жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Аңыз әңгімелер
Бақыт
Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кетті де жылай бастады.
Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлады: «Қайырымды адам! Менің мына жерден шығуыма көмектесші».
«Сен маған бұл үшін не бересің?» - деп сұрады адам.
«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.
«Мен теңізге қарап тұрған зәулім, қымбат үйім болғанын қалаймын».
Бақыт адамға үй берді, ал адам үйіне қарай жүгіре жөнелді де, Бақытты ұмытты.
Бақыт шұңқыр ішінде жылап отырды.
Жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп, айғай салды:
«Қайырымды адам! Маған көмектесші».
«Сен маған не бересің?»
«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.
«Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын».
Бақыт адамға қалағанын берді, адам қатты қуанғанынан Бақытты ұмытып, өз жөніне кетті.
Бақыттың үміті мүл
дем үзілді.
Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп, Бақыт айғай салды:
«Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!».
Адам Бақытты шығарды да өз жөніне кетті. Бақыт қатты қуанып, адамның артынан ілесті:
«Адам! Маған көмектескенің үшін не қалайсың?»
«Маған ештеңе керек емес» - деп жауап берді адам.
Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді.
Әйел неге жылайды?
Кішкентай бала анасынан сұрады: -Сен неге жылайсың?
- Өйткені мен әйелмін.
- Мен түсінбеймін!
Анасы оны құшағына алды да, былай деді:
«Сен мұны ешқашан да түсінбейсің».
Бала әкесіне барып сұрады: «Мамам неге себепсіз жылай береді?», «Барлық әйелдер де кейде себепсіз жылайды», - дегеннен басқа жауап таба алмады әкесі.
Бала өсіп,ержеткен соң да таңырқауын қоймады: «Әйелдер неге жылайды?»
Ақырында ол Жаратушыдан сұрады.
Жаратушы былай деп жауап берді:
«Мен әйелді жаратқанда оның жан – жақты болғанын қаладым».
Мен оған бүкіл әлемді ұстап тұратын мықты, сонымен бірге сәби басын сүйейтін нәзік иықтар бердім.
Мен оған түрлі ауыртпалықтарды көтере алатын мықты рух бердім.
Мен оған өзгелер сүрінгенде өзі алға қарай жүретін және құлағанға көмектесетін, қамқорлық жасайтын, онысы үшін ешкімге шағынбайтын ерік – жігер бердім.
Мен оған баланы, тіпті оны ренжітсе де жақсы көретін мейірімділік бердім.
Мен оған ерінің көптеген кемшіліктеріне қарамастан қолдау көрсететін күш бердім.
Мен оны ерінің жүрегін қорғасын деп оның қабырғасынан жараттым.
Мен оған еріне күш беретін, қиналғанда қасында болатын даналық бердім.
Ақыр соңында, мен оған керек уақытында қашан болса да төгіп тұруға көз жасын бердім.
Саған, ұлым, мынаны түсінуің керек, әйелдің сұлулығы сырт пішінінде немесе киімінде, шашында емес, оның сұлулығы жүрегіне есік ашатын көздерінде. Ал жүректе махаббат мекен етеді , - деді.
Махаббат туралы әпсана
Бір аралда түрлі сезімдер өмір сүрді,
Олар: Бақыт, Қайғы, Махаббат т.б. еді. Бір күні аралды су басуы мүмкін болғандықтан, кемелерге мініп аралдан кету қажеттігі туралы хабарланды.
Барлығы аралдан кетті. Тек қана Махаббат қалды. Аралды су басқанда ол өзіне көмекке өзгелерді шақыруға ұйғарды. Оған көмекке алғашқы болып Байлық келді. Махаббат айтты:
- Байлық, сен мені әкете аласың ба?
- Жоқ, менің кемемде ақша мен алтын көп болғандықтан, саған орын жоқ.
Махаббат кемемен өтіп бара жатқан Мақтанышты көріп көмек сұрауды ұйғарды:
- Мақтаныш, маған көмектесуіңді өтінемін!
- Мен саған ешқандай көмек бере алмаймын, өйткені сенің үстің су болыпты, кемемді бүлдіруің мүмкін.
Махаббат Өкініштен сұрады:
- Өкініш, мені өзіңмен бірге ала кетші.
- ....Ой... Махаббат, мен сондай көңілсізбін, дәл қазір жалғыз қалғым келеді.
Бақыт аралдың жанынан жүзіп өтіп бара жатты, бірақ өзі бақыттан басы айналғаны сонша, Махаббаттың өзін шақырғанын естімеді.
Кенеттен біреудің даусы естілді:
«Махаббат, бері кел, мен сені өзіммен бірге алып жүремін». Оны шақырған қарт адам болатын. Махаббат қатты қуанғанынан қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті.
Жерге аяқ басқан соң Махаббат Білімнен сұрады: - Маған көмектескен кім?
- Бұл Уақыт болатын
- Уақыт? Ол неліктен маған көмектесті? – деп сұрады Махаббат.
Білім даналықпен жымиып, былай деді:
- Сондықтан, өйткені өмірде Махаббатың қаншалықты маңызды екенін тек Уақыт қана түсіне алады.
Алма толы шелек
Адам өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алды. Үйдің жанындағы ескі үйде қызғаншақ көршісі тұратын еді.
Ол үнемі жаңа көршісінің ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысты.
Бір күні адам көтеріңкі көңілмен сыртқа шықса, лас су толы шелек алдында тұр еді. Ол шелекті алды да, лас суды төгіп, шелектің ішін жарқыратып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің есігін қақты.
Есік қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстің бе, бәлем!» деп жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы шелек толы алманы ұсынып: - әркім өз байлығымен бөліседі! – деді.
Жүрек жақындығы
Ұстаз өз шәкірттерінен сұрады:
- Неліктен адамдар жанжалдасып, айқайласады?
- Өйткені олар өздерін ұстай алмайды, - деді біреуі.
- Егер адам жаныңда тұрса оған айқайлаудың қажеті не? – деді Ұстаз. Бір – бірімен жай сөйлесуге болмай ма?
Шәкірттері түрлі жауап ұсынса да, Ұстаздың көңілі толмады.
Ақыры ол былай деп түсіндірді:
- Адамдар бір – біріне көңілдері толмай, дауласқанда олардың жүректері алшақтайды. Осы қашықтықты толтыру үшін және бір – бірін есту үшін оларға айқайласуға тура келеді.
Олар қатты ашуланса, қаттырақ айқайлайды.
- Ал адамдар бір – біріне ғашық болса қалай болады?
Олар айқайламайды, керісінше жай сөйлеседі, өйткені олардың жүректері өте жақын болғандықтан, ара қашықтық та кішкентай.
Ал сүйіспеншілік тереңдеген сайын сыбырласудың да қажеті болмайды.
Олар бір – біріне қарағаннан – ақ сөзсіз түсініседі.
Бір – бірін жақсы көретін адамдар бірге болғанда осылай болады, - деді Ұстаз.
Сондықтан, біреумен ренжіскенде, өз жүректеріңе бір – бірінен алшақтауға жол бермеңдер, бір – біріңнің араларыңды алыстататын сөздер айтпауға тырысыңдар. Өйткені ара қашықтық алыстағаны соншалықты, кейін қайтуға жол таба алмайтын күн тууы әбден мүмкін.
Мінезді тәрбиелеу
Ертеде бір кісі баласы тұрмай жүріп көрген баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрсыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: «Балам, мені сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді - өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес, беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де ,кезіңде айтылған сөздерді қалай өшірерсің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалды ғой. Әрине, бұл күндерің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», - дейді.
Адамда жан бар ма?
Үш оқымысты өзара пікір таластырады.
Біреуі айтыпты:
-
Өз басым жан бар дегенге сенбеймін. Қаншама рет адамның ішкі құрылысын ашып көрсем де, жанды көрген емеспін. Сондықтан, ол адамда жоқ деген қорытынды шығардым.
Екіншісі айтты:
Осылайша талдайтын болсақ не болады? Мен де бірнеше рет ми сауытын аштым, бірақ онда ақылды тапқан жоқпын.
Үшіншісі айтты:
-
Ал мен болсам, өмір бойы жүрекке ота жасасам да , махаббатты тапқан емеспін.
1. Қалай ойлайсыңдар, адамның жан дүниесі бар ма?
2. Адамда не маңызды – жан ба , дене ме?
3. Адамды адам ететін не?
Мен соқырмын, көмектесіңізші.
Бір күні соқыр адам бір мекеменің баспалдағында қайыр сұрап отырды. Алдында қалпағы бар еді.
Кестеде «Мен соқырмын, көмектесіңіздерші» деген жазу бар еді.
Қасынан өтіп бара жатқан ақкөңіл адам тоқтады да, бірнеше тиын тастап, кестеге жаңа сөздер жазып іліп кетті.
Таңертең ол қайтып келгенде қалпақ ақшаға толғанын көреді. Соқыр қасына келген адамды жүрісінен танып, не жазып кеткенін сұрайды. Ол ерекше ештеңе жазбағанын, аздап өзгеше жазғанын айтады да ,
кетіп қалады.
Ол сөздер мынау еді: «Қазір көктем , бірақ мен оны көре алмаймын».
-
Сіздер бұл жағдай туралы не ойлайсыздар?
-
Неліктен адамдар екінші жазуға көңіл аударды?
Басқа пәле - тілден
Бір ауқатты әйел ақылгөй қариядан кеңес сұрауға келеді. Ол жан дүниесін таза ұстағысы келетінін, бірақ жеңе алмай жүрген бір кемшілігі бар екенін айтады. Ақылгөй егер шын ниеті болса, жеңілмейтін кемшілік жоқ екенін айтты.
Әйел өзінің кемшілігі- басқалар туралы әңгімелейтінін, қанша талпынса да осы әдеттен құтыла алмай жүргенін айтады.
-
Маған көмектесе аласыз ба? – деп сұрайды.
-
Жақсы, - дейді ақылгөй.
-
Базарға барып, тауық сатып ал. Үйге қайтып келе жатқанда, мамықтарын бір – бірлеп жұлып, көшеге лақтыра бер, сосын маған кел, - дейді.
-
Әйел таң қалады. Келесі күні барлық айтқандарын бұлжытпай орындап, қайтып келеді.
Өте жақсы, - дейді ақылгөй, - бірінші тапсырманы орындадың. Енді екінші тапсырманы орында.
Базарға бар, қайтып келе жатқанда, кеше лақтырған қауырсындарды теріп ал , - дейді.
-
Бұл мүмкін емес қой, - дейді әйел.
Жел оны жан – жаққа ұшырып алып кетті. Қалай жинап аламын?
Бұл сөздер әйелге қатты әсер етіп, ол үйге келгесін, жаман ойлар мен басқалар туралы нашар сөздер айтпауға бекінді.
Ұлылар биіктеген сайын аласарады
Көктемгі су тасқыны кезінде Хуанхэ өзеніне көптеген өзендер келіп құйып, су арнасынан асып кетті.
Судың тасығаны сонша, жағалаудың бір шеті мен екінші шетіндегі тұрған тірі жанды айыру мүмкін емес еді.
Хуанхэ өзенінің иесі масаттанып, шығысқа қарай жүзді, бір кезде мұхитқа келіп жетті. Айналасына қарап еді, мұхиттың шеті мен шегі жоқ екенін көрді.
Ол басын бұрып жан - жағына біраз қарап тұрды да, мұхитқа құрметпен бас иіп, күрсінді де, былай деді:
«Мен мұндай шексіздік барын білмеп едім, егер мен осы қақпаға келмегенде, басқаларға күлкі болып жүре беретін едім. Өйткені, мен жоғарылар бізден де ұлылар бар дегенде сенген жоқпын», - деді.
Мұхиттың иесі айтты:
- Құдықтың түбінде өмір сүретін бақаға мұхит туралы айту ақылға сыймайды: Ол өзінің апанынан ешқайда шығын көрген жоқ. Тек қана жаз мезгілінде өмір сүретін шыбын – шіркейге қыстың суығы мен көктем туралы әңгіме айтуға болмайды: ол шектеулі уақытта ғана өмір сүреді.
Мұхитқа шығып, сен өзіңнің кішкентай екеніңді көрдің. Мұхитқа жүздеген өзен келіп құяды, бірақ ол сонда да тасып кетпейді, сарқылып та қалмайды. Ол көктемде де, күзде де өзгермейді, су тасуы немесе құрғақшылық дегеннің не екенін білмейді.
Ол өзін ешқашан ешқандай өзеннен артықпын деп есептеген емес, өйткені аспан және жермен салыстырғанда өзін тамшы сияқты сезінеді екен.
Адамды сүю – адамгершіліктің түп қазығы.
Жағдаятты талдап, өз көзқарасыңыз айтыңыз.
Бұл Сиэтлдегі олимпиада ойындары кезінде болған еді. Мүмкіндігі шектеулі тоғыз атлет жүз метрлік қашықтыққа жүгіруге алаңға шықты. Олардың толқулары көрініп тұрды. Олардың әрқайсысының жүздерінен жеңіске жеткісі келетіндіктері байқалатын еді. Белгі берілген сәттегі толқуларын жеңу оларға оңайға түскен жоқ. Көбінде ебедейсіз қимыл қиындық туғызса да, олар алға қарай ұмтылды. Ортада келе жатқан жас атлет кенеттен жолдың шетіне сүрініп құлап, тұра алмай қалды да, мәреге жете алмағанына ызаланып, жылап жіберді.
Стадионның үлкен мониторы құлаған спортшыны анық көрсетті.
Өзге спортшылар ұзағырақ қашықтыққа кетіп қалған еді, экраннан көріністі байқап, тоқтады да, кейін қарай жүгірді. Даун синдромы бар қыз атлеттің жанына отырып, бетінен сүйді де «Тәуірсің бе?» деп сұрады. Келіп жеткен спортшылар баланың тұруына көмектесіп, бәрі құшақтасып финишке қарай қозғалды.
Стадиондағы көрермендер бәрі орындарынан тұрып, қол соқты. Стадион экранынан кез келген қиындықты жеңе алатын осы адамдардың бақытты жүздері барлығына анық көрініп тұрды. Бұл ерекше жандар ұлы даналықты таныған еді. Өмірде ең маңыздысы - өзіңнің жеңісің емес, өзіңнің қозғалыс бағытыңды өзгертіп, тоқтасаң да - өзгенің жеңуі үшін көмектесе алу екендігі.
1. Неліктен көрермендер спортшылардың әрекеттеріне қол соқты?
2. Адам өміріндегі ең маңызды не?
Адам болып қалу
В.Сухомлинский.
Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және
Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады.
Ақ шашты ана өз баласының әйілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады.
Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты.
Отыз жыл өтті.
Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және
Ақ шашты ана тағы кездесті.
Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір – бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары - екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында.
Қара шашты ана сұрады:
-
Сенің ұлың кім болды?
-
Атақты сазгер, - деп мақтанышпен айтты.
Ақ шашты ана:
-
Ол қазір оркестрді басқарады, дирижер, қаладағы ең үлкен театрда, шынымен менің ұлымды білмейсің бе? – деді.
Әрине, Қара шашты ана белгілі сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.
-
Ал, сенің ұлың қайда, кім болды? - деп сұрады Ақ шашты ана.
-
Егінші. Колхозда тракторист, комбайнер, фирмада да жұмыс істейді дейді, - Қара шашты ана. Көктемнен күзге дейін, қар түскенше менің ұлым егін салады, егін жинайды, жер жыртады сөйтіп отбасын асырайды. Біз ауылда тұрамыз. Оның екі баласы бар, қызы және ұлы.
-
Сонда да сені бақыт айналып өткен екен, сенің ұлың ешкімге белгісіз, қарапайым адам болыпты,- дейді
Ақ шашты ана.
Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал, алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты.
Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.
-
Менің балам қазір концерт қойып жүр. Әйтпесе, келер еді, - деді ол. Қара шашты ананың баласы күн сайын бал, алма, қарбыз, өз қолымен өсірген бидайдан пісірілген хош иісті нан әкеліп, келіп тұрды.
Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе жатқандай еді.
Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қарашашты анаға: «Сіз толықтай сап – сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», - деді.
Ақ шашты анаға «Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», - деді. Осыны айтып, дәрігер терезеге қарады (неге екені белгісіз).
Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды.
Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:
-
Қымбаттым, сен өз ұлыңды қалай тәрбиелегеніңді айтшы? Сен бақытты екенсің, ал мен... – деп көз жасын төгіп жіберді.
-
Мен саған шындықты айтайын, - деді Қара шашты ана.
-
Сенің ұлыңмен бір күнде туған ұлым қайтыс болған, ал мына балам - асырап алған ұлым! Мен оны үш жасынан асырап алдым. Осы күндері менің қалай қиналғанымды білсең ғой, сен үшін тіпті ауруханадан кеткім келген еді, менің ұлымның әр келгені саған уайым, қобалжу әкелді ғой.
-
Мен адамды жүрегіммен сеземін, ұлыма осыны үйреттім.
1. Екі ананың арманы орындалды ма? Қалай?
2. «Қара шашты ананы бақыт айналып өтті» деуге бола ма? Неліктен?
3. Қара шашты ананың тәрбиесіндегі данышпандық неде|?
4. Ақ шашты анаға қалай көмектесуге болады?
Кедейлік және Байлық.
Бір күні Кедейлік пен Байлық қайсысы көрікті екендігі жөнінде таласып қалады. Олар бұл сұрақтың жауабын білу үшін өтіп бара жатқан адамға жүгінеді.
«Ең алғаш кездескен ер адам біздің дауымызды шешіп берсін», - дейді екеуі. Олардың алдынан орта жастағы ер адам шығады. Алғашқыда ол екі жағынан шыққан Кедейлік пен Байлықты байқамай қалады.
-
Тек сен ғана біздің қайсысымыз әдемі екенімізді шешіп айта аласың, - дейді екеуі асығып.
Ер адам ойланып тұрып: - Қандай қиын, егер мен Кедейлік әдемі десем, Байлық ренжіп кетіп қалады».
Ал егер Байлық әдемі десем, Кедейлік ашуланып, маған шабуыл жасауы мүмкін. «Не істесем екен?», - дейді.
Ол біраздан соң: - сіздер бірге тұрғанда мен бірден айта алмаймын.
Сіздер әрі – бері жүріңіз, мен қарайын - дейді. Екеуі жол бойында қарама – қарсы жүреді, әрқайсысы әдемі боп көрінуге тырысады.
- Ал, қайсымыз көрікті екенбіз? – деп жамырайды олар. Бір кезде ер адам жымиды да, жауап қатты: - «Сен, Кедейлік, өте әдемісің, арқа жағыңнан қарағанда», кетіп бара жатқанда. Ал Байлық сен әдемісің , алдыңнан қарағанда.

