5 «Г» сыныбының А деңгейлі,
В деңгейлі, С деңгейлі оқушыларынан
алынған сұхбат
1.Саған сабақта бәрінен не
ұнады? А деңгейлі
оқушы: Маған сабақта топпен жұмыс
істеген ұнады. Мен топта көбасшы болдым. Өз тобымды бағалап
отырдым. Маған топтағы оқушыларға көмектескен
ұнайды. В деңгейлі
оқушы: Топпен жұмыс жасаған,
«Көшбасшы» ойыны маған ұнады. Біз жұптасып көрген
құмырсқалар,пингвиндер,шаяндардың бірлігі туралы тақыладық. Мен
сергіп қалдым. С деңгейлі
оқушы:Маған топпн жұмыс жасаған,
ойын арқылы топқа бөлінген, тақтамен жұмыс жасаған
ұнады.
2.Сен не
үйрендің? А деңгейлі
оқушы: Мен топпен жұмыс жасауды
,бағалауды, топтағы оқушыларды тыңдауды, оларға көмектесуді, басқа
топтың жұмысын бағалауды үйрендім. Жай бөлшекті ондық бөлшекке
айналдыруды,ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуді
үйрендім. В деңгейлі
оқушы: Мен топпен бірігіп есер
шығаруды үйрендім. Есепті жеке шығарғаннан топпен бірігіп шығарған
жеңіл екен. С деңгейлі
оқушы: Мен ондық бөлшекті бөлуі
үйрендім.
3. Нені жақсырақ істей алар
едің? А деңгейлі
оқушы: Мен өткен сабақта есепті қате
шығарған едім, енді келесі сабақтарда қате жібермеуге тырысамын.
Оқулықтан өткен сабақтарды қайталаймын.
В деңгейлі
оқушы: Мен дұрыстап дайындалғанда,
қиналмас едім. Ілгенімді қол көтеріп айтып, тақтаға шығып көбірек
жұыс жасауым керек еді. С деңгейлі
оқушы: Екінші сабақта өзімтүсініп
отырған есепті тақтаға шығарғым келген, бірақ басқа есепке шықтым.
Егер түсінгенде есепті дұрыс шығарар едім.
4. Оқытудың қай бөлігі сіз
үшін барынша тиімді болды? А деңгейлі
оқушы: Маған екінші өткен сабақ
тиімді болды. Өйткені сол топта сабаққа белсенді қатыстым. Уақыттың
қалай өткенін білмей қалдым. Топқа бөлген тиімді
болды. В деңгейлі
оқушы: Маған өткізілген үш сабақта
ұнады. Бірінші күні отырған тобым жақсы жұмыс жасады. Екінші күні
ойын ақылы топқа бөліндік. Үшінші күні тақтаға 4топ қатар тұрып
есеп шыкардық, бір-біріміздің шығарған есептерімізді
тексердік. С деңгейлі
оқушы: Маған топтағы оқушылардан
түсінбегенімді сұрағаным тиімді болды, егер есепті жеке шығарсам
түсініп шығара алмаған болар едім.
8 «Г» сыныбының А деңгейлі,
В деңгейлі, С деңгейлі оқушыларынан
алынған сұхбат
1. Қазақ әдебиеті мен
биология пәнінен өткізілген сабақтар саған несімен
ұнады? А деңгейлі
оқушы: Топпен жұмыс жасағанымыз,
биологияның үшінші қорытынды сабағындағы сұрақ-жауаптар және барлық
сабақта сыныптың толық сабаққа қатысып отырғаны ұнады. Қазақ
әдебиеттің бірінші сабағында өз тобымды бағалағаным
ұнады. В деңгейлі
оқушы: Қазақ әдебиетінің екінші
сабағындағы қорғаған постер, биология сабағындағы топпен шешкен
тапсырмалар өте қызықты болды. Басқа күндері өткізлетін сабақтардан
ерекшелігімен ұнады. С деңгейлі
оқушы: Топпен жұмыс жасап,
бір-бірімізге сұрақ қойғанымыз маған қатты ұнады. Маған қазақ
әдебиетіде постер жазғанда Көкшетаудың табиғатын суреттеген
ұнады.
2. Егер осы сабақтарды тағы
да қайталап өтсе не істер едің?
А деңгейлі
оқушы: Тобымдағы оқушыларға дұрыстап
көмектесіп, топтың ынтымақтастығындағы азды-көпті кемшіліктерді
болдырмас едім. В деңгейлі
оқушы: Жауап берілмей қалған
сұрақтарға жауап беріп,бұдан да қызықты ептіп өткізер
едік.. С деңгейлі
оқушы: Егер осы сабақ қайта өтсе
білетінімді айтып тақтаға көбірек шығар
едім.
3.Қай сабақта өзіңді жақсы
сезіндің? А деңгейлі
оқушы: Мен қазақ әдебиеті сабағына
қарағанда биология сабақтарында өзімді жақсы сезіндім. Әдебиет
сабағында дұрыс дайындалмадым ба, ойымды толық жеткізе
алмадым. В деңгейлі
оқушы: Мен өзімді барлық сабақта
жақсы сезіндім. Биология пәнінің бірінші сабағында өз тобымды
бағалап, тобымның көшбасшы болдым. С деңгейлі
оқушы: Қазақ әдебиетінің екінші
сабағында постер қорғағанда мен ашылып өз ойымды айттым, биодлогия
сабағының екіңнші сабағында тест сұрақтарына дұрыс жауап бере
алмадым.
4.Осы сабақтардан не
үйрендің? А деңгейлі
оқушы: Топпен тақырыпты талқылауды,
топты бағалауды, топта бір-бірімізді тыңдауды
үйрендім В деңгейлі
оқушы: Көшбасшы болуды, тобымдағы
оқушыларға көмектесуді, әділ бағалауды, топқа бөлінуді, бірігіп
жұмыс жасауды үйрендім. С деңгейлі
оқушы: Топпен жұмыс істеуді, топқа
бөлу арқылы тақырыпты тез түсінуге болатынын, ашылып сөйлеуді,
постер қорғауды үйрендім. Маған топпен жұмыс жасаған
ұнайды.