400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Аңыз жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзін-өзі тану сабағына 1-4 сыныптарға мұғалім сыйына керек аңыз жинағы.Сабақ жоспарын жазған кезде дайын мәтіндік жинақ.Өзін-өзі тану сабақтарының жоспарын құру кезіндегі әр түрлі құндылықтарға пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бос қайық

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:

  • Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ өзенде жүзіп жүретінмін.

Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе – бет жалғыз қалдым.

Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу – ыза қыса бастаса, өзіммен – өзім күлемін:

«Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.



Табанды бала

Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді.

Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады.

Кішкентай Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы!». Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда – санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», - дейді.

Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.

Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.

Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.

Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды.

Енді оған оқитын кітап керек болды.

Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім»,-дейді.

Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.

Әлімге ертеден қара кещке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.

Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты.

Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығына әлі күнге дейін еске алып отырады екен.



Өнерлі жігіт.

Әл – Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отыр екен.

Оны көрушілер риза болып, тиын – тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:

  • Күніне қанша табасың? – деп сұрайды.

  • Екі дирхемге жетер жетпес қана.

  • Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, - деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагерлер:

  • Мына диуана, дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхмен төлегені несі? – деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.



Рақмет, ата!

Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт – бес жасар шамасындағы қыз тұрды.

Қасына келіп:

  • Бұл жерде неғып тұрсың?- дедім

  • Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

  • Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

  • Гүлнар.

  • Кімнің баласысың?

  • Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

  • Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп – кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.



Өсиет әңгіме

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз – кем кеңес құрыпты.

  • Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің білмегенімізді екіншімізге айтар едік. Қалай десек те,

« Кеңесіп пішкен тон келте болмас», - депті.

  • Осындай ой – пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,- депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт – жұлт етіп.

  • Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда, үй – жайын қорып, күзетуге мен әзірмін, - депті Төбет зор дауыспен арп – арп етіп.

Бадырайған көзін анда – санда ашып – жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

  • Шақырған жерден қалма, - деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты.

  • Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! – деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты.

Бір кезде Адамның, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке – дара бөлектенуі, оны одан әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті.

Содан бері Адамның, Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.



Ырыс алды – ынтымақ

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп – тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірілігі жоқ тоғыз баланы әркімдер – ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

  • Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тоюылғыны тобымен сындырыңдар, - дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

  • Енді бір – бірден сындырып көріңдер, - дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта – ақ шарт – шарт бөліп:

  • «Міне, сындырдық», - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

  • Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт - бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгел, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол,- дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем – кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды – ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.



Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау – бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.

Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қыз:

  • Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.

  • Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарды әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлып тұрып:

  • Әке, сен жабық бөлмеде « Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,- дейді.

  • Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!

  • Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді әкесі.



Білім мен өмір

Бір күні шәкірті қария данышпанға келіп:

  • Ұстазым, сіз өмір бойы біліммен сусындап келесіз. Білімнің сіз алмаған қамалы жоқ шығар. Айтыңызшы, күнделікті тұрмыста да сондай шеберсіз бе? – деп сұрайды.

Артынша ұстазының жауабын күтпестен:

  • Мен болсам, балтамен ағаш бұтауды шебер меңгердім. Алдыма жан салмайын. Сізді де жеңетініме сөз жоқ, жарысып көрейік, - деді.

Данышпан асықпай, сабырлылықпен:

  • Мен дайынмын, - деп жауап берді.

Олар орманға барып, әрқайсысы өзіне жер бөліп алады да, жарысты бастап кетеді.

Шәкірт дем алмастан ағашты шаба береді. Ұстазы жаққа құлақ салып қояды. Ол данышпан балтасының даусын естімей қалса, демалып отыр деп қуанып қояды.

Жарыс біткен кезде, данышпанның шапқан ағашы көп болып шығады.

  • Қалайша? – деп айқайлап жібереді шәкірті.

  • Сіздің кейде ағаш шаппай, демалып отырғаныңызды естідім ғой...

  • Ия, ол кезе мен балтамды қайрап отырғанмын. «Ісің өнсін» десең, алған біліміңді өмірде дұрыс қолдана біл, балам. Қайралған балта сияқты білім де тәжірибемен шыңдалып отыруы керек, - дейді данышпан өз шәкіртіне.

Шәкірт ұстазының сөзі мен ісінен мәңгілік сабақ алды.



«Ана қиялы»

Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі сұрықсыз, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі, ісмер болыпты.Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас-суға айырбастап күндерін көріпті.Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.

Балалар да ер жетеді.Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпен көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын.Күндегі әдетіндегідей кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді.Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп,бір кісінің суретін салып отыранын көреді.Суреттегі әдемі бау – бақшалы, шатырлы әсем үйлер,ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп,қолдарына кітап ұстаған адамдар адамдар анаға үлкен әсер қалдырды.Суретке әлсін-әлсін қарап, таңданады.Суретшінің қиялына дән риза болады.Өмірде осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады.жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп,көліктермен жүру қиялдайды.Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.

Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?- деп балаларына күрсініп қарады.

Егер бәріміз бірлесіп, жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күні де жету қиын болмас,- деп балалары аналарын жұбатқандай болды.Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды.Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды. Оқып, білім алады.Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй салады.Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Ана балаларына, өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады.Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады.Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.



Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

Жиренше бірде сапарға шығады. Күн батуға таянғанда, бір ауылдың тұсында көп балаға кездесе бергенде жаңбыр жауып кетеді.

Сонда балалар терген тезектері бар, айдаған бұзаулары бар жаңбырдан қорқып, бұзауларын қоя береді де, тезектерін төгіп, үйлеріне жүгіріп кетеді. Бір қыз бала бұзауын жібермей, тезегін төгіп, қабын жамылып қала береді.

Жиренше шешен мына баланың бір қасиеті барлығын сезіп, жақындап келіп:

  • Қалқам, сен отырып қалдың, ана балалар болса бұзауларын қоя беріп, тезектерін төгіп кетіп қалды, оның себебі не? – деп сұрағанда, қыз бала:

  • Бұл балалар – ақылсыз. Үсті – басы су болды, әрі бұзаулары жамырап кетті. Мен кешке мына құрғақ тезекпен жылынып, рақаттанам, бұзауды жібермедім, енді сүтке тоям және үсті – басым су болған жоқ, - дейді.

Қыз өзін ғана емес, байдың малын бағатын әкесін де ойлаған еді. Өйткені ол әрі аш, әрі үсті басы су болып келеді ғой...

Жиренше шешен қыздың ақылына қайран қалыпты.









Екі дос және қария

Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.

Бір күні олар бірге отырып, ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырғанда, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.

Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан, ұсақ – түйекпен айналысуға уақытым жоқ деді. Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрады да, су әкеліп береді. Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.

Тағы бірде достар төбе басында отырса, оларға қария келеді де, тамақ сұрады.

  • Бөгет жасама, - дейді оған Арман, - сен бар болғаны қария ғанасың, ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.

Ал оның досы болса орнынан тұрып, киіз үйден нан әкеліп, оны қарияға берді. Қария Сауранға алғысын айтады да былай дейді:

  • Қалтасы тесік жан ғана кедей емес. Кімнің жан дүниесі бос болса, сол кедей. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады.

Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тыңдаушы ма еді? Ол күн бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтуымен болды.

Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт кетіруге мұршасы болмады. Ол қарттар мен ауруларға көмектесті, әлсіздерді жұбатты.

Уақыт өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың, сараң болды. Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан, ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдарың бірі болды. Қайырымды да, ақылды жас жігіттің даңқы алысқа тарады. Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауды соның атымен атаған дейді. Ал Арман туралы ешкімнің еске алмағанына көп уақыт өтіпті.



Өсиет әңгіме

Ертеде Дүрия деген өте ақылды қыз өмір сүреді. Оған ханның баласы Ыдырыс ғашық болып, үйленгісі келетінін айтады. Сонда Дүрия Ыдырысқа: «Қолыңнан еш нәрсе келмейді, қолөнерінің бір түрін үйренбесең мен саған күйеуге шықпаймын. Бірде – бір қолөнерін үйренбеген адам – ол бақытсыз. Адам қолөнерін меңгергенде ғана асқар шыңға көтеріліп, ағынға қарсы жүзе алады», - дейді. Дүрияға үйленгісі келген Ыдырыс бас киім тігу өнерін үйренеді. Кейінен Дүрия Ыдырысқа бас киімге өрнек салуды көрсете отырып, әрбір ою белгісі – бір әріпті, сөзді білдіретінін түсіндіріп, бұл өнердің бір күндерде бәрібір қажет болатындығын айтады.

Айтса, айтқандай – ақ, Ыдырыс бірде қарақшылардың қолына түсіп қалып қиналғанда: «Мені өлтірмеңдер. Мен сендерге бас киім тігіп беремін. Соны ханшаға апарсаңдар екі мың ділдә береді», - деп жалынады. Олар көнгеннен соң Ыдырыс қалпақ тігіп, сол қалпаққа «қарақшыларға тап болып қалғанын» оюмен бейнелеп беріп жібереді. Өрнектен не жағдай болғанын түсінген Дүрия Ыдырысты құтқарып алады.



Төле би

Бірде Төле биге Түрікмен елінен елші келіп:

  • Бір жылдан бері бітпей жатқан дауыммыз бар еді, соған билік жасаңыз, - деп шақыра келеді. Жер шалғай болса да Төле би Түрікмен еліне барып, дауласқан екі жақты татуластырып қайтады.

Аттары болдырып, шөлдеп – шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз – келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздармен тойдан қайтқан беті еді деседі.

  • Әй, апайлар, тоқтаңызар, бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе – көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп өту дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылман, арынды батырлары бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңызар, тосып тұралық. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, - деді Данагүл.

Қызыл – жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл – жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп алдарынан өтіп, біраз жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:

  • Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келщі, - деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:

  • Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәоем берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят. Бұл кісілер еш уақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, - деді.

Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп, сәлем берді. Төле би:

  • Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, - деді қуанып.

  • Қарақтарым, қай ауылдың баласысыңдар?

  • Сыйқым ауылының баласы едік.

  • Балалар, алыстан бізді көріп, тосып тұрыңдар.

Әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар, соны айтыңдар?

Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады.

Ол:

  • Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымызбен ағаларымыз шығар. Араларында қол бастаған батыр бар шығар, елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адам бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса көрелік. Аты – жөнін білейік деп тосып тұрдық, - дейді.

  • Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, Құдай тілеулеріңді берсін. Жарайды енді, аттарыңы мініңдер, - деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.04.2019
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі