400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аңыз күймен жұмыс" тақырыбындағы сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар музыка мектебінің домбыра класының мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шеберлік сабақ

Тақырыбы: Аңыз күймен жұмыс

Халық күйі «Тепең көк»

Мақсаты:

  • Домбыра үнімен тәрбиеленушінің дәстүрлі күй өнері арқылы рухани мәдениетін дамыту .

  • Аңыз күй туралы түсінік беру, күйдің шығу тарихын жете түсіндіру


Shape1

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, кестелер

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастырушылық кезең:

2.Негізгі бөлім:

Оң қол және сол қолдың техникасын дамыту мақсатында Ре мажор гаммасын әр түрлі ырғақтармен орындау.


3. Жаңа сабақ «Аңыз күймен жұмыс»

Қазақ халқының күйшілік өнері сонау көне заманнан халқымызбен бірге жасасып, біте қайнасып, көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі.

Қазақтың аспаптық музыкасы яғни, халық күйлері өзінің орындаушылық ерекшеліктеріне қарай «төкпе» және «шертпе» күйлер болып бөлінсе, жанрлық тұрғыдан алты топқа бөлінеді.

Атап айтар болсақ, аңыз күйлер, арнау күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс - салт күйлері, лирикалық күйлер және тартыс күйлер.

Аңыз күйлер ертедегі аңыз әңгімелер желісімен құрылады. Аңыз күйлер - халықтық музыка өнерінде ежелден қалыптасқан шығармалар қатарына жатады. Бұл күйлерден халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі, болмыс - бітімі мен ой - арманы туралы деректерді танып білуге болады. Мұндай күйлердің күмбірлеген сырлы сазымен бірге егіздің сыңарындай болып ауызша айтылатын терең мағыналы аңыз әңгімелері бар. Халық аспаптық музыкасында мұндай жанрды біртұтас синкретикалық форма деп атайды, яғни күйдегі ауызша әңгіме мен күй сазының бір - бірінен ажырамай, бөлінбей, біртұтас болып орындалатындығын көрсетеді.

Аңыз күйлер негізінен, домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындалады.
Аңыз күйлердің ең көне түрлеріне аң - құстардың, жан - жануарлардың атымен аталатын күйлерін жатқызуға болады. Мысалы: «Аққу», «Қаз», «Нар», «Қасқыр», «Жорға аю», сияқты күйлер қылқобыз аспабында орындалады. Бұл күйлерді тыңдағанда аққудың сұңқылдағаны, нардың боздағаны, қасқырдың ұлыған үні қылқобыз аспабында айқын көрініс табады.

Бүгінгі сабағымызда халық күйі «Тепең көкті» өтеміз.

Күйдің шығу тарихы:

Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз көк аты болыпты. Өзі бәйгеге қосқанда алдына қара салмайтын, жүйрік екен. Бірақ бір қасиеті тері шықпаса мүлдем шаба алмайды, ол жақсылап тері шықса қандай жарыс болса да алдын бермейді. Аттың сыры иесіне мәлім демекші, сол елде үлкен ас болып, асқа жан-жақтан небір сайгүліктер келеді. Аста ат шабыс, жамбы ату, балуан күрестері белгіленіп, жүлде тағайындалады. Бұл асқа әлгі кедей де келеді. Көк тұлпарын жарысқа қосу үшін иесі бәйге басталмас бұрын қанжығасына 2 дорба құмды өңгеріп, әрлә-берлі желдіртіп, терін шығарып тепеңдетіп келе жатқанда, елдегі бір домбырашы көріп, аттың жүрісіне, сұлулығына көңілі толып «шу жануар тепең көк» деп күй тартыпты.

Күйге теориялық талдау жасау.

Күйге талдау

Бас буын

Негізгі буын

Сағасы

Қорытынды

Ладтық тірегі

Ре мино Си бемоль




Ырғағы

Жүрдек, шалқыта




Қағысы

П П П Ү ПҮ

ПҮП




Диапазон

1-октава РЕ –

1-октава ЛЯ




Динамикалық белгілер

mf




Өлшемі

2/4




Такті

1-6





Бекіту:

№

Дискуссиялық сұрақтар

Ия

Жоқ

1

Аңыз күйлердің шығу тарихы болмайды



2

Халық күйлері төкпе және шертпе күйге бөлінеді.



3

«Тепең көк» елге аты белгілі байдың бәйгеге қосатын тұлпары



4

Лирикалық, тарихи күйлер халық күйлеріне жатады.



5

Аңыз күйлер домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындалады.



Бос орындарды толтыру
1. Халық күйлері __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ жанрларына бөлінеді.
2. Аңыз күйлер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ аспаптарында орындалған.
3. Аңыз күйлердің ішіндегі жан - жануарлар, аң - құстардың атымен аталатын күйлер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
4. «Тепең көк» күйі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ арнап шығарылған.
5. Бұл күйді _ _ _ _ _ _ екпінде ойнаймыз.


Үйге тапсырма: «Тепең көк» күйін берілген жерге дейін нота бойынша талдау.

Оқушыны бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.04.2025
154
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі