400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ә.Нұршайықов өмірі мен шығармашылығы 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә.Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 02.03.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Жетібаева Динара Сейітқожақызы

Сабақ тақырыбы: Ә.Нұршайықов өмірі мен шығармашылығы

Пәні: қазақ әдебиеті


Сынып: 11 «а»

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ә.Нұршайықов өмірі мен шығармашылығы туралы

Оқу мақсаттары:





Барлық оқушылар:

Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру «Ақиқат пен аңыз» романының мазмұнын, ерекше жазу стилін, кейіпкерлер әлемін танытып, білімдерін кеңейту;

Оқушылардың басым бөлігі: Кейіпкерге қатысты өз көзқарастарын дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмалар орындатып, оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: оқиды, талдайды

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Менің ойымша, менің пікірімше.....

Талқылауға арналған тармақтар:227-230-беттерді оқу

Жазылым бойынша ұсыныстар: Хронологиялық кесте

Алдыңғы оқу

Ш.Бөкеев өмірі мен шығармашылығы

Қолданылған ресурстар

АКТ

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

Басталуы





Ортасы










Амандасу.

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, зейіндерін сабаққа аударту.

«Жылдар жырлайды» әдісін қолдана отырып, үй тапсырмасын сұраймын .

1922 жыл - ШҚО, Жарма ауданындағы Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.

1941-1945 ж.ж – Ұлы Отан соғысына қатысты .

1956 жыл- алғашқы әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» шықты.

1964 жыл- « Махаббат жыры» повестері

1977 жыл- «Автопортрет» әдеби портреттер

1970 жыл- « Махаббат қызық мол жылдар» романы

1976 жыл- « Ақиқат пен аңыз» роман –диалогі

1980 жыл- «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

2011 жыл- ақпан айында дүниеден өтті.

1.тапсырма. Билимлендтан Ә.Нұршайықов туралы тыңдату.

Критерий бойынша талдату.

  1. Өмір жолы

  2. Шығармалары.

«Ақиқат пен аңыз» роман-диалогын тыңдату.

Талдау.

Әзілхан Нұршайықовтың қай туындысын алып қарасақта терең ойлы, мән-мағыналы, тәрбиелік мәні зор туындылар. Біз бүгін жазушының "Ақиқат пен аңыз" романына тоқталамыз. Ақиқат пен аңыз - Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.

Қысқаша мазмұны

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.

Шығарманың басты кейіпкері

Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Міне, өмірге осындай тамаша туынды әкелген Әзілхан Нұршайықов әлем әдебиетіндегі алып тұлға. Оқырман қауым ардақтап, қадір тұтатын, көпшілікті өзіне үйіре алатын, көпке үлгі бола білетін жазушы қазақ халқы үшін қашан да биікте.




















Сабақтың аяқталуы

1.Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде?

2.Ә. Нұршайықовтың соғыс тақырыбындағы шығармасының шынайылығы?

3.Б. Момышұлының өмірде қатаң, сұсты болғаны белгілі. Сөйте тұра

4.Ә. Нұршайықовтың сол кісіден барып сұхбат алуы қандай адам екенін көрсетеді?


IV.Үйге тапсырма беру.

1. Бауыржанның қанатты сөздерін тауып, мән-мағынасын ашып, өз сөзімен жеткізу.

2. Роман- диалогты оқып, батыр бабамыз жайлы қызық дерек табу.

V.Оқушыларды бағалау









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі