Материалдар / Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Тамыз 2021
761
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

  • Визуалды бейнелерді қимыл-қозғалысқа келтірудің әдістерін зерттеу;

  • Тауматроп жасаудың әдісімен таныстыру;

  • Тауматроп жасау.

Жетістік критерийлері

  • Қозғалмалы бейнелердің жасалу әдісін зерделеді;

  • Тауматропты жасаудың тәсілімен танысты;

  • Тауматроп жасайды.

Тілдік мақсаттар


Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру.

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • Тауматроп, қозғалыс, ракурс, көрініс, сценарий, сюжет

  • Менің ойымша, анимациялық өнерде қозғалатын ..... тақырыптар, балалардың тәрбиесіне тигізер әсері мол. Себебі,.....

  • Бейнелерді қозғалту үшін .... жасау керек.

  • Тауматроп жасау үшін.... ескеру қажет.

Құндылықтарды дарыту

Мультфильмдерде қозғалатын адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын қарастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Анимация, мультфильм түсініктерімен таныс.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы


Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстыру. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.



Сабақтың ортасы

Әңгімелесу. Сұрақтар:

  • Мультфильмдердегі бейнелерді қимыл-қозғалысқа қалай келтіреді деп ойлайсыздар?

  • Мультфильмді түсіру үшін қанша уақыт қажет деп санайсыздар?

  • Оған не әсер етуі мүмкін?

Жұптық тапсырма:

Мультфильмдегі кейіпкерлерге қимыл-қозғалысты келтірудің әдісін зерделе. Ол үшін түрлі ақпарат көздерін қолдан. Зерттеу жұмысын скетчбукке тізіп жаз.

Бағалау: Таныстыр. Сыныптың ішінен бір-екі оқушыдан орындалған тапсырмасының нәтижесі туралы сұраңыз.

Бейнематериалды тамашала.

Қарапайым флипбук құру туралы видеороликтің үзіндісін көрсетіңіз. Кейіпкерлер/элементтердің қозғалу үрдісін кадр бойынша құруға назар аударыңыз.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қозғалыс эффектісі қалай құрылады?

  • Флипбукте қозғалыс келтіру үшін қандай жағдай туғызу керек?

  • Флипбукты құру үшін қандай материалдар қолданылды?

Тәжірибелік тапсырма:

Оқушылардан зерттеу объектісін таңдауды сұраңыз. Мысалы, сызықпен жасалған ертегілік адамдар, доп, балық, аспанда ұшып бара жатқан құс, ит немесе мысық және т.б.

Бұл тапсырма жеке не жұпта орындауға беріледі. Оқушылардың қарым-қабілетіне қарай флипбукте салынатын бейнелерді үлестіру ұсынылады. Мысалы, сурет салуға қабілеті жоғары оқушыға күрделі суретін, қоянның суретін құрастыру, сурет салуға қабілеті орташа оқушыға доп сынды бейнелерді беру ұсынылады.

Тапсырманың критерийлері:

  • Кейіпкеріңмен кішігірім оқиға құрастыр.

  • Қимыл-қозғалыстың әсерін жаса.

http://megapredmet.ru/1-64889.html

(қимыл – қозғалысқа келтіру)

http://fb.ru/article/69957/kak-sozdayut-plastilinovyie-multiki

(пластилинді мультфильм)

https://www.youtube.com/watch?v=p3q9MM__h-M

(Как создать флипбук?)

https://www.youtube.com/watch?v=4IRMBRUlRB4

(как создать флипбук?)




ttp://animopticum.

com/activities/

master-classes/

make-flipbook/


Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Тапсырманы таныстырып болған соң, оқушыларға стикерлерге алдын ала жасалған дискрипторлар бойынша "Екі жұлдыз, бір тілек" тәсілімен бір-бірінің флипбуктарын бағалайды.

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сұрақтарға жауап бер:

  • Жұмысыңда не сәтті шықты?

  • Нені түрлендірер едің?


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!