әрбір ісін ұрпақтан-ұрпаққа жыр- дастандар, аңыз әңгімелер арқылы жеткізіп отырған. Халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар өзінің жақсы , өнегелі істерімен, нақыл да ақыл сөздерімен, ар-намысын аяққа таптатпайтын өрлігімен халықтың рухын көтеріп, ұлтымыздың ұлылығын танытып отырғаны баршаға аян. Ерліктің үлгісін көрсетумен қатар, батырларымыз адалдық пен сенімділіктің, символына айналып, ұлттық болмысымызды сақтап қалуымызға да үлкен үлес қосты. Олардың есімдері ұлттық санамызда сақталып, ел тарихына алтын әріптермен жазылды.

Осындай батырлар арасынан бұрынғы ата-бабамыздың қаһармандық жолын жалғастырушы батыр Бауыржан Момышұлының есімі ерекше аталады. Аты аңызға айналған тұлғаның батырлығы, елдің салт-дәстүрін сақтаушы, шешендігі мен шежірешілдігі нағыз қазақтық қалпын танытып, дараланып тұрғандығында.

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы «Жаудан қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Бірінші, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ әйелдерден қорқамын. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Үшіншісі, дәстүрді сыйламайтын ұрпақ көбейіп келеді, оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға әзір, үйреніп жатқан бала жоқ...»деп мұңайған екен. Атамыздың осы қорқынышының шындыққа айналмауына үлес қосқысы келетін бүгінгі әдебиетші, тілшілер қауымы қазақтығымызды сақтап қалудың жолын алысқа бармай-ақ осы батыр сөзінен, батыр ісінен іздесе екен деген ойдамын.

«Қазақ тілі» мен «Әдебиет», «Өзін-өзі тану» оқулықтарында Бауыржан атамыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Бұл үзінділер көбінесе соғыс кезіндегі жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, ата-бабамыздың шежіресін білу және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында берілген. Ал Бауыржан атамыздың ұлттық құндылықтарымызды айқындайтын бесік жыры, қазақ шежіресі, амандасу, үлкенге құрмет көрсету, ер балалардың бойында ер мінезділікке тән қасиеттерді қалыптастыру туралы өнегелі ойлары аз қамтылған.Осы олқылықтардың орнын толтыру бағытында 5-10 –сыныптардың оқушыларына атамыздың «Ұшқан ұя» шығармасынан, З.Ахметованың «Шуақты күндер» повесінен, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» туындыларын көбірек оқытудың артықтығы болмас еді. Сыныптан тыс оқу, тіл ұстарту сабақтарында атамыздың қара қылды қақ жарған әділдігін, шешендігін сөз ете отырып, айтқан нақыл сөздерін үнемі үлгі ету арқылы көп нәрседен ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Халықтың дәстүрі, тілі, ділі сақталса, ұлттық санасының сақталатынын жақсы түсінген Бауыржан атамыз өзінің саналы өмірін қазақ халқының ұлттық болмысын сақтап қалуға жұмсады.

Б.Момышұлының сөздің құдіретін түсінуге, халықтың салт -дәстүрін құрметтеуге арнап жазған қанатты сөздері, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні өте жоғары. «Сөз қадірі-өз қадірі, өз қадірі-ел қадірі» деп сөз қадірін терең түсінген батырдың сөздерін сабағымызға дәйексөз етіп алып, батырдың төмендегі нақыл сөздерінің мағынасын терең бойлай оқыту – бала тәрбиесіне мол ықпал етері сөзсіз.

-Өз ұлтың сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындық!

-Дәмді, дәстүрді сыйламай өскен балалардың қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр;

-Көкпар, бәйге, аударыспақ-батылдыққа, ептілікке баулитын, бұлшық етті шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті өзінің ары мен тағы үшін өлімге бас тігуге дейінбаратын дәстүрлі спорттық ойындар. Бұл ойындардың игілікті екеніне ешқандай күдік болмауға тиіс;

-Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Бауыржан Момышұлы жайлы оқытуды 3 бөлімге бөліп, «Азамат, «Қаламгер», «Қаһарман» деп қарастыру дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы жүйелі де жан-жақты білім беруге мүмкіндік береді.

Халық қадірлісін ардақтайды, құрметтейді, содан үлгі алуға тырысады. Сондықтан ғибратқа толы істері бар, өжеттігі мен өрлігі ерен, жүріс-тұрысы мен сөйлеген сөзі мен терең мағыналы ойлары бар Бауыржан атамызды үлкен өнеге мектебі деп бағалап, мектеп қабырғасында оқытудың маңызы зор деп білемін.

Көп жылдық іс-тәжірибемде Бауыржан батырдың өнегелі өмірін оқушыларға үлгі етіп, Отансүйгіштікке, ерлік пен батылдыққа тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс оқу сабақтарында шығармаларын оқытып жүрмін. Атамыздың тіл туралы, тәрбие мәселесі бойынша айтқан ойларын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтін ретінде пайдаланып, мән-мағынасын ашып көрсетіп, тәрбие құралына айналдыру арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттыруға ықпал жасадым десем артық айтқаным емес.

5-9 – сынып аралығында берілетін факультатив сабақтарында оқушыларды ұлттық құндылықтарды бағалап, құрметтеуге және өнерді сүюге тәрбиелеу мақсатында Батырдың домбыра, ерлік, бірлік жайлы айтылған көркем ойларын жиі пайдаланып, Бауыржан батырдың ұлы тұлға екенін барынша ұғындыруға күш салдым.

Мысалға Момышұлының мына бір сөзін алайық: «Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді. Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, катыгездіктен аулақ болады.

«Аңыз адамды» ардақтау - ұлттық құндылықтарды ұлықтау екендігіне жете мән беріп, болашақта жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде іс-тәжірибемізде кеңінен қолданамыз деген ойдамын.































Cабақтың тақырыбы: Қорытынды. Абайды оқы, таңырқа!

«Абайтану» курсы бойынша 9-сынып.


Сабақтың мақсаты: а) Абай шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығарамашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; ә) студенттерді адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру,ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: буклет, интерактивті тақта, слайдтар, кітаптар, және өлең жазылған плакаттар.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,проблемалық,сайыс т.б.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушыларды сайыс сабағына әзірлеу 2.Өтілген материалдарды жинақтау.

Оқытушының кіріспе сөзі:

Абай қазақ поэзиясының өсіп,гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы,алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай, Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.

2.Сайыс сабақ: Топ мүшелері Ибраһим, Абай,Телғара деген атпен үш топқа бөлініп, өздері шығарған өлеңдермен қорғайды.

«Класстер» арқылы Абайдың сегіз қырлы, бір сырлы адам екендігін дәлелдеу

философ

аудармашы

ақын

кемеңгер

шешен

сазгер

Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

АБАЙ










Алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар «әр командаға 7 сұрақтан қойылады,сұраққа ойланбастан жауап беру керек).

Ибраһим тобына

1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)

Абай тобына.

  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

  2. Абайдың руы. (Тобықты)

  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)

  6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

Телғара тобына

1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)

3.Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

---------------------- (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

--------------------- (Екі жаққа үңілдім)

Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

Досы жоқпен сырлас

-------------------------- (Досы көппен сыйлас)

Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)

3.Сабақты бекіту: Блум жүйесі бойынша талдау


  1. Білу. Теория бойынша «Білу» үшін кім?

не? кімнің? қай? қашан? сияқты сұрақтарға жауап беретін ақпараттар іріктеледі.



  1. Түсіну. Неге? Неліктен? Себебі? Сұрақтарына жауап береді.


  1. Салыстыр. Айырмашылығы неде?

Ұқсастығы неде?


  1. Жинақтау . Қорытынды шығар.

Анықтама бер.


  1. Қолдану. Абай шығармаларының

өзектілігі, даналық пікірлері.


  1. Баға беру. Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің?




5.Үй тапсырмасын беру: Демалыс кезінде Абай шығармаларын оқу.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі