Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Антоним дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазақ тілінен бастауыш 2- сынып мұғалімдеріне керек Қазақ тілінен "Антоним дегеніміз не?" тақырыбы бойынша оқу түрлерін пайдаланып тыңдаған материалдан түсінбеген сөздерін белгілейді, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді . Антоним сөздерді дұрыс қолданады және мағынасын түсініп, сөйлеу барысында қолдана алады.Бас әріп пен кіші әріптің биіктігін , мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуға қалыптастырады. Оқу түрлерін, топпен, жұппен, жеке жұмыстарды орындату арқылы өзіне сенімділікке , өзара көмек көрсетуге, адамгершілікке, тәрбиелеп , ойын, тілін, сөздік қорын байытуға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Мектеп: 33 Соғанды негізгі мектебі

Күні: 2019жыл 66 -сабақ

Аты-жөні : Абдурахманова Әлия Шынасиловна

Бітірген оқу орны: Абай атындағы Қаз ПИ , 1983 жыл

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі : 35 жыл

Мекен-жайы: Жамбыл облысы,

Қордай ауданы , Соғанды ауылы

Сынып: 2

5-Бөлім: «Дені саудың- жаны сау»

Сабақтың тақырыбы:

Антоним дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

2.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолданып, тақырыпқа назарын аударады

Күтілетін нәтиже:

2.1.1.1.-тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

2.2.2.1. Антоним сөздерді дұрыс қолданады және мағынасын түсініп, сөйлеу барысында қолдана алады.

2.3.6.1.Бас әріп пен кіші әріптің биіктігін , мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады

Құндылықтарды дарыту:

ынтымақтастық, құрмет

Тілдік мақсаттар:

2.4.2.2.- көптік жалғауларын дұрыс қолданады

Пәнаралық байланыс:

еңбекке баулу, дене шынықтыру, өзін-өзі тану

АКТ қолдану деректері

интербелсенді тақта, оқулық, стикер

Тәрбиелік мәні:

Рухани- адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Бастапқы білім

Сөз және оның мағынасы

Уақыт



Сабақтың басы

    1. мин

1.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу

2.Шаттық шеңбері: «Мадақтау» Оқушылар бір-біріне мадақтау айтады:

Бүгін өте құлпырып кетіпсің!

Сен өте әдепті жансың!

Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!

...

3. Үй тапсырмасы:

1. 6-жаттығу бір-бірінің орындаған жұмыстарын тексереді, бағалайды

Сөз нені білдіреді?

Бағалау «Бағдаршам» әдісі



Сабақтың ортасы

30 мин

7-жаттығу Оқылым

1. «Тапсам деймін уақыт»- өлеңді мәнерлеп оқиды

2.Өлең не туралы екенін айтады.

Топпен жұмыс Айтылым

3.Өлеңнің алғашқы шумағын топта қимылмен көрсетеді

4.Өлеңдегі оң, сол сөздерін айтылуы мен білдіретін мағынасы бойынша салыстырады. Бұл сөздердің мағынасы бір-біріне жақын ба, әлде қарама-қарсы ма?

5.Өлең неліктен «Тапсам деймін уақыт» деп аталған деп ойлайсың?

Бағалау: «Жұлдызша» арқылы

Жазылым

ЖК: Мақал-мәтелдерді көшіріп жазады

8-Жаттығу Көркем жазу

1. Көп біл, аз сөйле.

2. Ашу- дұшпан,

Ақыл-дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Дескриптор:

Мақалды көшіріп жазады.

Мақалдардан мағынасы қарама-қарсы сөзді табады, бір-біріне мағынасын түсіндіреді.

Бағалау: ЖК бойынша

Ақпаратпен таныс!

Тілімізде мағынасы қарама- қарсы сөздер кездеседі: ақ- қара, арзан- қымбат.

Мұндай сөздерді антоним сөздер дейді

Жұппен жұмыс

9- жаттығу Ойлан, сәйкесін тап!

Антоним сөздерді бір-бірімен сәйкестендіреді.

аShape1 щы

қалың

ұзын

бүгін

терең

кеше

қысқа

тұщы

таяз

жұқа

Бағалау: «Бас бармақ» (жұптар бірін-бірі бағалайды)

10- жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

өлеңнен антоним сөздерді табады.


Күндіз де көреді,

Түнде де көреді.

Жәнібек киноға

Жанын да береді.

Ал енді қараңыз:

Азыпты балаң жүз,

Әйнексіз көрмейді

Әлжуаз баламыз.

Тыңдалым

«Теледидардың балаға пайдасы мен зияны » видиосын көреді

«Ой қорыту» \ оқушылар сұрақтар бойынша өз ойларын айтады\

  1. Қалай ойлайсың, баланың көзі неліктен нашар көретін болды?

  2. Теледидардан күндіз-түні кино көре беру дұрыс па?


«Мәреге кім бұрын жетеді?»

Шығармашылық жұмыс

Әр сөздің қасына мағынасы қарама-қарсы сөзді тауып жазады

Өзара тексереді



оқулық

















оқулық, дәптер

























оқулық





















"http://www.youtube.com/". HYPERLINK сайтынан «теледидардың балаға пайдасы мен зияны » видиосы





дәптер

Сабақтың соңы

3- 5 мин

«Сұрақты ұстап ал !»

Ойын: Оқушы парталас досына бір сөз айтады , ал досы оған қарама-қарсы сөзді тауып айтады

Антоним дегеніміз не?

Үйге: Антоним 11-жаттығу

Бос торкөздерге мағынасы қарама- қарсы сөзді тауып жазады

Кері байланыс:Оқушыға мұғалім тарапынан

Рефлексия: «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасын орындау

оқулық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12