Тақырып бойынша 31 материал табылды

Апта күндері

Материал туралы қысқаша түсінік
апта күндерінің қазақша атауын дұрыс айту, есте сақтауға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: Қатынас, таным

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Апта күндері.

Мақсаты: педагогті тыңдау арқылы есте сақтау мен зейінін жетілдіру.

Білімділік міндеті: апта күндерінің қазақша атауын дұрыс айту, есте сақтауға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, сөздік

қорларын дамыту. артикуляциялық моторикасын жаттықтыру, сөйлеу кезіндегі тыныс алуды және дикцияны дамыту.

Тәрбиелік міндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: апта күндерінің қазақша айтады.

Түсінеді: қойылған сұрақты түсінеді.

Қолданады:апта күндерін ретімен қолданады, сұрақтарға жауап береді.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Апта күндері» постері, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, постер, айна, фишкалар.

Билингвалды компонент: апта күндері – дни недели, дүйсенбі – понедельник, сейсенбі – вторник, сәрсенбі – среда, бейсенбі – четверг, жұма – пятница, сенбі – суббота, жексенбі – воскресенье.


ҰОҚ барысы

      1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қолдаймыз. Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар Сәуле мен Арман келеді.

Сәлеметсіздер ме?!

Өткен «Қанша? Санау» тақырыпты қайталау. Дидактикалық ойын: «Көршісін тап?» Шарты: бірден онға дейін сандарды ретсіз қою, балалар сандарды дұрыс қойып тура және кері санайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.

      1. Негізгі кезең

Постер: «Апта күндері». Педагог балаларға постерден апта күндерін көрсетіп, бірге жаттауды ұсынады.

  • Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Балалар қайталайды, жеке және хормен.

Тақпақ «Апта күндері». Педагог оқиды.

Апта деген атайдың Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі – дүйсенбі, Екіншісі – сейсенбі, Үшіншісі – сәрсенбі, Төртіншісі бейсенбі,

Бесіншісі – жұма, Алтыншысы – сенбі, Жетіншісі жексенбі.

Педагог апта күндерін қайталауды ұсынады. Аптада неше күн?

Бүгін аптаның қай күні? Аптаның бірінші күні? Екінші күні? т.б.

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).

Ү-ү-ү-ү- дүүй-сенбі Ә-ә-ә- сәәр-сенбі

Ұ-ұ-ұ- жұұ-ма

Сергіту сәті

Таңертең тұрамын, Қолымды жуамын. Тісімді тазалап, Бетімді жуамын.

Шашымды тараймын, Киімімді киемін, Бақшама барамын.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

1. Сөйлемдерді тыңда. Балалар әр апта күнінде не істеді? Суреттен көрсет. Балалар дүйсенбіде доп ойнады.

Сейсенбі күні серуенге шықты. Сәрсенбіде сурет салды.

Бейсенбіде би билеп, ән салды. Жұмада жидек терді.

Сенбіде кино көрді.

Жексенбіде үйлерінде демалды. Балалар осылай бір аптаны өткізді.

Педагог сөйлемдерді оқиды, мазмұнын түсіндіреді.

Апта күндерін бірнеше рет қайталатып айтқызады: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3.Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Буын.

Мақсаты: сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.

Міндеттері: 1. Сөздерді буынға түрлі əдістермен бөлуді үйрету.

2. Сөздердің лексикалық мағынасына мəн бергізу арқылы логикалық ойларын дамыту.

3. Ұқыптылыққа, білімпаздыққа тəрбиелеу.

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: сөздерді буынға бөледі.

Түсінеді: сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын.

Қолданады: дауысты жəне дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: қуыршақ Айгүл, № 1 жұмыс дəптері,

суреттер.

Билингвалды компонент: буын – слог.

ҰОҚ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Балабақша – базарлы үй,

Ауылдағы ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты үй,

Өз үйіміз сияқты.

(Ə. Қонарбаев)

2. Негізгі бөлім.

Өткен тақырыптарды қайталау.

«Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.

1) Дауысты дыбыстар деген не?

2) Дауыссыз дыбыстар деген не?

Ғажайып сəт. Бүгін бізге Айгүл өзімен бірге суреттер ала келіпті. (Педагог суреттерді

тақтаға іледі: лақ, қасқыр, бағдаршам).

Суреттен не көріп тұрсыңдар? Ал енді осы сөздерді сендерден алыста тұрған сияқты

созып, айғайлап айтып көріңдер.

Балалар сөздерді айғайлап, созып айтады: лақ, қас-қыр, бағ-дар-шам.

Сөздерді қайталатқызады жəне буынға бөлдіртіп айтқызады.

Дауысты дыбыстар буын құрайды. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын

болады. Сөздерді созып, дауыстап айтқанда, сөздің қанша буыннын тұратынын білуге

болады.

Буын – сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше

дыбыстың тіркесі. Дауысты дыбыс өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыз дыбыстарды алып

та буын құрайды.

Сөзде қанша буын бар екенін білу үшін, алақандарымызбен шапалақтаймыз. Педагог

қолын шапалақтау арқылы лақ сөзін буынға бөледі , «лақ» деп бір рет шапалақтап, «лақ» сөзі

бір буыннан тұратындығын түсіндіреді.

Педагог балаларға «қасқыр «сөзін буынға бөлдіреді. «Қас-қыр» сөзін екі рет

шапалақтаап айтады.

«Қасқыр сөзі неше буыннан тұрады?

Екі буыннан тұрады.

Иə, екі буыннан тұрады екен, өйткені «қасқыр» сөзінде созылып айтылатын екі

дауысты дыбыс бар.

Педагог балаларға «бағ-дар-шам» сөзін буынға бөлдіреді. Осы сөзде үш дауысты дыбыс

бар екенін анықтатып, сондықтан бұл сөз үш буыннан тұратындығын түсіндіреді.

Буынға тəн негізгі белгілері:

1) Дауыссыз дыбыс буын болмайды.

2) Дауысты дыбыстың өзі де буын бола алады (а-та, а-па)

3) Бір буында бір ғана дауысты дыбыс болады.

4) Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Буынды қол шапалақтау арқылы көрсетуге үйрету.

Балалар, мен сендерге бір, екі, үш буынды сөздерді айтамын, сендер менімен бірге

шапалақтау арқылы буынға бөліп, қайталап отырыңдар.

Бір буынды сөздер: ақ, ат, бақ, бас, доп, тас, топ т.б.

Екі буынды сөздер: ал-ғыс, а-дал, а-дым, а-зат, ай-бын, ай-на, жа-зық, жаң-быр т.б.

Үш буынды сөздер: а-за-мат, бал-мұз-дақ, бас-пал-дақ, кө-гіл-дір, сыр-ға-нақ т.б.

Дидактикалық ойын: «Кім көп сөз біледі?»

Шарты: əр балаға түрлі түсті қаламдары немесе санамақтар, бос стақан беріледі. Сөз

айтқан бала, сөзді буынға бөліп, айтқан əр сөзіне бір қаламнан стақанға салып отыруы керек.

Бір сөз екі рет қайталауға болмайды.

Ойлаған сөздерін буынға бөлгізу.

Билингвалды компонент: буын – слог.

Дəптермен жұмыс

1. Суреттерге қара. Жануарлардың атын буынға бөл.

2. Бір буынды зат атауларын белгіле.

Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс)

4. Үзік сызықтарды бастыр.

Педагог балаларға үстелде отыру, жазу ережесін естеріне түсіреді. Үстелде дұрыс отыру

сымбатты болу үшін ғана емес, денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіреді. Жазу барысында

денені тік ұстап, дəптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен –

басбармақ, сұқ саусақ, жоғарғы тістерді төменгі тістерге тигізіп тұрып, ерінді түтікше етіп алға

созу. Осы күйде ерінді 5–10 секунд ұстап тұру керек. мен ұстайды (көрсету). Қарындаш

ортанғы саусақтың сол жағында болады. Басбармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ

үстінен сүйемелдейді. Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады (көрсетеді).

Қарындашты қолдарына алып, алдымен ауада жаздырады.

Саусақ жаттығуы

Саусақтар шықты қыдырып,

Балетке келді жүгіріп.

Залдың шамы сөнеді,

Бишілер билеп береді.

Балет қандай тамаша!

Қол соғайық таласа.

3. Рефлексия.

Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін

еңбектену керектігін айтады.

Буында неше дауысты дыбыс болады?

Оқу қызметінің қызықты өткенін жəне ұнағандығын сұрап білу.

Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сəттерің болды ма? Қай тапсырмада?

Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл жəне қызық болса, көңілді

смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар жəне қызықсыз болса, көңілсіз

смайлды бояңдар.













Білім беру саласы: Коммуникация


Бөлімі: Көркем әдебиет


Тақырыбы: Мақтақыз бен мысық


Мақсаты: Ертегіні мазмұндауда балалардың қабілеттілігін қалыптастыру. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Ауыз әдебиеті шығармалары негізінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі арқылы еңбекке баулу. Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері: Ертегі мазмұнын эмоциямен бейнелі қабылдауға, баяндауда бейнелеуіш сөздерді қолдануға, ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтауға, қисынды мазмұндауға үйрету. Ертегі мазмұнында қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін және ойлау қабілеттерін дамыту. Адал дос болуға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Мақтақыз, мысық, сиыр, тал, су, дүкенші, тауық, жұмыртқа, қыздар, тышқанның суреттері, слайд. Ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаш.


Сөздік жұмыс: қатық, ін.


Полилингвальді компонент: мысық кошка – cat; мейіз изюм – raisin; қыз девушка


girl.


ҰОҚ барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі


Шаттық шеңбері

Күн, мен сені сүйемін,


Күн, мен сенен өтінемін.

Берші бізге, алтын Күн,

Бейбітшілік, мейірімділік,

Денсаулық пен жылылық!


2. Негізгі кезең

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:


«Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған». (Мысық)


Балалар, бүгін «Мақтақыз бен мысық» ертегісімен танысамыз. Ертегі – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.


Ертегіні оқып, мазмұнын ашу.


Сөздік жұмыс:


Қатық сүтті ұйытып дайындалған тағам түрі. Ін жердің астынан қазып жасалатын баспана.

Полилингвальді компонент: мысық кошка – cat; мейіз изюм raisin; қыз – девушка – girl.


Сұрақ-жауап:

    • Ертегі қалай аталады?

  • Мақтақыз не тауып алды?

    • Мысық не істеді?

  • Мақтақыз мысықты қалай жазалады?

  • Мысық қатық іздеп нелерге кездеседі?

  • Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?


Сергіту сәті:

Біз балдырған баламыз,


Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.


  • Ертегіні қайталап, есімізге түсірейік.

Оқылған ертегі сюжеті бойынша мазмұнын шығармашылықпен әңгімелейді.

3-4 балаға айтқызып қайталату.


Дәптермен жұмыс:

  • Сурет бойынша ертегі жүйесін сақтап баянда.

  • Мысық не істеді?

  • Мақтақыз неге ашуланды деп ойлайсың?

  • Мысықтың әрекетін ретімен әңгімеле.

  • Жұбыңмен бірге кейіпкерлер диалогін ойнап көрсетіңдер.

  • Сен Мақтақыздың орнында болсаң не істер едің?


3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.


  • Ертегі сендерге ұнады ма?

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ертегіні тыңдайды, кейіпкерлерді атайды;

Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді;

Қолданады: сюжетті сурет бойынша ертегі мазмұнын шығармашылықпен құрастыра алады, жұмбақтың шешімін айта алады.






















Білім беру салалары: таным, қатынас.

Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.

Тақырыбы: Дөңгелек және сопақша.

Мақсаты: сопақша геометриялық фигура туралы ұғым қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Сопақша геометриялық фигураны тануға және атауға үйрету; дөңгелек және сопақша, сопақша және тікбұрыш арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табуға; заттардың пішіндерін анықтауға үйрету; заттарды түсі, пішіні, шамасы бойынша ажырату білігін бекіту; заттарды әртүрлі белгісі бойынша салыстыруға (заттар тобынан 2-3 белгісі бойынша затты ерекшелеу). Геометриялық фигуралардан және олардың бөліктерінен модельдеуді жаттықтыру.

  2. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

  3. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: фигуралардың атауларын атайды: дөңгелек, сопақша; геометриялық пішіндерден ою-өрнек құрастыруды;

түсінеді: дөңгелек және сопақша арасындағы айырмашылықты;

қолданады: заттар мен фигураларды үш белгісі бойынша салыстыруды: түсі, пішіні, өлшемі.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, 11, 24-кесте, қуыршақтар Әлия мен Сырым.

Сөздік жұмыс: дөңгелек, сопақша.

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ойын жағдаяты. Әлия мен Сырым анасына сыйлыққа суреттегідей моншақ құрастырғысы келді. Моншақ сатып алуға дүкенге барды, бірақ осы моншақтарға ұқсайтын геометриялық фигуралардың атауын білмейді. Балаларды көмектесуге шақырады.


    • Суреттегі моншақтар неден құрастырылған?

    • Осы пішіндердің қалай аталатынын білесіңдер ме?

Балалар суретті талқылап, таныс пішіндерді атайды. Педагог балаларға бүгін жаңа геометриялық фигурамен танысатындығын айтады.

  1. Негізгі кезең

Геометриялық фигура- сопақшамен танысу.

Тақтаға қараңдар-бұл сопақша. Бәріміз қайталаймыз – сопақша. Педагог өлең оқиды.

Мен сопақпын, мен сопақ Ұзартылған домалақ .

Соңым жоқ, басым жоқ Енді бірде жапалақ.

Мен жұмыртқамын Мен айнамын

Мен, міне, осындай пішінмін. Мен қоңыз, мен картоп Аяқпенен топ - топ - топ.

Сопақшаның қасиетін білу үшін тәжірибе жүргіземіз. Сопақшаның бұрышы жоқ (саусақпен сопақшаны жүргіз.)

Сопақша жазық, егер сопақшаны үстел үстіне немесе тақтаға беттестірсе ол көрінбейді. Қайталайық – жазық.

Сопақшаның қасиеттерін зерттеуді жалғастырайық. Педагог тақтада, балалар үстел басында жұмыс істейді (үстел үстінде әр балаға арналған геометриялық фигуралар жиынтығы жатыр).

Оны үстелге қоюға тырысайық (сопақшаны қырымен қоюға тырысамыз). Ол тұрмайды. Біздің тәжірибеміз сопақшаның қандай қасиеттерін көрсетеді?

Олар талқылайды, сопақша орнықсыз екенін қорытындылайды.

Сопақшаға мұқият қарап, айтыңызшы, сопақша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

(Шеңбер.)

Педагог тақтаға шеңберді іледі. Сопақша несімен шеңберге ұқсайды?

Олар талқылайды, сопақша мен шеңбердің бұрыштары жоқ, жазық, орнықсыз деп қорытынды жасайды.

Шеңбер мен сопақша дөңгелек пішінді.

Онда несімен олар ерекшелінеді?

Педагог шеңбер мен сопақшаны беттестіреді. Сопақша қаншалықты созылғанын қараңыздар. Сонымен сопақша қандай? Шеңбердің ұзартылған, созылыңқы түрі.

Сіздердің ойларыңызша сопақша дөңгелек сияқты домалайды ма?

Тексерейік. Сопақшаны үстелге домалатуға тырысады. Сопақшаның айналуына не кедергі? Сопақша созылған, сондықтан ол домаламайды деп тұжырымдайды.

Сопақша тағы қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Тақтаға тіктөртбұрышты іліп қояды. Атауын сұрайды. Балалар тіктөртбұрышты атайды. Олардың ұқсастығы қандай?

Пішіндерді бір-біріне беттестіруге ұсынады.

Қорытындысында, тіктөртбұрыш пен сопақша – созылған жазық фигуралар, домаламайды.

Айырмашылықтары неде? Фигуралардың жиегін саусақпен жүргізеді.

Олар талқылайды, қорытындылайды, тіктөртбұрыштың бұрыштары бар, бірақ сопақшада бұрыштары болмайды.

Топпен жұмыс

Педагог балаларға фигуралар жиынтығын – шеңберлерді, сопақшаларды, шаршыларды, тіктөртбұрыштарды таратады және өздерінің «моншақтарын» немесе өрнектерін жасауды ұсынады. Содан кейін, педагог өлшемі жақын шеңбер мен шаршыны, сопақша мен тіктөртбұрышты салыстыруды ұсынады. Балалар топпен жұмыс жасайды, фигуралардан өрнектер жасайды.

Дәптермен жұмыс

  1. тапсырманы орындайды. Пішіндердің үстінен саусағымен жүргізеді. Ұқсастығын және айырмашылығын айтады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

  2. тапсырма: практикалық жұмыс. Әр бала пішініне сәйкес үйлесімді (дөңгелек немесе сопақша) кілемшелерді таңдайды, содан кейін төмендегі геометриялық пішіндермен (үш бұрыш, шаршы және дөңгелек) безендіреді.

Сергіту сәті

«Көліктерді гаражға кіргізу» дидактикалық ойыны.

Балаларға геометриялық фигуралар таратылады. Балаларға ойын ережелері түсіндіріледі. Өздеріңді мәшинемін деп елестетіңдер, ал геометриялық пішіндер «мәшинелердің нөмірлері», «гараждар» – белгілер – геометриялық фигуралар бейнеленген орындықтар. Белгі бойынша «мәшинелер» топ бойынша жүріп өтіп, гаражға «кіреді». «Мәшинедегі» гометриялық фигура «гараждағы» фигурамен бірдей болуы тиіс. Орындықтардың орындары ауыстырылады. Ойын қайталанады.

Ойын-тапсырма «Бейнеле»

Заттарды геометриялық пішінмен қағаз бетінде бейнелеу.

Педагог заттарды атайды, балалар оларды қағазға геометриялық пішінімен бейнелеуі керек. Зейін салыңыз: тарелка, есік, шатыр, текшенің қыры, қияр.

Қандай геометриялық фигуралар шықты, атаңыз?

Балалар: шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, сопақша деп атайды.

Дәптермен жұмыс

Педагог 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Әр суретке орын тауып жапсыруларын өтінеді. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының портреті қандай пішіндегі рамаға салынғанын анықтайды. Фигуралардың атауларын хормен қайталайды: сопақша, дөңгелек. Жақтаулардың пішініне сәйкес фотосуреттер таңдайды. «Бұл әже. Оның фотосуреті тіктөртбұрышты рамада тұр».

«Не өзгерді?» дидактикалық ойыны.

Педагог балаларға фигуралардың орналасуын есте сақтауды ұсынады. Олардан көздерін жұмуды сұрап, бір фигураны алып тастайды.

Ойын екі рет қайталанады. Балалар ойынға қатысады: көздерін жұмады, көздерін ашып, қандай өзгеріс болғанын айтады.

Дәптермен жұмыс

Педагог 4-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындауға ұсынады: фигураларды көрсетілген түстерге сәйкес бояйды.

Тапсырманы тексеру үшін үстелдегі көршісіне көрсетеді.

«Домалайды домаламайды» дидактикалық ойыны

Егер аталған зат домаласа, қол шапалақтайды, егер домаламаса, аяғын топылдатады. Мысалы, қарбыз, текше, кітап, дөңгелек, қарындаш, сәбіз, банка, жапырақ, апельсин, үйшік, доп.

Балалар заттардың пішінін анықтайды, сәйкес әрекеттерді орындайды. Педагог балалардан іс-әрекеттерін сұрайды.

«Санау» дидактикалық ойыны



Барлығы қанша шаршы(сопақша, шеңбер,үшбұрыш)?

Барлығы неше кішкентай шаршы (сопақша, шеңбер)?

Барлығы қанша үлкен шаршы(сопақша, шеңбер)?

Барлығы қанша кішкентай, үлкен фигуралар бар.

Қанша қызыл (көк, сары, жасыл ...) фигуралар бар.

Қандай фигуралардың түсі көбірек (мөлшері, пішіні).

Белгілі бір бағанда немесе қатарда қанша үлкен (кіші) фигура бар?

Қай қатарда түсі (өлшемі, пішіні) бойынша пішіндері көп.

Жалпылау тапсырмасы.

Фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.

Педагог 11-беттегі №11 тапсырманы орындауға ұсынады. Балалар жұмысқа кіріспес бұрын ауада геометриялық фигуралар, сызықтар салады.

Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.

  1. Рефлексия.

Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.

Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11