Анықтама қазақ тілі мен әдебиет пәні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анықтама қазақ тілі мен әдебиет пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Анықтамы қазақ тілі мен әдебие пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12-19 қараша аралығында өткен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты апталықтың өтілуі жайлы анықтама. Апталықтың мақсаты: Мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнін жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының әдіс –тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқыту. Апталықтың іс-шара жоспары алдын-ала жоспарланып бекітілді. Апталық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар , сыныптан тыс іс-шара және соңғы күнінде қорытынды кеш өткізілді. Дүйсенбі күнгі лездемеде апталықтың ашылу салтанаты болды. Лездеме Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, бірлестік жетекшісі Ә. Жексенбаеваның «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып 8-сынып оқушыларының тіл жайындағы әдеби мантажы жалғастырды. Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды жаңартылған білім мазмұнының аясында жұптық, топтық жұмыстары тиімді қолдан білді. Сабақтарда әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі К. Сағымбеков 7-сыныбында «Ұлы адамдар достығы» тақырыбындағы ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары екенін көрсетті. Сабақта тапсырмаларға байланысты әртүрлі әдіс –тәсілдерді қолдана отырып , білім алушылардың жаңартылған білім мазмұнын жақсы меңгеріп, төселгендерін көрсете білді. Сабақ жақсы деп бағаланды.

А. Тобажанова 5 «ә» сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы «Жалқау жануарлар» Сабақта түрлі көрнекіліктер пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Сабақта жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдаланды. «Өрмекші торы» әдісін жақсы ұйымдастырды. Білім алушылар осы ойынға белсенді қатысты. Жаңартылған білім мазмұнының әдіс-тәсілдеріне деген білім алушылардың қызығушылығы аса жоғары. Сабақ барысындағы берілген жұптық, топтық тапсырмаларды белсене орындап, пәнге деген қызығушылықтарын көрсетіп отырды. Сабақты өз деңгейінде жақсы өткізді. Сабақ жақсы деп бағаланды. Е.Рахымов 5 «а»сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы жоспарланған. Білім алушылардың белсенділігімен ынтасы жақсы. Сабақта мұғалім бейнепроектр, үлестірмелі материалдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ-жауап, топтастыру, жаңа әдіс-тәсілдер қолданды. Мұғалім жаңа сабақты білім алушылар қаншалықты меңгергендігі жөнінде кері байланыс жасады. Сабақ соңында мұғалімге біршама ұсыныстар айтылды.Себебі 5-сынып білім алушылары жаңартылған білім мазмұнын жаңа бастап жатқандықтан , тапсырмалар орындау барысында уақыттарын тиімді пайдалана алмады. Жалпы сабақ өз деңгейінде жақсы өтілді. Жақсы деп бағаланды. В.Сапақова 4-сыныпта «Сөйлемнің біріңғай мүшелерінің тыныс белгілері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ білім алушылардың өз деңгейлеріне қарай жақсы жоспарланған.Сабақта білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында тақырыпқа сәйкес түрлі тапсырмалар берілді. Білім алушылар берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады. Сыныпта үлгерімі төмен білім алушы жоқ. Барлығының оқуға деген белсенділігі жақсы. Пәнге деген қызығушылықтары аса жоғары. Кітаппен, дәптермен жұмыстар жүргізілді. Мұғалім уақытты тиімді пайдаланды. Сабақ өз деңгейінде өтіліп, жақсы деп бағаланды. Бастауыш сынып болғандықтан, бастауыш пән мұғалімдері пән иесіне өздерінің методикалық әдіс-тәсілдерін ,ойларын білдірді. Ә. Жексенбаева 8-сыныпта «Жаңа мамандық түрлері » тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім жаңартылған білім мазмұнының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды. Сонымен бірге сабақта сұрақ –жауап , топтастыру , жаңа әдіс-тәсілдер қолданды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Сабақ соңында білім алушылардың қаншалықты жаңа сабақты меңгергендігін білу мақсатында кері байланыс жүргізілді. Сабақ өз дәрежесінде өтілді. Жақсы деп бағаланды. Апта соңында қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен екі бөлімнен тұратын қорытынды кеш өткізілді. I бөлім : «Тілім барда тірімін мен мәңгімін » тақырыбында 8-сынып білім алушылар ашық тәрбие сағатын өткізсе , II бөлім : «Құлмамбеттің құлыны» Оразалы Досбосыновты еске алу кеші 4-11 сынып оқушыларының қатысуымен әдеби-танымдық қорытынды кеш өткізілді. Кеш өте әсерлі болды. Бірінші бөлімінде 8-сынып оқушылары тіл жайында ойланарлық көріністер көрсетіп , кешке қатысқан білім алушыларға ой сала білді. Сонымен бірге қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін , өнерді кеңінен паш етіп, көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Айта кетсек білім алушылар қазақтың салт- дәстүрінен көріністер көрсетіп, мың бұрала билер биледі. II бөлімінде Оразалы Досбосыновтың айтыстарынан 9-сынып білім алушылары үзінділер келтірді. 4-6 сынып білім алушылары айтыскер ақынның өз өлеңдерін оқыса, 7-10 сынып оқушлары арнауларынан үзінділер оқыды. 6-сынып оқушысы Қанапия Арсылан , 8-сынып оқушысы Қали Әлия, 6-сынып оқушысы Савледжан Мағжандар өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Кеш барысында білім алушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін танытқан 3-сынып білім алушылары Дүйсембай Аяжан,

Жеңіс Кәусар , 8-сынып білім алушысы Мырзабай Дидар, 7-сынып білім алушысы Нұржұма Мадияр, 10-сынып білім алушысы Жұмабай Еламандар ән мен жырдан шашу шашты. Үш сағатқа созылған қорытынды кештен білім алушыларның жүректерінен жол таба отырып пәнге, өнерге, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Кеш соңында ауылдық жастар ұйымының жетекшісі Жарылқасын Мейіржанға сөз беріліп , өз ойын және жүрек жарды тілегін білім алушыларға арнап өз ризашылығын білдірді. Даналық дария бірлестігінің мүшелері апталықтың қорытындысын шығарып, апталық барсында белсенді болған білім алушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.



























































5-сыныпта өткен пән иесі Жексенбаева Әлияның «Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер» атты ашық сабағында Кембридж әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, «жақсы» деп бағаланды. Өткізілген ашық сабақтарда пән иелерінің білімінің жоғары әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білетіндіктері көрініп тұрды.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды жүйелі жүріп отыратындығы өз нәтижесін көрсетті.

Олар Сағымбеков Кемелбай , Рахымов Ернат «Абай оқулары» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаттарын «өте жақсы» өткізді. Жоспар бойынша 7-10 сынып оқушылары 5 номинатция бойынша қатыстып,өз білімдерін көрсетіп, нәтижесінде мақтау қағаздарымен марапатталды.

10-сынып оқушысы Әлі Жансая бас жүлдені иеленіп ауданда өтетін «Абай оқуларына» жіберілді. Нәтижесінде ауданда өткен шарадан бас жүлдені жеңіп алып , облысқа жолдама алды. Пән иесі Рахымов Ернат.

5-сыныпта «Мәңгілік Ел » тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізіліп, оқушыларға жан-жақты түсінік беріліп «жақсы» деп бағаланды. Пән иесі Жексенбаева Әлия. Апталықтың қорытынды кеші «Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл» тақырыбында өткізілді.Қорытынды кешке 5-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар алдын ала берілген шарттарға өте жақсы дайындықпен келгендерін көрсетіп, тілге деген жанашырлықтарын танытты. Кеш соңында үздік шыққан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.







Бірлестік жетекшісі Ә.Жексенбаева































апталығы туралы қорытынды есебі.

Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен сәуір айының 17 сі мен 22сәуір аралығында «Бір тіл,бір халық,бір ел» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты: Мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнін жаңа стратегиялар арқылы оқыту . Апталықтың іс-шара жоспары алдын-ала жоспарланып бекітілді. Апталық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар , сабақтан тыс іс-шара және соңғы күнінде қорытынды кеш өткізілді. Апталықтың барысында өткізілген ашық сабақтарда Кембридж әдіс –тәсілдері «Блум»таксономиясы бойынша «Сағат», «Сэндвич» әдістері критериалды оқыту және бағалау, топтық жұмыстарын жүргізілді. Сабақтарда әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Атап айтсақ, 8-сыныптағы Сағымбеков Кемелбайдың «Төл сөзді төлеу сөзіне айналдыру жолдары» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өтілді. Кембридж тәсілдері бойынша оқушыларды топқа бөліп, әртүрлі шығармашылық тапсырмалыр берді. Мысалы, «Балалар философиясы», «Жұптық әңгіме», «Өкіл» стратегияларын пайдаланып, « өте жақсы» деп бағаланып , баспа беттеріне беруге ұсыныс айтылды.

9-сыныпты өткен пән иесі Тобажанова Айгулдің Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы атты ашық сабағында интер белсенді тақта арқылы «Абай жолынан » үзінділер бойынша әртүрлі әдіс –тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларға қайталау тапсырмалырын беріп,оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулып, «өте жақсы» деп бағаланып, сабаққа қатысқан мұғалімдер баспа беттеріне таратуға болады деген пікір айтты.

10-сыныпта өткен пән иесі Рахымов Ернаттың Нарманбет Орманбетұлы «Ғылым туралы», «Жабыдан тұлпар шабады да» атты өлеңдерінен өткен ашық сабағында Кембридж тәсілдерін «Блум» таксономиясын тиімді пайдалана отырып, ашық сабағын жақсы өтіп «жақсы» деп бағаланды.

5-сыныпта өткен пән иесі Жексенбаева Әлияның «Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер» атты ашық сабағында Кембридж әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, «жақсы» деп бағаланды. Өткізілген ашық сабақтарда пән иелерінің білімінің жоғары әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білетіндіктері көрініп тұрды.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды жүйелі жүріп отыратындығы өз нәтижесін көрсетті.

Олар Сағымбеков Кемелбай , Рахымов Ернат «Абай оқулары» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаттарын «өте жақсы» өткізді. Жоспар бойынша 7-10 сынып оқушылары 5 номинатция бойынша қатыстып,өз білімдерін көрсетіп, нәтижесінде мақтау қағаздарымен марапатталды.

10-сынып оқушысы Әлі Жансая бас жүлдені иеленіп ауданда өтетін «Абай оқуларына» жіберілді. Нәтижесінде ауданда өткен шарадан бас жүлдені жеңіп алып , облысқа жолдама алды. Пән иесі Рахымов Ернат.

5-сыныпта «Мәңгілік Ел » тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізіліп, оқушыларға жан-жақты түсінік беріліп «жақсы» деп бағаланды. Пән иесі Жексенбаева Әлия. Апталықтың қорытынды кеші «Мәңгілік Ел- мәртебелі тіл» тақырыбында өткізілді.Қорытынды кешке 5-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар алдын ала берілген шарттарға өте жақсы дайындықпен келгендерін көрсетіп, тілге деген жанашырлықтарын танытты. Кеш соңында үздік шыққан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.







Бірлестік жетекшісі Ә.Жексенбаева







«Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке

дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік

мекемесіндегі 2016-2017 оқу жылындағы қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің оқытылуы жайлы



Анықтама

Мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнін 5-11 сыныптар аралығында







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2019
10822
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі