400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә.Нүрпейісов өмір жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә. Нүрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хромтау ауданы, Қызылсу орта мектебі

Утеуова Аклен Шахматовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ әдебиеті 11 сынып


Сабақтың тақырыбы: Ә.Нұрпейісовтың өмірі, шығармашылығы


Оқу мақсаты:Жазушының  өмірі мен шығармашылығымен танысу, шығармаларының көркемдік ерекшелігін ұғыну.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын материалдар: Ә.Нұрпейісов туралы интернет желісінен алынған мәліметтер, ватман, түрлі-түсті қалпақтар

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жұптық жұмыс, АКТ, «Жолаушының қойын дәптері» әдістемесі, «Екі шындық, бір жалған» кеспе қағаздарымен жұмыс, Ақылдың алты қалпағы, Инсерт

Сабақтың кезеңдері:

  1. «Жолаушының қойын дәптері» Үйге берілген Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын қысқаша айтып кету

  2. «Екі шындық, бір жалған» үй тапсырмасын пысықтау мақсатында кеспе қағаздармен жұмыс

Жаңа сабақ: Әбдіжәміл Нұрпейісов, өмірі мен шығармашылығы

  1. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Инсерт әдісі арқылы жазушы жөнінде қандай мәлімет білетіндігін тексеріп аламын.

  2. Мағынаны тану мақсатында «Білгім келеді?» бағаны бойынша Оқушыларға Ә.Нұрпейісов туралы қысқаша мәлімет келтіру.

  3. Ә.Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданы,Құланды ауылына қарасты Үшкөң деген жерде дүниеге келген.1942 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ә. Нұрпейісов әдебиетке 40 – жылдардың екінші жартысында араласа бастады. 1956 жылыМ. Горький атындағы әдебиет (Москва) институтын бітірді. 1962-64 жылдары “Жұлдыз ” журналының бас редакторы болды. 1992 жылдан халықаралық Қазақ ПЕН клубының Президенті,2000 жылдан “Таң шолпан” журналы редакторлар кеңесінің төрағасы.

  4. Шығармалары: “Курляндия” (1950 ж), “Күткен күн” 1958 ж), “Сең” (1983 ж), “Соңғы парыз” (1999 ), “Қан мен тер” трилогиясы(1 – кітабы “Ымырт”,1961; 2 - кітабы “Сергелдең”, 1964; 3 – кітабы “Күйреу”, 1970)

  5. Аудармалары: 1.А.П. Чеховтың “Алтыншы палатасы”,”Ит жетектеген әйел”, “Бақытсыздық”.,М. Горькийдің әңімелер жинағы., Испан драматургі , А. Кэсонның “Ағаштар тұрып өледі”,.Назым Хикметтің “Соқыр патша”. Толғау” әдеби – сын мақалалар, эсселер жинағы.

1972 жылы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді, кейін толықтырылып “Жүрегі толы жыр еді” деген атпен басылды.”Көгілдір көлдер өлкесі” (1979), Ақбидай туралы аңыз” (1985) очерктер жинағы шықты.”Қасиетіңді қадірле” атты кітабына соңы кезде жазған әдеби мақала, очерк, эсселері енген (1996).

Марапатталуы:КСРО Мемлекттік сыйлығы берілді(1974 ж), Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты(2003 ж), Қызыл Жұлдыз,Еңбек Қызыл Ту ,”Құрмет белгісі”

ордені, Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді(1985 ж),РСФСР ЖоғарыКеңесі Президумының Құрмет Грамотасы.

Мәтімен жұмыс жасау. Оқушыларға екі жұпқа мәтін беріледі сол бойынша талдау жұмысын жүргізе отырып, жылдар тізбегін құру.

Кері байланыс. Инсерт таблицасының үшінші бағанын үйренген мәліметтері бойынша толықтыру.

Рефлексия. Алты қалпақ. Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

Үйге тапсырма: Ә.Нұрпейісов, өмір жолы, шығармашылығын оқып келу, түсінгенін айту.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі