"Animals" /Жануарлар/ тақырыбына ашық сабақтан тыс көрсетілім. 2 сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Animals" /Жануарлар/ тақырыбына ашық сабақтан тыс көрсетілім. 2 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне, әсіресе жас мамандарға әдістемелік материал ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Date:

Grade:

Educational area: Коммуникация

Division: Сабақтан тыс ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Theme: Animals (Жануарлар)

Қолданылатын құрал-жабдықтар және көрнекіліктер: Интерактивті тақта, топтастыруға арналған жетондар, презентациялар, карточкалар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ парақтар.

Оқыту мақсаттары

1. Білімділік. Жануарлар туралы білімдерін жүйелеу.

2. Біліктілік. Оқушылардың «Жануарлар» тақырыбы бойынша білімдерін бекіту; сөздік қорларын молайту; жануарлардың атауларын ағылшын тілінде қолдану дағдыларын дамыту; бекіту. Ақпараттық-коммуникативтік технология және топтастыру тәсілі арқылы үштілділік компонентті енгізу.

3. Тәрбиелік. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Күтілетітін нәтиже

Барлық оқушылар: жануарлардың атауларын ағылшын тілінде біледі.

Көптеген оқушылар: қазақ және орыс тілінде жануарларың атауларын біледі.

Кейбір оқушылар: алған түсінігі мен әсерлерін ауызекі тілмен ағылшын тілінде атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту: ағылшын тілінде үй және жабайы жануарлар туралы жалпы мәліметтерді өз тілімен жеткізе алады.

Көптілділік: қой-овца-sheep, сиыр-корова-cow, жылқы-лошадь-horse, түйе-верблюд-camel; арыстан-лев-lion, аю-медведь-bear, кірпі-ёж-hedgehog, піл-слон-elephant.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

- Жануарларға нелер жатады?

- Жануарлар неше топқа бөлінеді?

- Сүйікті жануарың қайсы? Неге?


Алдыңғы білім

Үй және жабайы жануарлар туралы жалпы түсініктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату

0-2 мин

T: Good morning, boys and girls! I am glad to see you.

P: Good morning our teacher! We are glad to see you too.

T: Thank you. Sit down, please. How are you today? I hope you are well. I see nobody is away today. Let’s begin our lesson.


ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам

3-6 мин

  1. Пішіндер арқылы балаларды топтастыру;

  2. Таңдаған пішіндеріне байланысты оқушыларды;

  3. Жануарлардың дыбыстарын тыңдату, атауларын айтқызу.

Пішіндер (үшбұрыш, төртбұрыш)

ІІІ. Сабақтың ортасы. Тақырып бойынша жұмыс.

7-27 мин

Педагогтың түсіндіруі:

  • Балалар, бүгінгі сабақта біз жануарлар әлеміне саяхат жасаймыз. Кәне, кім жануарлардың қандай топтарға бөлінетінін біледі?

Мысалы: Сиыр қандай жануар? Үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма?Ал аю ше?

Назарларыңды слайдқа аударайық.

Слайдпен жұмыс.

Үшбұрыш тобына үй жануарларын көрсету.

-Мынау қандай жануар?

-Осы жануардың орысша атауын кім біледі?

-Осы жануардың ағылшынша атауын білетін бала бар ма?

Педагог көрсетілген жануарлардың ағылшынша атауын айтады, балалар қайталайды.

Төртбұрыш тобына жабайы жануарларды көрсету.

Осы сұрақтар қойылады.

Педагог көрсетілген жануарлардың ағылшынша атауын айтады, балалар қайталайды.

Фонетикалық жаттығу. Оқушыларды орындарынан тұрғызу.

  • Good morning, cows!

  • Mu-mu-mu!


  • Good morning, horses!

  • I-ho-ho!


  • Good morning, hedgehogs!

  • (Тырнақтары арқылы дыбыс шығарады)


  • Good morning, elephants!

  • (Аяқтарымен топылдатады)

Бөліктен бейне құрау. Балаларға төртке бөлінген жануарлар дене бөліктері ұсынылады. Тақтаға шығып орындалады. Әр жануар атауын ағылшын тілінде айтқызу, қайталату.


Логикалық тапсырма. «Жасырылған жануарды тап». Әр жануар атауын ағылшын тілінде айтқызу, қайталату.



Сергіту.

-Балалар, үй жануарлары, жабайы жануарлар да сабақ оқып шаршаған кезде көңілді үзіліс жасайды екен. Олай болса, қазір сендерге ағылшын тілінде бұйрықтар беремін. Сендер сол қимылдарды орындайсыңдар.

(run, jump, fly, dance, climb, swim)











Үй және жабайы жануарлар бейнеленген презентация


















Жануарлардың дене бөліктерінің карточкалары


Логикалық тапсырмаға арналған презентация











ІV. Бекіту

28-35 мин

Буыннан сөз құрау. Балаларға таратылған буындардан жануарлар атауын білдіретін сөз құраулары керек.



Жануарларды бейнелеу. Балаларға таза парақтар, түрлі-түсті қарындаштар таратылады. Тек үшбұрыш және төртбұрыш пішіндерін қолдану арқылы әр бала өзіне ұнаған жануарды бейнелейді.

Буындар жазылған карточкалар


Ақ парақтар

Түрлі-түсті қарындаштар

V. Рефлексия

36-40 мин

Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап.

-Бүгінгі сабақта біз нені білдік?

-Балалар, бүгінгі сабақтағы ең белсенді оқушы кім болды? Кім көп сұрақтарға жауап берді?


Сабақтан алған әсерді бағалау.

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Олай болса, орнымыздан тұрайық. Қолдарымызды алға созайық. Егер бүгінгі сабақ ұнаса - THUMBS UP!

Егер орташа әсерде болсақ - AMMADOO

Егер ұнамаса – THUMBS DOWN!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі