Тақырып бойынша 22 материал табылды

АНЫҚТАМА ҮЛГІСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

АНЫҚТАМА ҮЛГІСІ


Бақылау түрі: Салыстырмалы

Бақыланысаны: Барлық топ Бақылау күні: 06.10-10.10.14ж  


Мақсаты: баланың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдау жұмыстарының жүргізілуін бақылау; денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау.  Балабақшаның жылдық жоспарына және қазан айында шығарылған

561бұйрығына сәйкес күн тәртібі бойынша шынықтыру шараларының жұмыстары тексерілді.
Тексеру жұмыстарының бағыттары: : 1.Топтарда таңертеңгілік жаттығулардың орындалуы 2.Шынықтыру шараларына қажетті құрал –жабдықтар 3.Күннің II жартысындағы шынықтыру шараларының ұйымдастырылуы

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында балабақшада барлық жағдайлар жасалған: таза, жарық, кең топ бөлмелері және ұйықтайтын бөлмелер қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.Балабақшада 10 топ жұмыс жасайды:
оның ішінде:
І-сәбилертобы-1 
ІІ-сәбилертобы-1
ересектер  тобы -  3

ортаңғы тобы -5

Тексеру барысытәрбиешіліердің таңертеңгілік жаттығуларын өткізуінен басталды. №1«Көбелек» ортаңғы тобында тәрбиешілеріБайымбетова Айнұр, Маткеримова Нұрбала таңертеңгілік жаттығуды музыкамен бастады. Жаттығу жүмыстары балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылмаған. Маткерімов. Н шынықтыру шараларының жүйесін құра білмейді. Жаттығу уақытын үнемдемеді. №2«Бәйтерек» тобында тәрбиеші Қонақбаева А таңертеңгілік жаттығуды технологиялық құралды,құрал –жабдықтарды қолданбады. Балалар қызығушылық танытпады. №5« Сылдырмақ» тобының тәрбиешілері таңертеңгілік жаттығуды ережеге сай орындады. №1, №3, топтарынды да жаттығу жұмыстары ережеге сай жүргізілді. Шынықтыру шараларының қажетті құралдарын тексеру жүмыстары төмендегідей болды. Ауыз қуысын шаюға арналған









йодты, тұзды содалар ас бөлмесінде сақталған. Сода,йод гигиеналық талапқа сай емес.Салынған ыдыстары кір. Шынықтыру шараларына арналған бокалдары бала санына жеткілікті. Жаттығуға қажетті сиқырлы іздері, қабырғалы жолдары, май табандылықтың алдын-алу жаттығуларына арналған массажды кілемше құралдарымен толық жабықталған. Ұйқыдан ояну жаттығуын балалар көңілсіз орындады. Балалармен қарым - қатынас болған жоқ. №2 «Бәйтерек» тобының тәрбиешілері Қонақбаева Айнұр, Орал Қарлығаш шынықтыру шараларын таңертеңгі жаттығуларын музыкасыз орындады. Балалар кешігіп келгендіктен жаттығуға қатыса алмады. Шынықтыру шараларына арналған құрал- жабдықтарын тексеру барысында бокалдары жеткілікті болғанымен гииеналық талаптар сақталмаған. Бокалдардың беті дәкемен жабылмаған. Сиқырлы нүктелері, сиқырлы іздер және массажды кілемшелері санитарлық талапқа сай жасалмаған. Шынықтыру шараларын уақытымен орындамады.

2. Балалардың қимыл қозғалыс белсенділігін дамытуға байланысты топтарда ашық ұйымдастырылған шаралар, ойын сауықтар тексерілді. Атап айтқанда,№3 «Балбөбек» тобында, тәрбиешілер Несіпбаева Қарлығаш, Керімбаева Дана шынықтыру шараларын жаңашылдық болған жоқ.Топтық жұмыстар жүргізілмеді. №4 «Алтын сақа» тобында тәрбиешілер Бердалиева Раушан, Мүсірепбекова Анар "Күн сәулесі" тақырыбында өтілген мерекелік шарасында уақытты үнемді пайдаланбады, балалардың жинақтылығы, қызығушылығы төмендігі анықталды. №9 «Қуырмаш» ортаңғы топ тәрбиешілері "Менің жаттығуым" тақырыбында мерекелік шаралар ұйымдастырып, көрнекті-құралдарды молынан пайдаланды.

Ата-анамен педагогтар арасындағы бірлескен жұмыстар үлкен жауапкершілікті талап ететіндіктен №5 «Сылдырмақ» тобының тәрбиешілері Молжігітова Мадина, Амиркулова Ақерке шынықтыру шараларына байланысты ата- аналармен " Баланың денесін таза ауада шынықтыру"тақырыбына кеңес өткізді. Тақырыпқа байланысты материалдар жинақталған.

Күн тәртібіне сай шынықтыру шаралары ұйқыдан ояну сәтінде талапқа сай орындалды. Ұйқыдан ояну жаттығулары кезінде №6 «Ақжелкен» тобының тәрбиешілері Патикулова А, Төлеуова А. балаларды ұйымдастыра алмады.

Шынықтыру шараларын тексеру кезінде №7 «Қонжық» құрал-жабдықтардың жеткіліксіз екені анықталды. Ойын бөлмесіне ұйымдастырылатын ойын түрлері баланың жас ерекшелігіне сай болмады. Тәрбиешілер Кемеңгерова Ақбота, Қопабаева Аружан.

Гигиеналық талаптардың орындалуын тексеру барысында анықталғаны , №8 «Күншуақ» тобында тәрбиешісі Асқарова Арайлым шынықтыру шараларын уақытылы орындамады. Сиқырлы нүктелер,сиқырлы іздер және ауыз, мұрынтамақ шаю үшін ерітінді дайындауға арналған иод,тұз,сода жеткілікті. Ал №9 «Қуырмаш» тобында шынықтыру шараларына арналған бокалдары жеткілікті, сиқырлы нүктелер,сиқырлы іздері ұқыпты,таза жиналған.Тәрбиешілері Шакирбаева Замира,Шүленбаева Айымхан.

10. №10 «Ботақан» тобында шынықтыру шараларына тәрбиешілер Сандыбаева Гүлмира, Шабанбаева шынықтыру шарасы кезінде әдіс –тәсілдерді пайдаланып, топтық жұмыс жүргізді.



Қорытынды: Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін балабақшада арнайы жағдай жасалған. Шынықтыру, сауықтыру шаралары баланың белсенділігін арттырады. Тәрбиеші шынықтыру жаттығуларын медбикемен бірлесіп жасайды.


Ұсыныс:

"Денсаулық" білім беру саласы бойынша барлық тәрбиешілер шынықтыру жұмыстарының талаптарын ұйымдастыруда мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын басшылыққа алу.

2 «Бәйтерек» тобында (тәрбиешілер Қонақбаева Айнұр мен Орал Қарлығаш) гииеналық талаптар сақталуы.

Мерзімі: 13.10-16.10.2015ж

Жауапты: Әдіскер

2.Тәрбиешілерге тақырыбында әдістемелік көмек көрсету

Мерзімі:13.10-16.10.2015ж

Жауапты: Әдіскер

6 "Ақжелкен"топтарда ойын түрлері баланың жас ерекшелігіне сай толықтыру.( тәрбиешілер Кемеңгерова Ақбота, Қопабаева Аружан)

Мерзімі: 13.10-16.10.2015ж

Жауапты: Әдіскер

Меңгеруші:

Әдіскер:

Танысты:




























БАЛАБАҚШАДА БАРЛЫҚ ТОПТАРДА КҮН ТӘРТІБІНЕ САЙ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІ

Мақсаты: Балабақшада баланың денсаулығын қорғау, нығайту барысында балалардың жеке гигиеналық дағдыларды меңгеруін тексеру мақсатымен балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес 2015 жылдың 4-5 қараша айында тексерілу жұмыстарынан жіберілген кемшіліктерге түзету жұмыстары жүргізілді.

Денсаулықты жақсарту мақсатында тексеру жұмыстары нәтижесі төмендегідей көрсеткіш берді.

2 «Бәйтерек» тобы тәрбиешілер Қонақбаева Айнұр, Орал

Қарлығаш. Шынықтыру шараларына арналған бокалдары жеткілікті. Сиқырлы нүктелері.сиқырлы іздер және массажды кілемшелері бар. Шынықтыру шаралары уақытымен орындалған.

3 «Балбөбек» тобында тәрбиешілер Несіпбаева Қарлығаш, Керімбаева Дана. Топта шынықтыру шараларына арналған бокалдары түгелденген.Ерітінді дайындау үшін иод, сода, тұз жеткілікті. Сиқырлы нүктелер, сиқырлы іздер, қабырғалы жолдар бар. №4 «Алтын сақа» тобында тәрбиешілер Бердалиева Раушан, Мүсірепбекова Анар топтың шынықтыру шараларына арналған бокалдары жеткілікті. Сонымен қатар сиқырлы нүктелер, аяқ, қол іздері бар. Шынықтыру шараларын уақытылы орындады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2019
14451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12